Сауат ашудан сабақ жоспары: Достық туралы әңгімені жоспарлау (1 сынып,3 бөлім )

Сауат ашудан сабақ жоспары: Достық туралы әңгімені жоспарлау (1 сынып,3 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Менің отбасым және достарым»
Сабақ тақырыбы: Достық туралы әңгімені жоспарлау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасы на сілтемеу) 1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау
1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша әңгіме құрып айту
Сабақ мақсаттары: Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажыратады және дұрыс дыбыстайды . Берілген сюжетті сурет юойынша әңгіме құрып айту
Сабақ барысы: (Ұ)Психологиялық ахуал:
Сабақты оқимыз, көңілге тоқимыз,
Қазақ тілін үйреніп қазақша сөйлейміз.
Сөздер үйренеміз, мәнін түсінеміз,
Келешекте әлі біз, биікке жетеміз...
/оқушылар хормен әндетіп айтады/
(Ұ) «Дос болайық бәріміз» әнін айту.
-Балалар, өлең не туралы?
-Сендерге ұнады ма?
-Бұл өлеңді тыңдағанда, айтқанда естеріңе не түсті?
-Достық деген сөзді қалай түсінеміз?
(Ұ) Тірек сөздерді жаңғырықтау.
Дос, достық, тату бол, татулық, сыйла, ренжітпе, кешірім сұра, кешіре біл.
1-топ С
Суреттің орнына тиісті сөз қойып, сөйлем құрастырып жаз.
Менің ........бар. Сенің....қайда? Мәуленнің.....- теңізші.
Дескриптор
-суреттің орнындағы сөздерді дұрыс тәуелдеп жазады; -суреттің орнындағы сөзді дұрыс жіктеп жазады.
2-3 топ В
2-тапсырма
Көп нүктенің орнына жақшадағы сөздердің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Мен жеті ... (жастамын, жастасың, жаста).
Сен бірінші сыныпта ... (оқимын, оқисың, оқиды).
Ол ауылда ... (тұрамын, тұрасың, тұрады).
4-5 топ А
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Шарларда жазылған сөздерді суреттермен сәйкестендіріп айт.
• Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жаз.
... оқушысың.
... дәптерім.
Дескриптор Білім алушы
сөзге тәуелдік жалғауларын дұрыс жалғайды;
- сөзге жіктік жалғауларын дұрыс жалғайды;
- көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазады.
2.(Т) Сюжетті сурет бойынша сөйлемдер құрастыру.
- Балалар, сендердің алдарыңда бірнеше сөздер бар. Сендер топта осы сөздерден сөйлем құрастырасыңдар. Сөйлемдеріңе сәйкес суретті таңдап, сол суреттің жанына өз сөйлемдеріңді жапсырасыңдар.
Балалар балапанды алып, үйге әкелді. Үйде оған су беріп, оны жылытты.
Али мен Айя торғай балапанын көрді.
Олар балапанға ұя жасап, жем берді.
Дескриптор:
1.Сөйлем құрлымын сақтап құрады+
2.Сөйлемді суретпен сәйкестендіреді+
Дәптермен жұмыс
«Ц дыбысы мен әрпі»
- Ол жерде аңдардың ойынын көруге болады.
- Онда сайқымазақ пен сиқыршылар өнер көрсетеді.
- Цирк сөзінде неше дыбыс бар?
- Ол қандай дыбыстар?
- Бірінші дыбыс қандай?
- Дұрыс. Бүгінгі сабағымызда біз Ц дыбысымен және әрпімен танысамыз.
Ц дыбысы орыс тілінен енген сөздерде кездеседі.
Қане, бәріміз тақтаға қарайық. Тақтадағы суреттерге қарап, сөздерді қайталау.
Цех, цирк, концерт, цифр, цемент, цистерна
Жазылуы – Цц, баспа түрі – Ц ц
«Ц» дыбысы – дауыссыз, қатаң дыбыс
Біз ц дыбысын қай кезде айтамыз?....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Достық туралы әңгімені жоспарлау 1 сынып сауат ашу, сауат ашудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, сауат ашу кыска мерзимди сабак жоспары, Достық туралы әңгімені жоспарлау

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]