Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мемлекеттік рәміздер (5 сынып, III тоқсан, 2 бөлім )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мемлекеттік рәміздер (5 сынып, III тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің - Тәуелсіз Қазақстаным.
Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: А2. Сөз мәнері мен сөйлеу этикеті ТБ1. Сөз таптары
Сабақ мақсаты: Қазақша амандасу мәнері мен ұлттық этикет формаларын пайдалану.
Ыңғайластық қатынастыбілдіретін және қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу,ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту
Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
3. Топқа бөлу. Оқушылар тақтаға шығады, бірінші есімдерінің басқы әріптері бойынша әліпби ретімен тұрады. Екіншіден туған жылдары бойынша ретімен тұрады, үшінші туған айлары бойынша соңында туған күндері бойынша тұрады. Бір сапта тізіліп тұрған оқушыларды мұғалім үш-үштен топтастырады.
4. Oқу мақсаттары, жетістік критерийлерімен таныстыру.
Назарын шоғырландыру
Миға шабуыл. Жаңа тақырыпты анықтау.
1.Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген ........... (Елтаңба)
2.Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. ........... (Ту)
3.Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады. ........... (Әнұран)
4. Елтаңба, ту, әнұран – бұлардың бәрі .............. (мемлекеттік рәміздер)
5. Мемлекеттік рәміздер туралы не білеміз?
Үш топқа «Елтаңба, Байрақ, Әнұран» сөздері бөлініп беріледі.
Оқушыларға осы сөздерден басқа сөздер жазу, құрастыру тапсырылады.
Елтаңба Байрақ Әнұран
Ел Бай Ән
Таңба ай Ұран
Таң қар Ұн
Аң ар нан
Топтарға үш мәтін таратылып беріледі. Оқушылар топ ішінде мәтіннің негізгі идеясын, мазмұнын талқылайды. Кілт сөздерді анықтайды. Осы кілт сөздерді қолдана отырып диолог дайындайды. Диалогта: «және, әрі, мен/бен/пен, да/де, та/те, бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да» жалғаулықтарын қолдау қажет.
Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. Ту ежелден елді біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.
1992 жылы қабылданды. Авторы – суретші Шәкен Ниязбеков.
Oртасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Aспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Одан бөлек көк түс ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді.
Күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді.
Қыран (бүркіт) бейнесі – бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Қазақтың түсінігінде, бүркіт – бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады.
Қазақ ою-өрнектері – дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.
Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі.
Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы.
Көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Шаңырақ – киіз үйдің басты жүйе құраушы бөлігі. Шаңырақ бейнесі – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне байланыстылығы секілді.
Елтаңбада қолданылған негізгі түс – алтынның түсі. Бұл – байлықтың, әділдіктің және кеңпейілділіктің символы. Сонымен қатар, көгілдір аспан түстес тудың түсі алтынның түсімен үйлесім тауып, ашық аспан, бейбітшілік және бақуат тіршілік ұғымдарын танытып тұр.
Гимн – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гимн-мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Гимнді түрегеліп, жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.
1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандық аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік гимні екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.
Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік гимн қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік гимн жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік гимнін бекітті.
Топтар бір-бірін бағалайды.
Бағалау критерийі Дескриптор
Қазақша амандасу мәнері мен ұлттық этикет формаларын пайдалану. Диалогтың жүйелілігін сақтайды және диалог барысында амандасу, этикет формаларын пайдаланады.
Сөз мәнері мен сөйлеу этикеті формаларын дұрыс қолданады
Диалог барысында орфоэпиялық нормаларды сақтайды.
Кілт сөздер мен жалғаулықтарды орынды қолданады.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Астана – тәуелсіздік символы (5 сынып, III тоқсан, 2 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Түнгі қонақ» әңгімесі (5 сынып, I тоқсан, 3 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері (5 сынып, III тоқсан, 2 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Төл теңгенің тарихы (5 сынып, III тоқсан, 2 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Дастархан басындағы әдептілік (5 сынып, III тоқсан, 1 бөлім )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Мемлекеттік рәміздер 5 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Мемлекеттік рәміздер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]