Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Пайдалы ас» (5 сынып, III тоқсан,1 бөлім )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Пайдалы ас» (5 сынып, III тоқсан,1 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Денсаулық - зор байлық.
Сабақтың тақырыбы:«Пайдалы ас»
Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме)О4. Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау
Сабақтың мақсаты:О4. Мәтіндердің тақырыбын, мазмұндық құрылымын салыстыру.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Қызығушылықты ояту.
Ойтүрткі
o Денсаулыққа не пайдалы, ал не зиян?
o Денсаулыққа пайдалы аспен тамақтанасыз ба?
Жақсы әсер етеді Жаман әсер етеді
алма ауыз су попкорн газ сусындары
жүгіру таңғы ас ішу көп қант жеуге болмайды уақытында тамақтанбау
Сабақтың оқу мақсаттары мен бағалау талаптарымен таныстыру.
Мағынаны тану кезеңі.
Жеке жұмыс. /3 минут/
1-тапсырма: төмендегі сөздерді суреттермен сәйкестендіріңдер.
жеміс-көкөністер, ботқа, сүт тағамдары,
ет пен балық, тәттілер
Оқушылар жұпта бірін-бірі тексереді. Жауаптарымен бөліседі.
Тапсырманы орындауға 1 минут уақыт беріледі, тексеруге де бір минут уақыт беріледі.
2-тапсырма:
А) Екі мәтінді оқып, мәтіндерге тақырып қойыңдар.
Ә) Екі мәтінді салыстырып, төмендегі кестені топта толықтырыңдар.
Менің атым Мөлдір. Мен бесінші сыныпта оқимын. Әпкем – дәрігер. Ол маған таңғы астың пайдалы әрі маңызды екені туралы көп айтады. Бірақ таңғы асты ішпей оқуға баратындар көп. Әпкем таңғы астың адамға күш-қуат беретіні, көңіл күйге әсер ететіні жайында сөз етеді. Сондықтан мен күнде таңғы асты ішуді ұмытпаймын.
Достарым дүкеннің шұжығынан бутерброд жасап жегенді ұнатады. Дүкен шұжығында ешқандай дәрумен жоқ дейді әпкем. Оның орнына жеміс, көкіністерден салат әзірлеген дұрыс.
Ағзаға ең пайдалы – ботқа жармалары, пісірілген жұмыртқа, йогурт, майсыз сүзбе, ет және балық. Ақ нанның орнына қара нан жеген абзал. Табиғи шырындар мен компот, кокао және шай ағзамызды сергітеді.
Анам таңғы асқа жеңіл әрі асқазанға күш түсірмейтін тағамдарды әзірлейді. Денсаулыққа пайдалы тағамдарды жесек, күш-қуатымыз артады.
ТЖ 3-тапсырма: Мөлдірдің кеңестерін екінші рет тыңдап, төмендегі сөйлемдер дұрыс/бұрыс па анықта.
1. Жемістер мен көкөністерді күнде жеңіз.
2. Бізге йогурт жеу керек.
3. Ет күш-қуат береді.
4. Ақ нан жеген абзал.
5. Таңғы ас ішу денсаулыққа пайдалы.
6. Дүкеннен сатып алған шұжықта дәрумен бар.
Топтар өзара жұмыстарымен бөлісіп, бірін-бірі бағалайды.
Үй тапсырмасы: төмендегі сұрақтардың біреуін негізге алып, жұбыңмен диалог құрастырыңдар.
• Пайдалы асты ішу неге маңызды?
• Таңғы асқа не жеген пайдалы? Неге?
• Денсаулыққа зиян тағамдар туралы не білесіңдер?.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Тісті қорғау - денсаулық кепілі» (5 сынып, III тоқсан, 1 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Салауатты өмір салты үшін қандай шарттарды орындау қажет? (5 сынып, III тоқсан, 1 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Дастархан басындағы әдептілік (5 сынып, III тоқсан, 1 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тазалық - денсаулық кепілі (5 сынып, III тоқсан, 1 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жердегі климаттық өзгерістер №2 (7 сынып, I тоқсан, 3 бөлім )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары «Пайдалы ас» 5 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, «Пайдалы ас»

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]