Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Мектеп өмірі» тақырыбында эссе жазу (5 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Мектеп өмірі» тақырыбында эссе жазу (5 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп өмірі
Сабақтың тақырыбы: «Мектеп өмірі» тақырыбында эссе жазу
Оқу бағдарламасына сілтеме:Ж2. Эссе жазу
Сабақтың мақсаттары:Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Жаңа сабақтың мақсаты мен бағалау критерийін таныстырамын, үй тапсырмасын пысықтаймын.
Қызығушылықты ояту.
Мақал –мәтелдерді жалғастыр.
1. Мектеп – кеме, ... (білім-теңіз)
2. Оқусыз білім жоқ, ... (білімсіз күнің жоқ)
3. Оқу – инемен ... (құдық қазғандай
II. Эссенің жазылу талаптарын түсіндіру
Эссе жазуда абзац құрылымын ескеру.
Абзац жазудың негізгі шарттары.
Мәтіндер негізінен бірнеше абзацтан тұрады.
Бір абзацта бір ой толықтай ашып жазылады.
Әр абзац тақырыптық сөйлемнен ,қолдаушы сөйлемнен және қорытынды сөйлемнен тұрады.
Тақырыптық сөйлем – абзацтың негізгі идеясын көрсетеді.
Қолдаушы сөйлемдер – тақырыптық сөйлемдегі ойды ашатын сөйлемдер.
Қорытынды сөйлем – абзацтағы ойды қорытындылайтын сөйлем.
Сонымен қатар, ойды толықтыру үшін деректер мен мысалдарды да қосуға болады.
Ең бастысы абзац жаңа азат жолдан басталып жазылады.
Эссенің жазылу жоспары:
- Кіріспе (эссенің 30 % көлемі)
- Негізгі бөлім (эссенің 60 % көлемі);
- Қорытынды (эссенің 10 % көлемі);
Эссе
Кіріспе Кіріспе бойынша жұмыс жасағанда мына сұрақтарға жауап көмектесуі мүмкін: «Мен ашатын тақырып қазіргі кезде маңызды ма?», «Менің ойымша тақырыпқа қандай түсініктер енуі мүмкін?»
Негізгі
Дәлелдер мен талдаудың дамуын болжайды, сонымен қатар, бұл сұрақ бойынша бар мәліметтерге қарағанда басқа дәлелдер мен ұстанымдардың негіздеу қажет.
Эссенің негізгі мазмұны осында. Сондықтан маңыздысы тақырыпшалар, олардың негізінде дәлелдемелердің жүйеленуі (логикалық мәліметтерді қолдану немесе ой толғаулар) жүзеге асады, яғни ұсынылған дәлелдемелерді/талдауды негіздеу қажет.
Қорытынды
Тақырып бойынша дәлелді қорытынды мен жинақтау. Эссені қорытындылайды немесе негізгі бөлімде айтылғанды мәні мен мағынасын тағы да анықтайды. Қорытындыда «Эссенің басында айтылған мәселе бойынша не деуге болады?» деген сұраққа жауап болу қажет.
III. Жазылым
«Мектептегі үйірмелердің пайдасы» тақырыбында мектебіңіздегі үйірмелер туралы сипаттап жазыңыз. Сын есімдерді қолданыңыз. (60-70 сөз)
Төменде ұсынылған тірек сөздерді қолданыңыз:
қазақша күрес, қолөнер, драма, бос уақыт, көрме, қабілетті ұштау......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстан жері – ұлттар достығы мекені (5 сынып, IV тоқсан, 1 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстан жерінде өсетін пайдалы өсімдіктер (5 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жануарларды ғылыми мақсатта пайдалану (6 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: С Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңі (6 сынып, III тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Салауатты өмір салты Спорт және тағам (5 сынып, III тоқсан, 1 бөлім )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары «Мектеп өмірі» тақырыбында эссе жазу 5 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, «Мектеп өмірі» тақырыбында эссе жазу

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]