Қазақ тілінен сабақ жоспары: Көктем мезгілі туралы оқу (2 сынып, IV тоқсан )
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Табиғат және қоршаған орта»
Сабақтың тақырыбы:Көктем мезгілі туралы оқу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.1.5.1 Тыңдаған /оқыған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді
2.1.6.1 Автордың мәтінде арнайы қолданған сөздерді таңдау себебін анықтайды (мысалы, үлкен ғимарат - зәулім ғимарат, биік тау-асқар тау)
Сабақтың мақсаттары:Барлығы: тақырыпқа қатысты сөздердің мағынасын түсінеді, сұрақтарға жауап береді
Көбі: оқыған мәтіннің мазмұнын толық түсінеді, сипаттау сөздермен сөйлемдер құрайды
Кейбірі: мәтінге қатысты пікірін айтады.
Сабақ барысы: Қар мұз еріп,
Су көбейіп,
Сай салаға ағады.
Бүршік шашып,
Жапырық ашып
Гүл, бәйшешек басады,
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Оқушылардың жауаптары арқылы сабақтың тақырыбын анықтау
Сабақтың мақсатымен таныстыру
Оқыған/тыңдаған сөздердің мағынасын түсінемін.
(Ө, Қ) Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жаз.
........... шығады . ........... ұшып келеді.
Ағаштар ........ жарады. Мұз ................ .
Аңдар ұйқысынан ............ . .......... гүлдейді.
(МК, Ұ) Аңдар туралы жұмбақ жасыру.
1. Тойды баққан,
Қойды қаққан. (Қасқыр)
2. Күндіз – түні ерінбей,
Үйді жүрер күзетіп. (Ит)
3. Екі жеңдей құлағы,
Дыбыс сезіп тұрады. (Қоян)
4 Сайқымазақ құлағы бар,
Барған жерде ұрлығы бар,
Бұл қандай аң? (Түлкі)
5. Төбесінде қу бұтақ,
Алар екен кім бұтап? (Бұғы)
6. Мұрны насос, кран да,
Таң қаламын, бұл аңға! (Піл)
Балалар, бұл жұмбақтар нелер туралы?
Неліктен аңдар туралы жұмбақтар айттым деп ойлайсыңдар?
Дұрыс айтасыңдар, қазіргі оқитын мәтініміздегі оқиғаға осы аңдар қатысады.
(Ұ) «Бірлесіп оқу» әдісі, болжау стратегиясы
Таң атты. Барлық жан-жануарлар ұйқыдан оянды. Арыстан үйшігінің жанына аң біткен топырлап толып кетті.
- Қалай ойлайсыңдар, арыстан аңдарды жинап алып не істемекші?
Аңдарға не айтуы мүмкін?
- Бәріңе бір сұрақ беремін, - дейді Арыстан жиналғандарға жағалай қарап алып.
- Көктем сәні неде?
- Сендер қалай жауап берер едіңдер осы сұраққа? «Сән» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- Гүл, тақсыр, - деді қасқыр.
- Хош иіс, -деді ит...
- Жасыл желек,-деді Ақбөкен.
- Мөлдір су,-деді Қоян.
- Ашық аспан,- деді Түлкі..
- Салқын самал,-деді Бұғы..
- Еңбек, -деді Піл.
- Аңдар айтып біттік дегендей іркіліп қалды. Арыстан оқты көзін бұлғынға қадады (Бұлғынның суреті).
- Сен неге үндемейсің?
- Балалар, бұлғын неге үндемей қалды екен? Қалай ойлайсыңдар?
Мәтін бойынша сұрақтар қою:
Аң патшасы арыстан екендігін ертегінің қай жерінен байқадыңдар?
Ертегіде қандай аңдар жайлы айтылған?
Мәтіннен заттың сынын, сапасын білдіріп тұрған сөздерді атаңдар. Бұл сөздер қандай сұраққа жауап береді?
Автор көктем сәні, хош иіс, салқын самал, жасыл желек, мөлдір су, ашық аспан деген тіркестерді неге қолданған?
Өздерің көктем сәні неде деп ойлайсыңдар?
Көктем жайлы қандай өлең, тақпақтар білесіңдер?
(Ұ) Мәтінді рөлге бөліп оқу
(Ө) Мәтіндегі ұнаған жауапқа комментарий (пікір) жазу.
Жазғандарын оқып береді, бір-бірін бағалайды. ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Төрт мезгіл туралы оқу (2 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Отбасы бәйтерегі №2 (1 сынып, 3 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сынып бөлмесіне қатысты дыбыстар №2 (1 сынып, 2 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Менің денем – оқылым №3 (1 сынып, 8 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Аңдар №4 (1 сынып, 4 бөлім )

Іздеп көріңіз: