Сауат ашудан сабақ жоспары: Жарнама плакаттары мен кітапшаларды дайындау Буын (1 сынып, 5 бөлім )
Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Саяхат»
Сабақтың тақырыбы: Жарнама плакаттары мен кітапшаларды дайындау. Буын.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) Ж 3.6 Өз көзқарасы негізінде әр түрлі жанрларда мәтін жазу
Ж 3.2 Стильдерді ажырату және белгілі бір стильмен өздігінен мәтін құрап жазу
Ж 3.3 Жоспар құру
Ж 3.8 Мәтінді түзету және редакциялау
Сабақтың мақсаттары: 1.3.6.1 Берілген сөздердің көмегімен қарапайым постерлер мен жарнамалар құрастырады.
1.3.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен стиліне сай тиісті сөздерді таңдап жазады
1.3.3.1 Мұғалім көмегімен қарапайым мәтінге жоспар құрады, оған ат қояды.
1.3.8.1 Өзінің жазған сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен жетілдіреді, үлгі бойынша түзетеді.
Сабақ барысы: (Ұ, МК) Оқушылардың назарын сабаққа аударып, ұйымдастыру кезеңін өткізу. ОМ хабарлау.
(МК,Т) Оқушыларға жергілікті жерді жарнамалау үшін
«Бірлесіп жазуды» ұйымдастыру:
1. Мұғалімнің көрсетуі: оқушыларға сөйлемді дұрыс құру үлгісін көрсету. Сөйлемнің түсінікті болуына назар аударту. Тақтаға сөйлемді жазу.
2. Мұғалім «хатшы»: оқушылардың келесі сөйлем туралы ойларын тыңдау, мағыналы сөйлем немесе сөз тіркестерін дұрыс құру дағдыларын бекіту. Оқушылар көмегімен сөз, сөйлем құрып, тақтаға жазу.
3. Қолдау көрсету арқылы жазу: мұғалім оқушылардан келесі сөйлем не туралы болатынын ойланып, өздігінен сөйлем жазуын сұрау. Ламинатталған қағазға жазған сөз, сөйлемдерін жоғары көтеріп, көрсетуді сұрау (оқушылардың өздігінен жазылым тапсырмасын орындауға қаншалықты дайын екендігін бақылау).
«Бірлесіп жазу» әдісін қолдану арқылы постер дайындату.
Бірлесіп жазуды жүзеге асыру үшін үлгі жоспар дайындау.
1-қадам. Оқушыларды бірлесе оқыту әдісі бойынша қаладағы өзенді жарнамалауды ойластыру.
2-қадам. Жарнаманың бөліктерін анықтау.
3-қадам. Мәтінге тақырып қою.
4-қадам. Жоспар құру.
• Қаладағы өзен.
• Өзеннің орналасқан жері.
• Өзенді тамашалауға шақыру.
- Әр бөлікке бөле отырып, біз не құрдық?
- Жоспар не үшін қажет?
Жоспар арқылы мәтіннің негізгі мазмұны көрсетілетінін, мәтіннің мазмұны ретімен айтылатынын түсіндіру.
Қалаға туристерді тарту мақсатында қандай ұрандар айтуға болатынын сұрау. Үлгі ретінде өзенге қатысты ұранды ұсыну: «Қаратал өзені – Жетісу өңіріндегі ең таза өзен!»
Оқушылардың айтқан ұрандарын жазып қою. Мысалы, «Талдықорғанға келсең, өкінбейсің!», «Талдықорғанның көрінісін тамашала!» Сөйтіп, соңында леп белгісі қойылатындай сөйлем үлгілерін көрсету. Сөздерді оқу барысында дыбыс, буын туралы білімдерін қалай қолдану керектігін көрсету. Әр сөзді жазбас бұрын бірнеше рет дауыстап айту. Қай сөйлем қаншалықты жағымды естілетінін сұрау. Қандай сөйлем сенім тудыра алады? Таңдауын түсіндіріп берулерін сұрау.
Содан соң деңгейлері әртүрлі оқушыларды топтарға біріктіру. Әр топқа жергілікті жердің фотосуреттерді таңдап алуға мүмкіндік беру.
Постерге адамдарды сол жерге саяхат жасауға тартатындай сөздер жазуларын қадағалау. Постерге мекен-жайды жазғызу.
Әр топқа жергілікті жерді жарнамалайтын постер дайындауын сұрау.
Оқушылармен топта кеңесе отырып плакатқа жапсыратын фотосуреттерді таңдап, әр фотоға тақырып жазуды ұсыну. Суреттерді сипаттап жазуларын ұсыну. Оқушыларға өз ұрандары мен тақырыптарын жазып дайындауы үшін таза парақтар үлестіру.
Таза бетке қалай көшіру керектігін көрсету.Оқушылардан ұрандары мен тақырыптарын сынып алдында дауыстап оқуларын, ал өзгелердің оларды жазып алып отыруын өтіну. Сөйтіп ең үздігін таңдайтындарын айту.
Оқушылардың дайындаған постерлерін іліп, «Жарнамалық постерлер галлереясын» ұйымдастыру.
Сабақтың соңында оқушылар тақырыпты қаншалықта меңгергенін бақылау мақсатында, келесі сұрақтарды ұсыну:
- Сабақта нені үйрендіңдер?
- Жоспар не үшін қажет?
- Жарнамалық постер не үшін қажет? .....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Сауат ашудан сабақ жоспары: Жарнама плакаттары мен кітапшаларды дайындау (1 сынып, 5 бөлім )
» Сауат ашудан сабақ жоспары: Жарнама плакаттары мен кітапшаларды дайындау №1 (1 сынып, 5 бөлім )
» Сауат ашудан сабақ жоспары: Ауа райы туралы өлең жазу «ъ» белгісі №1 (1 сынып,4 бөлім )
» Сауат ашудан сабақ жоспары: Әңгіме жазу (1 сынып, 7 бөлім )
» Сауат ашудан сабақ жоспары: Хат жазу Тасымал (1 сынып, 5 бөлім )

Іздеп көріңіз: