Қазақ тілінен сабақ жоспары: Дене мүшелері – идеяларды есте сақтау (1-сабақ) (1 сынып, 8 бөлім )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Дене мүшелері – идеяларды есте сақтау (1-сабақ) (1 сынып, 8 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың – жаны сау
Сабақ тақырыбы:Дене мүшелері – идеяларды есте сақтау (1-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.3.2.1 шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын мұғалімнің қолдауымен түсінеді.
Көптеген оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді.
Кейбір оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын толықтай түсінеді.
Сабақ барысы:(МК) Қызығушылықты ояту. «Шаттық шеңбері».
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Жаңа білім алуға,
Алға қадам жасаймыз.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру.
(МК) Грамматикалық қоржын. Оқушылар көмектес септігімен танысады. Ол үшін ұсынылған сызбаны оқиды, өздері жалғастырады.
Қол + мен ұстайды.
Аяқ + пен жүреді.
Көз + ...... көреді.
Мұрын +........
(МК) «Суреттер сөйлейді»
Суреттер бойынша дене мүшелерінің атқаратын қызметін анықтайды.
Көзбен көреді.
Құлақпен естиді.
Мұрынмен иіс сезеді.
Қолмен ұстайды.
Аяқпен жүреді.
Ауызбен тамақ ішеді.
(Ө) «Тапқыр болсаң, тауып көр!» Суретке бойынша сөздерді сәйкестендіреді. Сәйкестендіргендері бойынша дұрыс/бұрыстығын анықтап, сөйлейді.
Аяқпен көреді.
Қолмен естиді.
Көзбен жүреді.
Құлақпен тамақ ішеді.
Ауызбен иіс сезеді.
Мұрынмен ұстайды.
Сергіту сәті. «Аяқпенен топ-топ-топ» әнін айтып, қимылдар жасайды.
Аяқпенен топ – топ – топ,
Алақанмен хлоп – хлоп – хлоп.
Бір оңға, бір солға,
Айналайық кел мұнда.
Қолымызды бір сілтеп,
Басымызды шайқайық.
Бір оңға, бір солға
Ойнайықшы кел мұнда.
Секіреміз жоғары,
Қиын емес секіру.
Бір оңға, бір солға
Секірейік кел мұнда.
Бір оңға, бір солға
Секірейік кел мұнда......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Дене мүшелері - оқылым (1-сабақ) (1 сынып, 8 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ауруханаға бару (1-сабақ) (1 сынып, 8 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ертегілер – қысқа фильмдерді көру «Үйшік» ертегісі (1-сабақ) (1 сынып, 6 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Отбасы туралы әңгімелер оқу (1-сабақ) (2 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Отбасы туралы әңгімелер оқу (1-сабақ) (1 сынып, 2 бөлім )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Дене мүшелері – идеяларды есте сақтау (1-сабақ) 1 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Дене мүшелері – идеяларды есте сақтау (1-сабақ)

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]