Қазақ тілінен сабақ жоспары: Үлгілі мектептер (5 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Үлгілі мектептер (5 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп өмірі
Сабақтың тақырыбы:Үлгілі мектептер
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:А5. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.
Сабақтың мақсаттары:Барлық оқушылар орындай алады:
Болашақтың мектебі туралы өз ұсынысын білдіру.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Мәтіннен сөз таптарын сұрақтары бойынша ажырату.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Өз көзқарасын сенімді білдіру.
Сабақ барысы:Қызығушылықты ояту
«Көңілді доп». Оқушылар шеңбер бойымен отырады. Мұғалім қолына доп алып, оқушыларға сұрақ қойып лақтырады. Допты қолына алған оқушы сұрақтарға жауап береді.
Мектеп деген не?
Саған мектепте не ұнайды?
Егер қолыңда билік болса, мектепте нені өзгертер едің?
Болашақтың мектебін қалай елестетесің
Топқа бөлу: Оқушылар 4топқа зат есім, сын есім, сан есім, етістік атаулары жазылған қағаз қиындыларымен бөлінеді.
Топтық жұмыс.
«4 аялдама» әдісі. Оқушылар мәтінді оқып болған соң, мұғалім сыныпқа тапсырманың 4 аялдамадан тұратындығын айтып өтеді.
Әр аялдамада А3 парағы мен маркер жатады. Оқушылар 1-топ 1-аялдаманың шартын ( берілген мәтіннен кім? не? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді тауып жазу) орындайды; 2-топ 2-аялдаманың шартын (мәтіннен не істеді? не істеген? сұрақтарына жауап беретін сөздерді теріп жазу); 3-топ 3-аялдаманың шартын (мәтіннен қандай? сұрағына жауап болатын сөздерді теріп жазу); 4-топ 4-аялдаманың шартын (қанша? сұрағына мысалдар жазу) орындайды. Берілген уақыт біткен кезде топтар сағат тілімен жылжи отырып, аялдама ауыстырады да, алдыңғы топтың бастаған жұмысын жалғастырады. Осылай екі аялдамадан кейін тапсырманың шарты өзгереді. Енді әр топ үшінші аялдамаға келгенде алдыңғы топтардың орындаған жұмыстарын тексеріп, қажет болса толықтырады, түзетеді.
Мәтін
Итон мектебі, Англия (Тәртібі ең қатал мектеп)
Аты аңызға айналған британдық Итон метебі – саясат пен мәдениет әлеміне аяқ басар рұқсат қағазы десе де болады. Білесіз бе, мектептің негізі 1440 жылы қаланған екен. Алғашқыда мұнда 70 қана шәкірт өз білімдерін жетілдіретін болған. Ол кездері мектеп өте суық және тар бөлмелерде сабақтар өтетін және темірдей қатал тәртіп пен таңертеңгі алтыда басталатын сабақтар шәкірттер үшін өте ауыр еді.
Араға 500 жыл салған мектептің бүгінгі жағдайы өте жақсы! Итонда қазіргі таңда мыңнан аса шәкірт өз білімдерін шыңдауда. Ал «тәртіпке бағынған – құл болмайды» деген ұстанымды берік ұстанатын мектеп ұжымы баяғы қатаң тәртіпті әлі жалғастыруда. Әлемге ең қатал мектеп деген атпен танымал.
Сабақтар әрбір оқушыға жекеше өтіледі және таңнан кешке дейін жалғасады. Итон мектебінен небір танымал жазушылар мен өнер қайраткерлері және саясаттанушылар түлеп ұшқан. Спорт саласындағы жетістіктері де көңілден шығады.
Мектептің ең негізгі ерекшелігі: мұнда тек ұлдар ғана білім алады.
Жауаптар.
Кім? сұрағына жауап беретін сөздер: шәкірт, оқушы, жазушы...
Не? сұрағына жауап беретін сөздер: мектеп, қағаз, сабақ...
Қандай? сұрағына жауап беретін сөздер: ауыр, суық, тар...
Не істеді? сұрағына жауап беретін сөздер: қаланған, білімдерін жетілдіретін, жалғастыруда.
Бағалау критерийі:
Мәтінді оқып, түсінеді;
Зат есім, сын есім, сан есім, етістіктерді мәніннен таба алады.
Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек»
Топтар бір-бірінің жұмыстарының екі сәтті тұсын және бір ұсынысын айтады.
Шығармашылық жұмыс.
«Болашақтың мектебі» атты жазба жұмысын жазыңыз. Сонан соң оны өзіңіңіздің жұбыңызға таныстырыңыз.
Шарты:
Болашақтың мектебі қазіргі мектептен жаңаша үлгіде болу керек;
Ойға қонымды, шындыққа жанасымды болу қажет.
Бағалау «Бас бармақ» әдісі.
Жұптар бір-бірінің жұмысын тыңдаған соң бас бармағын көтеріп, бағалайды, пікір айтады. .....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әдептілік (5 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бердібек Соқпақбаев «Менің атым- Қожа» повесі (пысықтау сабағы) (5 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мектеп өмірі Әдепті бала - арлы бала (5 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: М.Мағауин «Бір атаның балалары» (үзінді) (5 сынып, IV тоқсан, 1 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әдептілік – әдемілік белгісі (5 сынып, I тоқсан, 2 бөлім)

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Үлгілі мектептер 5 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Үлгілі мектептер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]