Қазақ тілінен сабақ жоспары: Төрт мезгіл туралы оқу (1-сабақ) (2 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Төрт мезгіл туралы оқу (1-сабақ) (2 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі (Т2)
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған орта
Сабақ тақырыбы:Төрт мезгіл туралы оқу (1-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.3.2.1 шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым фразалардың/ сөйлемдердің мағынасын түсіну.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым фразалардың мағынасын мұғалімнің көмегімен түсінеді.
Көптеген оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.
Кейбір оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді, сөйлеу барысында қолданады.
Сабақ барысы: (Ұ) Қызығушылықты ояту. «Жасырын сурет»
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы жасырын суретті ашады. Сурет бойынша сабақтың тақырыбын болжайды.
1) Қандай ертегі кейіпкерлерін білесің?
2) Үйшікті бірінші болып кім көрді?
3) Денің сау болу үшін не істеу керек?
4) Мақта қыз не үшін мысықтың құйрығын алып қойды?
5) Дұрыс тамақтану деген не?
6) Мерекеге қандай тілектер айтасың?
7) 8-наурыз мерекесімен сен кімді құттықтадың?
8) Үйшікті кім сындырды?
9) Саған қай ертегі ұнайды?
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
(Ж) Сөз сыры. Оқушылар сурет пен сөзді байланыстырып оқиды, әр сөз орамының мағынасын түсіндіреді.
Тапсырманың мақсаты – оқушыларды тақырыпқа қатысты жаңа сөздер мен сөз орамдарымен таныстыру.
ериді
жылынады
ұшып келеді
оянады
(Ж) «Оқы, біл». Оқушылар көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, берілген мәтінді оқиды. Жұпта сұрақтарға жауап береді.
Тапсырманың мақсаты – оқушылардың оқылым дағдысын дамыту, жаңа сөздер мен сөз орамдарын сөйлеу барысында қолдануға үйрету.
Көктем келді. Көктем айлары – наурыз, сәуір, мамыр. Көктемде ................. ериді, жылы жақтан ............ ұшып келеді. Көктемде барлық .......... оянады. Көктемде ................. жылынады, .............. жеңіл киім киеді.
Керекті сөздер: күн, қар, табиғат, құстар, адамдар.
Сұрақтар:
1) Көктем айлары қандай?
2) Көктемде не болады?
Кері байланыс. «Бағдаршам» арқылы жұмысына кері байланыс жасайды.
Қиын болды
Аздап қиындау болды
Жеңіл болды....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Отбасы туралы әңгімелер оқу (1-сабақ) (2 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Отбасы туралы әңгімелер оқу (1-сабақ) (1 сынып, 2 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Демалыс күндері туралы оқу (3-сабақ) (2 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Отбасы туралы кітаптардан және экраннан әңгімелер оқу (2 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Отбасы туралы жазу үшін идеялар жинақтау (2-сабақ) (2 сынып, I тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Төрт мезгіл туралы оқу (1-сабақ) 2 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Төрт мезгіл туралы оқу (1-сабақ)

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]