Сауат ашудан сабақ жоспары: Менің ұнататын заттарым (1 сынып,1 бөлім )

Сауат ашудан сабақ жоспары:  Менің ұнататын заттарым (1 сынып,1 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақтың тақырыбы: Менің ұнататын заттарым
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.2.5.1* мәтін/иллюстрация бойынша (мұғалім қолдауымен) сұрақтар қоя білу, оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру мұғалім қолдауымен
1.1.5.1 түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдану
Сабақтың мақсаты: Сөйлеу барысында сипаттай алады, түрлі жағдаятта этикет сөздерін айта алады.
Сабақ барысы: Ертеңгілік шеңбері
Таңғы шеңберде тұрған оқушылар бір – бірімен «Сәлем!» деп амандасады.
Берілген өлеңді түрлі эмоциямен айту. (көңілді, көңілсіз, ашулы)
Бірінші күн- дүйсенбі
Екінші күн – сейсенбі
Үшінші күн – сәрсенбі
Төртінші күн — бейсенбі
Бесінші күн — жұма
Алтыншы күн- сенбі
Жетінші күн- жексенбі.
(Ж) Өз пікіріңді сөйлемей жеткіз. Бұл мүмкін бе? Саған бір зат ұнаса, оны қалай көрсетуге болады?
- Сенің добың бар ма?
- Саған сурет/ойыншық ұнады ма? т.с.с.
(МК) «Таныс бол!Маған ұнайтын зат» дидактикалық ойыны
Мұғалімнің іс-әрекететі:Оқушыларға өзімнің ұнататын затымды көрсетіп сипаттаймын.Ол туралы қарапайым сөздерді қолдана отырып баяндаймын. Оқушыларды өзіме сұрақ қоюды тапсырамын.
-Балалар бұл кітап.Ол маған ұнайды.-Сендер осы кітап жайлы көп білгілерің келе ме? Ендеше кітап жайлы көп ақпарат алу үшін не істеу керек? Иә, әрине, сұрақтар қою арқылы көп ақпарат аламыз.
-Көп ақпарат алу үшін қандай сұрақтар қоюға болады?
-Кім?Не?Қандай?Қашан?Қалай? сұрақтары болуы мүмкін
/Оқушылардың негізгі сұрақтарын флипчартқа жазып, тақтаға іліп қоямын./
Оқушыларға алдын ала өздерінің жақсы көретін ойыншықтарын немесе сүйікті жерлерінің суреттерін, фотоларын алып келуді тапсыру.
Сергіту сәті
Ақ қояным тұршы,
Беті-қолды жушы.
Айнаға қарашы
Шашыңды тарашы
Орныңа барып отыршы
(Т) Оқушыларды өздерінің ұнататын заттарын бір-біріне көрсетуі әрі түсіндіруі үшін шағын топтар ұйымдастыру. Топпен жұмыс істеу барысында оқушылар бір-біріне өздерінің сүйікті заттарын (ойыншықтарын) көрсетіп, сөз қандай дыбыстан басталатынын анықтап, олар туралы айтып береді.
Өлеңді мұқият тыңда.
Бөбектерім, оқы, ойна
Оқу, білім саған пайда
Кітабыңның шетін жыртпа
Сиямен бояп қойма
Қолынды жу,тірнағынды ал
Мұрынынды сүрт орамалмен
Кешігіп қалмай мектепке бар
Алысып жүтмей балалармен
Ата-ана , мұғалімге
Қарсы келмей әдепті бол
Өтрік айтпа,үйрен шынға,
Тілейтін сеннен сол
Өлеңдегі әдептілік ережелерін суреттерге сүйеніп айтып көр.
Сен осы ережелерді орындап жүрсің ба?
Дәптермен жұмыс:....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Менің ұнататын заттарым 1 сынып сауат ашу, сауат ашудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, сауат ашу кыска мерзимди сабак жоспары, Менің ұнататын заттарым

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]