Сауат ашудан сабақ жоспары: Достық туралы оқиға жазу №1 (1 сынып,3 бөлім )

Сауат ашудан сабақ жоспары: Достық туралы оқиға жазу №1 (1 сынып,3 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Менің отбасым және достарым»
Сабақ тақырыбы: Достық туралы оқиға жазу №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасы на сілтемеу)1.3.5.1 тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу
Сабақ мақсаттары: Суреттерді, сөздерді қолдана отырып, мәтін құрастырады, жазады.
Сабақ барысы: (Ұ)Психологиялық ахуал:
Бір, екі, үш
Біздің топта тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты бастаймыз.
Топтар өзара тілек айтады.
(оқушының деңгейіне байланысты тілек бір сөзбен айтылады, бір сөйлеммен айтылады немесе достық туралы тілек айтылады)
Оқушылар, біздің сыныпта құпия қорап тұр. Оның ішінде сиқырлы сөздер бар, әр бір тапсырманы орындағаннан кейін бізге қорапты ашуға мүмкіндік беріледі.
(Ұ) Өткен сабақты қайталау.
«Қошқар мен Теке» мультфильмі бойынша деңгейлік сұрақтарға жауап береді.
А деңгейі:
1.Сен Қошқардың орнында болсаң, Текенің ұсынысына келісер ме едің? Неліктен?
2. Қошқардың достығын дәлелдейтін іс-әрекетті қай оқиғадан байқауға болады?
В деңгейі:
1.Теке қандай дос?
2.Қошқар қандай дос?
С деңгейі:
1.Мультфильм не туралы?
2. Басты кейіпкерлері кімдер?
Сұрақтарға жауап беру арқылы тақыпты ашу.
ДОСТЫҚ
/қобдишадан сөз шығады - АДАЛДЫҚ/
Тақырыпты, мақсатты хабарлау.
Біз бүгін достық туралы оқиға құрастырып үйренеміз.
/қобдишадан сөз шығады - СЫЙЛАСТЫҚ/
Оқушылар, мен бір әңгіме естідім, осы Қошқар мен Теке ренжісіп қалыпты, біз олардың татуласуына көмектесуіміз керек. Ол екеуі біз тапсырмаларды дұрыс орындасақ және сабақта мақсатқа жетсек қана достасады. Сондықтан бүгін сабақтың мақсатына жетуге уәде бересіңдер ме? /тапсырмалар орындаған сайын мультфильм кейіпкерлері бір-біріне жақындайды/....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Достық туралы оқиға жазу №1 1 сынып сауат ашу, сауат ашудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, сауат ашу кыска мерзимди сабак жоспары, Достық туралы оқиға жазу №1

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]