Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сен құрметте оны (7 сынып, IV тоқсан, 3 бөлім )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сен құрметте оны (7 сынып, IV тоқсан, 3 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Батыр туса-ел ырысы.
Сабақтың тақырыбы: Сен құрметте оны...
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т2.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау.
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар
Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді
Көптеген оқушылар
Тақырыпқа қатысты ақпараттарды саралай алады
Кейбір оқушылар
Өзекті ақпаратты таба алады.
Сабақ барысы: Оқушыларға қиынды қағаздар таратылады, өлең/сөйлем/мақалды құрастырады. Сол арқылы топқа бөлінеді. Өздерінің сөйлем, өлең, мақалдарының мағынасын түсіндіре отырып, тақырыпты ашады. (Түсініксіз сөздер болса сөздікпен жұмыс жасайды)
Сабақтың мақсаты таныстырылады.
1-топқа:
Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн.
2-топқа:
Тайынба, жолдас жауынгер,
Ел тағдыры қолыңда!
Тайынбасаң оқ пен от
Бөгет болмас жолыңа!
3-топқа:
Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар.
«Майдангерлер» қысқаметражды фильмінен үзінді көреді.
https://www.youtube.com/watch?v=hoUutVLdmAY
Берілген уақыт аралықтары көрсетіледі.
8.55-12.02
14.15-18.30
20.37-22.01
Тапсырма-1.
«Сәйкестендіріңіз»
Әр топқа фильмнен алынған сөйлемдер және суреттер беріледі. Суреттерді оқиға желісі бойынша орналастырады және берілген сөйлемдерді суреттермен сәйкестендіреді. Сол сөйлемдерді қолдана отырып, фильм мазмұнын қысқаша баяндайды.
(топтарға берілетін суреттер бірдей, сөйлемдер әртүрлі)
Тапсырма-2.
Оқушылар 2 бөліктен тұратын диаграмма сызады. Фильмдегі ақпараттарды қаншалықты өзекті немесе өзекті емес деп шешкендерін пайыздық өлшеммен береді және диаграмманың ішіне соған сай ақпараттарды жазады. Сынып алдында ауызша қорғап, неліктен өзекті немесе өзекті емес екенін дәлелдейді. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Батыр туса-ел ырысы №2 (7 сынып, IV тоқсан, 3 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ұлы адамдар өмірінен А.Эйнштейн (7 сынып, IV тоқсан, 2 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Вел Баркер кубогын алған тұңғыш қазақ (6 сынып, III тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Батыр туса-ел ырысы №3 (7 сынып, IV тоқсан, 3 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бердібек Соқпақбаев «Менің атым- Қожа» повесі (пысықтау сабағы) (5 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Сен құрметте оны 7 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Сен құрметте оны

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]