Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мерейтой – өмірдің жаңа белесі (7 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мерейтой – өмірдің жаңа белесі (7 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Уақыт - ұлы күш.
Сабақтың тақырыбы: Мерейтой – өмірдің жаңа белесі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: О2. Стильдік ерекшеліктерді анықтау
7.О2. Ресми-іскерлік (өтініш, нұсқаулық, ресми құттықтаулар, ұсыныстар) салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасау.
Сабақ мақсаты: Оқушылардың барлығы
Құрылымдық бөліктердің ерекшеліктерін (мәтіндік) анықтады.
Оқушылардың көпшілігі
Мәтіннің стильдік ерекшеліктерін (мәтіндік, синтаксистік) анықтады.
Оқушылардың кейбірі
Мәтіннің тілдік ерекшеліктерін (мәтіндік, синтаксистік, лексикалық) анықтады.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту және топқа бөліну.
Сурет бойынша лексикалық тақырыпты болжайды.
Оқушылар қиық қағаздарда сөз тіркесімен берілген тілектерді алады,
Карусель әдісі бойынша алған тілектерін жұпта бір-біріне айтып, қағаздарымен алмасады. Келесі оқушымен жаңа жұп құрып, барлық тілектермен танысады. Жағдаятта сөздерді естіп, айтып, ұзақ мерзімді жадымен жұмыс жасайды.
Оқушылар сурет бойынша лексикалық тақырыпты болжайды.
Оқу мақсатымен, тілдік мақсатпен танысады;
Жетістік критерийлерін болжайды;
Жетістік критерийлерімен және дескрипторлармен танысады.
Тапсырмалар:
1. Жаңа сөздермен танысыңыз;
2. Мәтінді оқыңыз;
Құрметті Үміт Нәзірқызы!
Сізді торқалы мерей тойыңыз – 60 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Халқымыздың шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарыта білген ұстазға деген құрметі қашан да ерекше. Өйткені, қоғамның басты байлығы – адам болса, сол «адамның адамшылығы жақсы ұстаздан», - дейді дана Абай.
Ұлы ойшыл айтқандай, Сіз өзіңіздің барлық саналы ғұмырыңыз бен күш-жігеріңізді Еліміздің білім беру саласына арнап, көп жылдар бойы бірнеше ұрпақ саналы шәкірттеріңізді өмірге дайындадыңыз. Қазір де олар Отаны – Қазақстан үшін едіміздің көптеген салаларында адал қызмет етуде. Сіздің оған қосқан үлесіңіз зор.
Сізге шын жүректен зор денсаулық, қажымас қайрат, бақыт, береке тілеймін.
Игі тілекпен,
Қарағанды облысының
Білім беру департаменті бастығы Ақберді А.Қ.
3. Мәтінге көрсетілген аспектілер бойынша талдау жасаңыз:
Тақырыбы, стилі, жанры, құрылымы, мақсаты, кілт сөздері
4. Жауаптарыңыздың дұрыстығын жұпта тексеріңіз;
5. Жауаптарыңыздың жауап кілтімен тексеріңіз......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Батыр туса-ел ырысы №2 (7 сынып, IV тоқсан, 3 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Уақыт және мен (5 сынып, I тоқсан, 2 бөлім)
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Абай Құнанбаев. «Сағаттың шықылдағы емес ермек» №1 (7 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Рухани адамгершілік құндылықтар (8 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Түркі мәдениетінің әлем өркениетіне қосқан үлесі қандай? (7 сынып, I тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Мерейтой – өмірдің жаңа белесі 7 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Мерейтой – өмірдің жаңа белесі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]