Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстан табиғаты Ақпарат іздеу №2 (2 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстан табиғаты Ақпарат іздеу №2 (2 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Туған өлкем»
Сабақ тақырыбы:Қазақстан табиғаты Ақпарат іздеу №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)3.5 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу
2.3.5.1 мұғалімнің көмегімен сөздік, анықтамалықтардан қажетті ақпаратты жинақтау және қажетті ақпаратты іріктеп алу
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: Мұғалімнің көмегімен сөздік, анықтамалықтардан қажетті ақпаратты жинақтайды.
Көптеген оқушылар: мұғалімнің көмегімен сөздік, анықтамалықтардан қажетті ақпаратты жинақтайды және қажетті ақпаратты іріктеп алады.
Кейбір оқушылар: Өз бетінше сөздік, анықтамалықтардан қажетті ақпаратты жинақтайды және қажетті ақпаратты іріктеп алады.
Сабақ барысы: Ертеңгілік шеңбері
(МК,Ө) «Ортақ портрет» әдісі бойынша Қазақстанның әр аймағына сипаттама береді.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
Қазақстан табиғаты. Ақпарат іздеу.№2
-Сабағымыздың мақсаты:
• Сөздік, анықтамалықтардан қажетті ақпаратты жинақтайды және қажетті ақпаратты іріктеп алады.
(Т) Оқушыларды екі топқа бөліп бір топқа мәтін беріледі. Екінші топқа суреттер беріледі.
Топтар берілген материалмен танысып, топта талдап өз білгендерімен басқа топты таныстырады.
1-топ тапсырмасы. Мәтінті мұқият оқып, екінші топқа мазмұнын жеткізу. Кейбір әрекеттерге баға беріп кету.
Жексенбіде орманда
Жексенбі күні достарымызбен орманға саяхатқа бардық. Орман іші өте әдемі екен. Біз демалатын жақсы жер іздедік. Жолдағы саңырауқұлақтардың бірін жинап алдық. Қалғанын таяқпен ұрып, сындырып тастадық. Біраз жүрген соң өзен жағасындағы ашық алаңқайға жеттік. Сол жерде демалдық. Музыка қойып биледік. Қыздар гүл терді. Біз ағаш бұтақтарынан қылыш жасап алдық. Тамақтанып алып, ары қарай кеттік. Кетер кезде Нұрлан қоқыстарды отқа қарай лақтырып тастады. Жолда бір құстың ұясын көрдік. Ұядағы жұмыртқаларды ұстап көрдік те, қайтадан орнына салып қойдық. Әмірхан кішкентай кірпіні ұстап алды. Оны өзімізбен бірге алып кеттік.
Кешке қарай құшақ толы гүлдерімізбен үйге қайттық. Саяхатымыз өте көңілді өтті.
2- топ тапсырмасы. Суреттерді сөйлету.
(Ұ) Оқушылар бір-бірінің жинаған ақпараттарын талдайды және бағалайды.
Мұғалім оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалайды:
• Қазақстанның табиғатына қатысты ақпараттарды сипаттауын;
• өзара бір-бірінің ақпараттарын талдауын.
СЕГІТУ СӘТІ
Дифференциация:
қабылдау деңгейі жоғары оқушылар Қазақстанның табиғатына қатысты ақпараттарды сипаттайды;
қабылдау деңгейі орташа оқушылар Қазақстанның табиғатына қатысты ақпараттарды жинайды. Тірек сөздерді пайдалана отырып, табиғат туралы екі-үш сөйлем айтады
Үйге тарпсырма: Қазақстанның табиғатына қатысты ақпарат ізеп, 5 сөйлемді дәптеріне жазады.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жануарлардың мекені 9-сабақ (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сөз табы туралы түсінік Дереккөздермен жұмыс Берілген тақырып сұрақ бойынша қажетті ақпараттарды іріктеп алу үшін дереккөздерді (сөздік анықтамалық энциклопедия) қолдана білу алынған ақпаратты (2 сынып, III тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Орман таулы аймақ немесе табиғи қорыққа саяхат (саяхатқа шығу міндетті емес) №4 Астана – бас қала (2 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Демалу мәдениеті №7 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім)
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: 8-сабақ Қолөнер шебері (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Қазақстан табиғаты Ақпарат іздеу №2 2 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Қазақстан табиғаты Ақпарат іздеу №2

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]