Қазақ тілінен сабақ жоспары: Уақыт өлшемдері (7 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Уақыт өлшемдері (7 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Уақыт - ұлы күш.
Сабақтың тақырыбы: Уақыт өлшемдері
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: А3. Орфоэпиялық нормаларды сақтау
7.А3. Ауызша мәтіндер құрауда екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданып айту.
Сабақ мақсаты: Оқушылардың барлығы
Сұхбатта сөз екпінін орынды қолдана алады.
Уақыт өлшеміне қатысты кейбір тұрақты тіркестерді мағынасына сай қолданады;
Оқушылардың көпшілігі
Сұхбатта сөз және фразалық екпінді орынды қолдана алады.
Уақыт өлшеміне қатысты тұрақты тіркестердің көбін мағынасына сай қолданады;
Оқушылардың кейбірі
Сұхбатта сөз, фразалық, ой екпінін орынды қолдана алады.
Уақыт өлшеміне қатысты тұрақты тіркестердің барлығын мағынасына сай қолданады.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.
Тақырыпқа ену үшін уақыт өлшемдері туралы сұрақтарға жауап береді.
«Миға шабуыл»
1 ғасыр қаншаға тең?
1 жыл қаншаға тең?
1 ай қаншаға тең?
1 апта қаншаға тең?
1 тәулік қаншаға тең?
1 сағат қаншаға тең?
1 минут қаншаға тең?
Оқу мақсатымен, тілдік мақсатпен танысады;
Жетістік критерийлерін болжайды;
Жетістік критерийлерімен танысады.
Тапсырма №1
Уақыт өлшемдері мен уақыт өлшемдеріне қатысты тұрақты сөз тіркестерін сәйкестендіріңіз; Орындаған жұмысыңызды дұрыс таныстырылымдағы дұрыс нұсқамен тексеріңіз
«Ет асым» 30 минут
«Қас қағым» 24 сағат
« Жарты сағат». 30-50 минут
«Сүт пісірім». 1 секунд
«Шай қайнатым» . 2-3 сағат
«Ас пісірім» 40-60 минут
«Бір тәулік» 1 жарым немесе 2 сағат
Жұпта, топта, сыныпта бірін-бірі бағалау;
Мұғалімнің кері байланысы:
Жауап кілттері:
«Қас қағым» сәт. 1 секунд;
«Бір тәулік». 24 сағат;
«Сүт пісірім». 30-50 минут;
« Жарты сағат». 30 минут;
«Шай қайнатым». 40-60 минут;
«Ас пісірім». 1 жарым немесе 2 сағат;
«Ет асым». 2-3 сағат.
Тапсырма № 2
Топта еркін тақырыптағы сахналанған көріністі дайындап, қойыңыз;
Сахналық көрініс талаптары:
Берілген тұрақты тіркестерді мағынасына сай қолдануы;
Айтылым нормаларын сақтау;
Көрініс уақыты - 2 минут.
Кері байланыс.
Тыңдаған топтардың кері байланысы.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Майкл Харт «100 ұлы адам» кітабынан Альберт Эйнштейн (7 сынып, IV тоқсан, 2 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Уақыт алтыннан қымбат №1 (7 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әлемдегі ең танымал әлеуметтік желі (7 сынып, III тоқсан, 1 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Демалыс мәдениеті №1 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім)
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Досы көпті жау алмайды (5 сынып, IV тоқсан, 1 бөлім )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Уақыт өлшемдері 7 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Уақыт өлшемдері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]