Сауат ашудан сабақ жоспары: Саяхатты сипаттау (1 сынып, 5 бөлім )

Сауат ашудан сабақ жоспары: Саяхатты сипаттау (1 сынып, 5 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Саяхат»
Сабақ тақырыбы: Саяхатты сипаттау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасы на сілтеме)1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну
1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Сабақ мақсаттары: 1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну
1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау .
Сабақ барысы: (Ұ)Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың көңіл күйлерін сұрау.
Қуаныш шеңбері.
Балалар бір - біріне жылулық сыйлап, шеңбер бойымен жүріп тақпақты хормен айтады.
Шашы – алтын, көзі - от,
Шыға ғой, Күн, тезірек.
Шуақ берші, жылу бер,
Маған оған, досыма,
Тағы, тағы, тағы да!
(Ұ) «Сөз маржан» ойыны
-Балалар, қима әріптерді реті бойынша дұрыс қойсақ сабақтың тақырыбын білеміз.
САЯХАТТЫ СИПАТТАУ
-Саяхат деген не?
-Саяхатқа немен шығамыз?
-Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай деп ойлайсыңдар?
/Оқушылардың жауаптарын тыңдау/
-Балалар, бүгін біз саяхатқа қалай дайындалу керек екені жайлы танысамыз. Саяхатта өзін-өзі ұстау ережелері мен қауіпсіздік ережелерін есімізге түсірейік.
/Ережелерді еске түсіру/
(Т)-Балалар, бүгін жай саяхат емес. Бүгінгі сабақта біз бір кейіпкермен орманға саяхат жасаймыз.Оның атын мына жұмбақты шешсеңдер білесіңдер.
Сап-сары, доп-домалақ, Жүгіреді домалап, Жұп-жұмсақ, тәп-тәтті, Жеген адамды таңырқатты.
/Әр топқа жұмбақ таратылады. Оқушылар топта отырып, жұмбақты оқиды, талқылайды, шешуін табады./
-Бауырсақ сөзі қай әріптен басталады?
-Б дыбысы қандай дыбыс?Неге?
- Бдыбысы дауыссыз дыбыстың қай түріне жатады?
-Қай сөздерде б дыбысы бар?
-Қандай сөздер б дыбысынан басталады?
-Бауырсақ жайлы қандай ертегі білесіңдер?
-Ендеше осы ертегіні есімізге түсірейік.
(МК)«Бауырсақ» ертегісі
Оқушылар ертегіні тыңдайды. Тыңдау барысында стопкадрлар жасалынып, оқушылар бауырсақтың іс-әрекетін сипаттайды.
(ҚБ)Оқушылардың ертегіні түсініп, кейбір жерлерін сипаттай алуын бағалаймын.
-Бауырсақ не істеді?
-Қайда қашып кетті?
-Орманда кіммен кездесті?
-Одан қалай құтылды?
-Ертегі немен аяқталды?
Сергіту сәті:
Тонса біздің қолымыз
Қолғап киіп аламыз
Сарт-сарт-сарт
Шапалақ соғамыз
Тонса біздің аяғымыз
Етік киіп аламыз
Топ-топ-топ
Топылдатып билейміз
Тонса біздің денеміз
Тонды киіп аламыз
Зу-зу-зу
Шанамен зулаймыз.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Саяхатты сипаттау 1 сынып сауат ашу, сауат ашудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, сауат ашу кыска мерзимди сабак жоспары, Саяхатты сипаттау

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]