Қазақ тілінен сабақ жоспары: Компьютерде жұмыс істеу ережесі (4-сағат) (5 сынып, III тоқсан, 4 бөлім )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Компьютерде жұмыс істеу ережесі (4-сағат) (5 сынып, III тоқсан, 4 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьтердің тілін табу − өнер.
Сабақтың тақырыбы: Компьютерде жұмыс істеу ережесі (4-сағат)
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 5.ТБ1.Ыңғайластық қатынасты білдіретін және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар
Ыңғайластық қатынасты білдіретін және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін біледі
Көптеген оқушылар
Ыңғайластық және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтарды ауызша сөйлеу барысында қолдана алады
Кейбір оқушылар
Ыңғайластық қатынасты білдіретін және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдана алады.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру.
Оқушыларды түгендеу.
Сабақ мақсатымен таныстыру
Қызығушылықты ояту.
Тақырыпты керекті әріптерді дұрыс қою арқылы болжайды.
Ж..тты..у, қау..пті, са..т..у, арнайы көз..лді..ік, на..ар а..дару, наш..рла,,ан, әде..ке айн..лд..ру.
Сабаққа болжам жасалады.
Сұрақтар:
1. «Ыңғайлас», «қарсылықты» деген сөздердің мағынасы қандай?
2. Шылау не үшін керек? Оның грамматикалық мағынасы бар ма?
3. Ыңғайлас және қарсылықты жалғаулық дегенді қалай түсінесіңдер?
Слайдпен жұмыс. (Ыңғайластық, қарсылықты жалғаулықтарды еске түсіру)
Ыңғайластық
және, әрі
Мен/бен/пен
Да/де, та/те
Қарсылықты
Бірақ
Алайда
Дегенмен
Әйтпесе
Әйткенмен
Сонда да
1-тапсырма
Алдын-ала әртүрлі ыңғайластық және қарсылықты жалғаулықты шылаулармен жасалған сөйлемдер сынып қабырғаларына ілінеді. Оқушылар екі себетке бөлек-бөлек ыңғайлас және қарсылықты жалғаулықты сөйлемдерді тез-тез жинайды. Содан соң сөйлемдердің жасалуын бір-бірлеріне түсіндіреді. Қарсылықты және ыңғайластық жалғаулықты шылаулардың айырмашылығын өздері дәлелдейді.
Сынып қабырғасында ілініп тұратын сөйлемдер:
1. Ғаламтор – бұл дүние жүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы.
2. Ғаламтор – ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы мәлімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз уақыт аралығында электронды пошта арқылы хабарламалар алмасуға және тағы да басқа көптеген мүмкіндіктер ұсынады.
3. Электронды поштаның жылдамдығы телефонмен бірдей, бірақ мұнда екі жақты абоненттердің бір сәтте болуы қажет емес.
4. Ғаламтордың пайдасы көп, алайда компьтерде көп отырудың адамға зияны бар.
5. Ғаламтор арқылы дүниежүзілік мәдени және ғылыми жетістіктермен танысуға болады.
6. Веб-беттер ақпараттың алуан түрлерін – мәтін, сызба, дыбыстық және бейне жазбаларды қамтиды.
7. Интернетте отырып-ақ өзіне керектіні сатып алуыңа болады, бұл өзіңе пайдалы, біірақ та әрбір заттың өз уақыты, өз орны болу керек емес пе?
8. Ғалымдар ғаламтормен тым әуестену артық салмақ жинау мен кедейлікке алып келе алады дейді, алайда адамның өзіне деген сенімділін көтеретіндігін де жасырмайды.
9. Компьютер мен ғаламторға әуес жандардың банкротқа ұшырап, бар жиғандарынан айырылу мүмкіндіктері жоғары екен.
10. Ғаламтордың пайдасы зор, дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн.
Кері байланыс
- Ыңғайлас және қарсылықты жалғаулықтардың қызметін біледі;
- Қарсылықты және ыңғайластық жалғаулықты шылаулардың айырмашылығын өздері дәлелдейді.
Оқушыларды жұпқа бөлу
Балаларға 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 сандарын айту. 1 мен 6, 2 мен 9, 3 пен 8, 4 пен 7, 5 пен 10 сандарын жұптастыру.
2-тапсырма: Көп нүктенің орнына ыңғайластық және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтарды дұрыс қойып жазыңдар. Жалғаулықтар төменде ұсынылған.
1.Монитордың алдында отырған адам көз алдындағы экранның үнемі өте аз уақыт мезетінде жыпылықтап тұратындығын сезбейді, ________ оның кері әсері міндетті түрде болады. 2. Компьютердегі ойындардың арасында балалардың психикасына әсер ететін ойындар бар, _________ ата-аналардың көпшілігі бұған мән бермейді. 3. Компьютердегі жұмысты істеп болғанда ________ арасындағы үзілісте көз бұлшық еттеріне түскен күшті жоятын жаттығу жасаіыздар. 4. Компьютердің алдында тапжылмай ұзақ отырған адамның ____, баланың да басы ауырып кетеді. 5. Компьютерде ұзақ уақыт бойы отырғанда иық пен еңсені тік ұстамау ________ түзу отырмаудың соңы остеохондроз деген омыртқалық ауруға әкеліп соғу мүмкін.
Керекті шылаулар: бірақ, мен, және, алайда, да
Кері байланыс:
Көп нүктенің орнына ыңғайластық және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтарды дұрыс қойып жазады
ЖЖ «Компьютер алдында отырған кезде нені ескеру керек?» бейнеролигін көріп, негізгі ой мен идея анықталады. 3-тапсырма. Жазылым. Бейнеролик бойынша сыныптастарыңа жазбаша кеңес береді. Жазба жұмысында ыңғайлас және қарсылықты жалғаулықтардың болуы шарт.
Кері байланыс
- Бейнебаянның негізгі ойы мен идеясын анықтайды:
- Ыңғайлас және қарсылықты жалғаулықтарды қолданып, сыныптастарына жазбаша кеңес береді.
Бағалау.
Оқушылар көршілерінің жұмысын алмастырып, бағдаршам әдісі бойынша бағалайды. Мысалы, “жасыл” – дайын, “сары” – күмәнді, “қызыл” – дайын емес.
Бағалау критерийлері таратылып беріледі.
Бағалау критерийлері
Жасыл – дайын;
Сары – күмәнді
Қызыл – дайын емес
1 ыңғайластық, қарсылықтық жалғаулықтардың қызметін біледі
2 ыңғайлас, қарсылықты жалғаулықтармен сөйлем құрай алады (ауызша, жазбаша).....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Компьютерде жұмыс істеу ережесі (4-сағат) 5 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Компьютерде жұмыс істеу ережесі (4-сағат)

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]