Сауат ашудан сабақ жоспары: Әңгіменің мазмұнын ретімен айту «Ж» дыбысы мен әрпі (1 сынып,2 бөлім )

Сауат ашудан сабақ жоспары: Әңгіменің мазмұнын ретімен айту  «Ж» дыбысы мен әрпі (1 сынып,2 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім
Сабақтың тақырыбы: Әңгіменің мазмұнын ретімен айту «Ж» дыбысы мен әрпі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 2.1 Ақпаратты түсіну
2.2 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратып, негізгі ойды анықтап оқу
1.2 Мәтіндегі негізгі ой мен түрлі көзқарастарды анықтау
Сабақтың мақсаттары: 1.2.1.1 Әңгіменің мазмұнын түсінеді, басты кейіпкерлерін анықтайды және қарапайым мәтіндерден нақты ақпаратты табады 1.2.2.1 Әңгіменің басын, ортасын және соңын анықтайды
1.1.2.1 Әңгімені тыңдайды және әңгімедегі оқиғаларды ретімен қоя біледі.
Сабақ барысы: 1.Оқушылардың зейінін шоғырландыру.
2.Оқушылармен бірге ОМ анықтап алу
(Ұ,МК)1.Әңгіме желісіне қарай салынған сюжетті суретті көрсете отырып, оқушыларды әңгімеге тарту.
- Бұл суреттен не көріп отырсыңдар?
- Әңгіме не туралы болуы мүмкін?
2. Әңгімені оқып беру.
Кішкентай Алпамыс пен Қалихан бір ауылдың балалары, екеуі дос. Жасы жетіге келген Қалихан жаңа оқу жылы басталғанда мектепке барады, ал алты жастағы Алпамыс қалып қояды. Алпамыс үйіне жылап оралады. Досының оқитынына қатты қызыққан оның бар арманы мектепке бару болады. Мектеп терезесінің алдына келіп, мұғалімнің іс-әрекетін бақылап, өтіп жатқан сабақты түсінуге тырысады. Ал досы Қалиханның сабаққа аса құлшынысы болмайды. Бірақ, ол досының алғырлығын алға тартып, оның мектепке баруына көмектеседі. Екі достың тілегі қабыл болып, алты жасар Алпамыс 1-сыныпқа қабылданады..
Ол апасымен дүкенге барады. Оған апасы дүкеннен мектепке керекті оқу-құралдарын сатып әпереді. Қарындаш, қалам, сурет дәптері, бояу тіпті өшіргіш те алыныпты. Анасына риза болған Алпамыс оған рахметін айтады. Ол мектепке барғанда жақсы оқитынын айтып, уәде береді.
(Ұ,МК,Ө, Т) «Алты жасар Алпамыс мектепке барады» фильмнен үзінді (оқиғаның басын, ортасын және соңын) көрсету.
Оқушыларға әңгіменің басты оқиғаларының ретін анықтауда көмек беру үшін суреттерді көрсетіп, келесі сұрақтарды қою.
-Әңгіменің басы қалай басталды?
-Содан кейін не туралы айтылды?
-Әңгіме қалай аяқталды?
Қабілеттері бірдей оқушыларды топқа біріктіру. Оқу қабілеттері жақсы оқушылар өздігінен оқиды. Ал оқуды енді үйреніп келе жатқан оқушыларға таныс сөздері бар мәтінді оқуға тапсыру.
(Т) Оқушыларды аралас топқа біріктіру.Әр топқа оқиғаны көрініс ретінде қоюға дайындалуды ұсыну. Бірінші топ – оқиғаның басын. Екінші топ – оқиғаның ортасын. Үшінші топ – оқиғаның соңын. Оқушыларға көмек ретінде суреттер, қуыршақтар, ойыншықтар беріп, өз ойларын айтуға тарту.
Қуыршақтар мен ойыншықтарды сынып бөлмесінде оқушыларға қол жетімді жерге қойып қою, сонда оқушылар кез келген уақытта оларды алып, оқиғаны мазмұндауға дайындала алады.
Қиналатын оқушыларға оқиғаның детальдарын естеріне түсіруге көмектесу үшін, оқушылардың қасына барып, оқушыларға жетекші сұрақтар қою немесе бағыт беру арқылы көмек көрсету. Оларға басты оқиғаларды ретпен қоюға пайдалы болатын сөз тіркестерін ұсыну.
Басты оқиғалар ретін еске түсіре отырып әңгіменің мазмұнын айтып беруді ұсыну.
(Ұ,МК) «Жж» әрпі мен дыбысын таныту. Әңгімедегі Қалихан неше жаста екенін еске түсіруді ұсыну. Сыныптағы жеті жасар оқушыларды қол көтеруді ұсынып, олардың санын анықтауды тапсыру.
- Осы сөз қандай дыбыстан басталады?
- Ж - дыбысынан.
- Дұрыс - ақ. Олай болса, бүгінгі танысатын жаңа дыбыс пен әріп - Ж дыбысы мен әрпі.
Мынау Ж дыбысының баспа және жазба түрлері.
- Ж - дыбысы қандай дыбыс?
Қандай текшемен белгілейміз?
Жж әрпін жазу үлгісін беріп, жазғыздыру.
Дидактикалық ойын:"Буынға буын қос". Жа, жу, жы,жо.
Мақсаты: басталған буынға буын қосып, сөз құрастырып, айта білуге, шапшаңдыққа, зейінін дамыту.
Сөздерді оқыту: жа-ға, жу - ан, жыл - дам, Жас –ұ- лан, жаң - быр, жы - лан, жас - тық, же - міс, жұм - бақ, Жа-рас......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Әңгіменің мазмұнын ретімен айту «Ж» дыбысы мен әрпі 1 сынып сауат ашу, сауат ашудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, сауат ашу кыска мерзимди сабак жоспары, Әңгіменің мазмұнын ретімен айту «Ж» дыбысы мен әрпі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]