Қазақ тілінен сабақ жоспары: Денсаулықтан асқан байлық жоқ (5 сынып, III тоқсан, 1 бөлім )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Денсаулықтан асқан байлық жоқ (5 сынып, III тоқсан, 1 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Денсаулық - зор байлық.
Сабақтың тақырыбы:Денсаулықтан асқан байлық жоқ
Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме)ТБ2. Сөйлем
Сабақтың мақсаты:ТБ2. Жазба жұмыстарында хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, құрастыру.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту. «Кім жылдам?» ойыны. Мұғалім оқушыларды екі топқа бөліп, әр топқа тыныс белгілер (,.!) мен сөздер жазылған қима қағаздар таратады.
Әр топ сынып алдына қолдарына қима қағаздарын ұстап, рет-ретімен тұрып сөйлем құрастырады.
Мысалы, келесідей сөйлемдер құрастырылуы мүмкін:
Мысалы:
o Бүгін ауа-райы қандай?
o Алақай, дала жылынды!
o Мен таңертең жаттығу жасаймын.
- Балалар, сөйлем соңындағы белгілер не себепті қойылған?
- Ендеше, бүгінгі сабағымыз осы белгілермен тығыз байланыста өтеді.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.
Мағынаны тану кезеңі
«Көңілді қалпақ» әдісі арқылы ойын ойнату
Мақсаты: Сөйлем түрлерін ажырату
Шарты: Оқушылар шеңберге тұрады. Музыка әуенімен қалпақты шеңбер бойымен жылжытып, бір – бірінің бастарына кигізеді. Музыка тоқтағанда қалпақ кімнің басында қалса, сол оқушы бір хабарлы сөйлемнен мысал келтіреді. Кейін ойын қайталана береді, бірақ оқушылар манағы сөйлемді енді сұраулы сөйлемге айналырады. Содан келесі әуен тоқтаған кезде сол сөйлемді лепті сөйлемге айналдырады. Солай жалғаса береді.
Бағалау критерийі:
 хабарлы сөйлем ойластырады;
 хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдырады;
 сұраулы сөйлемді лепті сөйлемге айналдырады.
Практикалық кезең
Ж 1-тапсырма: Берілген жаңа сөздерді қолдана отырып, 1 хабарлы, 1 сұраулы, 1 лепті сөйлемдер құрастырыңыздар. Көрші жұбыңызбен жұмысты алмастырып, тексеріңіз. (жазбаша)
Серуендеу
Құрдастар
Артықшылықтар
Сырқаттанған
Бағалау критерийі:
 жаңа сөздермен хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдер құрастырады;
 жұбының жұмысын тексеріп бағалайды.
Өнім/нәтиже кезеңі
Оқушылар 2 топқа бөлінеді.
ТЖ 2-тапсырма: Мәтінді мұқият оқыңыздар. Тыныс белгілерін дұрыс қойып, топта талқылаңыздар. Тыныс белгілердің қойылу себептерін басқа топтарға түсіндіріңіздер.
Салауатты өмір салты
Салауатты өмір салты дегеніміз - дұрыс тамақтану. Күн сайын спортпен айналысып, таза ауада серуендейді Спортпен айналысатын адамдар құрдастарына қарағанда ұзақ өмір сүреді деген пікірмен келісесіз бе Дұрыс тамақтану теріні жақсартып, ағза қызметін ретке келтіреді Таза ауаның ағза үшін пайдасы мол
Денсаулық - адам баласының ең бірінші байлығы Денсаулығын күтетін адамның артықшылықтары көп болады Оған сырқаттанған кезде ғана назар аударамыз Денсаулығымызды күтуіміз керек Денсаулықтарыңыз мықты болсын
Дұрыс нұсқасы. Салауатты өмір салты
Салауатты өмір салты дегеніміз - дұрыс тамақтану. Күн сайын спортпен айналысып, таза ауада серуендейді. Спортпен айналысатын адамдар құрдастарына қарағанда ұзақ өмір сүреді деген пікірмен келісесіз бе? Дұрыс тамақтану теріні жақсартып, ағза қызметін ретке келтіреді. Таза ауаның ағза үшін пайдасы мол.
Денсаулық - адам баласының ең бірінші байлығы Денсаулығын күтетін адамның артықшылықтары көп болады. Оған сырқаттанған кезде ғана назар аударамыз. Денсаулығымызды күтуіміз керек. Денсаулықтарыңыз мықты болсын! ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Салауатты өмір салты үшін қандай шарттарды орындау қажет? (5 сынып, III тоқсан, 1 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Салауатты өмір салты Спорт және тағам (5 сынып, III тоқсан, 1 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қожа қандай бала? (5 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қар барысы – сұлу аң (5 сынып, I тоқсан, 3 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тазалық - денсаулық кепілі (5 сынып, III тоқсан, 1 бөлім )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Денсаулықтан асқан байлық жоқ 5 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Денсаулықтан асқан байлық жоқ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]