Сауат ашудан сабақ жоспары: Кк дыбысы мен әрпі (1 сынып,1 бөлім )

Сауат ашудан сабақ жоспары: Кк дыбысы мен әрпі (1 сынып,1 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақтың тақырыбы: Кк дыбысы мен әрпі
Оқу мақсаты: 1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
1.2.1.2 Оқудың түрлерін(буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар білуге тиісті:
К дыбысы мен әрпін ажырата алады, әріпті дыбыспен сәйкестендіре біледі.
Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қойып біледі.
Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:
Сюжетті суреттің көмегімен мәтінді құрастырады.
Кейбір оқушылар білуге тиіс:
Суреттің көмегімен мәтінді баяндай, дәлелдеулер жасай алады.
Сабақ барысы: (МК; Т)
1 Топ тапсырмалары:Өлең мазмұнымен жұмыс
С.Мәуленовтің «Ата ақылы» өлеңін тыңдату
«Кім үлкен болған кезінде сыйлы болмақ?» сұрағына оқушылардан жауап алу.
2 –топ тапсырмалары:Мағынасы қарама-қарсы мағыналы сөздерді табу
3-топ тапсырмалары:Еркіннің хатын тыңдап, сұрағына жауап іздеу.
-Сен неше күн сабақ оқисың?
-Демалыс күні немен айналысасың?
4-топ тапсырмасы:Көп мағыналы сөздерді ажырата алу,қолдану білігін ұйымдастыра алу.Оқушылардың назарын суреттегі есіктің кілті, музыка кілті,машина кілтіне назар аудартып,олардың ортақ нәрсені таптыру.
Дәптермен жұмыс
(МК; Ө) Оқушылардың К әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз әрі көркем жазуын қадағалау.
Топтар бірін-бірі бағалайды.
Кері байланыс
Оқушылар сабақ ұнаса, кемені жасыл түске, егер сабақта бір қиындықты кездестірсе, сары түске, егер сабақ барысында тапсырмаларды орындауда қиындық болып, мұғалім көмегі қажет болса, кемені қызыл түске бояйды......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Кк дыбысы мен әрпі 1 сынып сауат ашу, сауат ашудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, сауат ашу кыска мерзимди сабак жоспары, Кк дыбысы мен әрпі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]