Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бірлігі жарасқан ел (5 сынып, IV тоқсан, 1 бөлім )
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстандағы ұлттар достастығы.
Сабақтың тақырыбы: Бірлігі жарасқан ел
Жүзеге асатын оқу мақсаттары: Ж1. Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу.
5.ТБ1.4. Жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану.
Сабақтың мақсаты: Жазба жұмысында есімдіктерді қолдануды үйренеді, ресми стильдің ерекшелігін сақтай отырып, хат жазады.
Барлық оқушылар:
Мәтіннен есімдіктерді таба алады.
Көптеген оқушылар:
Хат жаза алады.
Кейбір оқушылар:
Өзіндік стильде жаза алады.
Сабақ барысы: Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім оқушыларға суретті көрсетіп, сұрақтар қояды.
- Бұл не?
- Адамдар оны не үшін пайдаланады?
- Хатты қалай жібереміз?
- Қазіргі күні хатты не арқылы жіберуге болады?
- Сіз кімдерге хат жазасыз?
Мұғалім шәкірттерді оқу мақсатымен және бағалау критерийлерімен таныстырады.
Мағынаны тану.
1. Бос орынға қарамен берілген сөздерді тиісті орнына қойыңыз. Асты сызылған сөздердің қолданылу ерекшелігін назар аударыңыз.
Мен, сіздердің, біз, осы, менің, біздің, оларды, оның, олар
Құрметті соғыс ардагерлері!
..... Қазақстан елінің жас өренімін! Бүгінде Қазақстанда көптеген ұлттардың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Бір кезде сұрапыл соғыс .... адамдарды қазақ жеріне әкеліп, бір шаңырақтың астында өмір сүруге мәжбүр етті. Бауырмал қазақ халқы .... құшақ жая қарсы алып, мейрімділік танытты.
Мен жуырда Зигфрид есімді бала туралы шығарма оқыдым. ....... басынан өткен оқиғалар маған қатты әсер етті. Онда соғыстан кейінгі балалардың тағдыры бейнеленген. Осыдан соң еліміздегі барлық балалардың бақытты екеніне .... көзім жетті, себебі .... бейбітшілікте өмір сүруде.
Болашақта мен елімнің үлкен азаматы болып өсетініме сенімдімін. Себебі мемлекетіміз .... үшін көп игі істер жасауда. Жақсы білім алып, еліміздің тірегі болу .... парызымыз. Біз .... үміттеріңізді ақтау керекпіз.
2. Есімдіктерді қолдана отырып, шетелдегі досыңызға Қазақстан еліндегі ұлттар бірлігі туралы хат жазыңыз.
Бағалау критерийлері:
1. Хаттың стилін сақтай отырып жазады
2. Хатта есімдіктерді қолданады
3. Сөз саны: 40-50 .....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жазылымды қалыптастыру (5 сынып, III тоқсан, 4 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері (5 сынып, III тоқсан, 2 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Компьютердің тілін табу – өнер (2-сабақ) (5 сынып, III тоқсан, 4 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: М.Мағауин «Бір атаның балалары» (үзінді) (5 сынып, IV тоқсан, 1 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Ассамблея жылы – халықтар бірлігінің кепілі» (7 сынып, III тоқсан )

Іздеп көріңіз: