Сауат ашудан сабақ жоспары: Саяхат туралы әңгіме жазу №1 (1 сынып, 5 бөлім )

Сауат ашудан сабақ жоспары: Саяхат туралы әңгіме жазу №1 (1 сынып, 5 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Саяхат»
Сабақ тақырыбы: Саяхат туралы әңгіме жазу №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасы на сілтемеу) 1.3.7.1* Мұғалімнің қолдауымен сөз/сөйлем/мәтінді тексеру және қателерін түзету
Сабақ мақсаттары: Саяхат жайлы жаңа сөздерді үйренеді. Саяхат тақырыбына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлемдер жазады, оқиды, талдайды.
Сабақ барысы: (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың көңіл күйлерін сұрау.Ұранды музыкамен қосылып айту.
/оқушылар хормен әндетіп айтады/
(Ұ) Оқушылармен диалог құру
-Балалар, біздің туған жеріміз қалай аталады?
-Қазақстан жайлы не білесіңдер?
-Ол жайлы бұдан да көп білгілерің келе ме?
-Ендеше бүгінгі сабақта біз Қазақстанды аралап, саяхат жасаймыз.
-Сабағымыздың тақырыбы: Саяхат туралы жазылым.
-Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай деп ойлайсыңдар?
/Оқушылардың жауаптарын тыңдау/
(МК) Қазақстан жайлы презентацияны тамашалау Әр сюжетте стопкадр жасап, диалог жүргізу, оқушылардан ол жайлы не білгендерін сұрау.
(Ұ)Бірлесіп жазу
Саяхат барысындағы жаңа ақпаратты 3-4 сөйлеммен тақтаға оқушылардың көмегімен жазу.Әдейі қателер жіберіп, оқушылардың қателерге назарын аударту. Оқушылар жіберілген қателерді түзете ала ма?
(ҚБ)Оқушылардың қателерді түзете алу қабілеттерін бағалаймын.
Сергіту сәті:
Тонса біздің қолымыз,
Қолғап киіп аламыз.
Сарт-сарт-сарт,
Шапалақты соғамыз.
Тонса біздің аяғымыз,
Етік киіп аламыз.
Топ-топ-топ.
Топылдатып билейміз.
Тонса біздің денеміз,
Тонды киіп аламыз.
Зу-зу-зу,
Шанамен зулаймыз
(Ж) Карточкамен жұмыс
Оқушыларға қима сөздерден тұратын сөйлемдер таратылады.Оқушылар қима сөздерді дұрыс орналастырып, дұрыс сөйлем құрастырады. Жұптар бір-бірінің құрған сөйлемдерін тексереді, 2 сөйлемді дәптерлеріне көшіреді.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Саяхат туралы әңгіме жазу №1 1 сынып сауат ашу, сауат ашудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, сауат ашу кыска мерзимди сабак жоспары, Саяхат туралы әңгіме жазу №1

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]