Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жемістер мен көгөністер (1-сабақ) (1 сынып, 7 бөлім )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жемістер мен көгөністер (1-сабақ) (1 сынып, 7 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тағам және сусын
Сабақ тақырыбы:Жемістер мен көгөністер (1-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.1.4.1 мұғалімнің қолдауымен тыңдаған материалдың кім/ не туралы екенін түсіну
1.3.1.1 жиі қолданылатын сөздерді тұтас оқу
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен тыңдаған материалдың не туралы екенін түсінеді, жиі қолданылатын қарапайым сөздерді тұтас оқиды.
Көптеген оқушылар: тыңдаған материалдың не туралы екенін түсінеді, жиі қолданылатын сөздерді тұтас оқиды.
Кейбір оқушылар: тыңдаған материалдың не туралы екенін түсінеді, жиі қолданылатын сөздерді еркін оқиды.
Сабақ барысы: (МК) «Не көп?» ойыны.
Берілген суреттерден көп заттарды тауып, сол арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру.
(Ж) «Жұбыңды тап!»
Сөздер мен суреттерді сәйкестендіру арқылы жұпқа бөлінеді. Өз жұбының жемісін атап, сипаттайды. Тақтаға іліп қояды. Осылай тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен танысады.
Мысалы: Мынау – алма. Ол жасыл, дәмді, қатты.
Кері байланыс. «Полюстер» арқылы өз жұмысына баға береді. Мұғалім айтқан критерийлер бойынша «Иә/жоқ» деп екі жаққа бөлінеді. Дәлел ретінде себеттен алып көрсетеді, сипаттайды.
Бағалау критерийлері:
 Мен жемістердің 6 атауын білемін.
 Мен жемістерді сипаттай аламын.
(Ж) «Кім тапқыр?»
Оқушылар бір жемісті жасырып, сипаттайды. Сипаттауларын Whiteboard парақтарына жазады.
Үлгі: Ол – қызыл. Ол – дәмді. Ол – үлкен. (анар)
Кері байланыс. «Бағдаршам» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.
Жасыл түс – жеңіл болды
Сары түс – аздап қиын болды
Қызыл түс – қиын болды
(Ө) «Сыңарын тап». Оқушылар жеміс атауларын оқып, суретпен сәйкестендіреді. Түпнұсқамен салыстыру арқылы өзін-өзі тексереді. Сөздерді дұрыс оқиды.
Жүзім
Шабдалы
Алмұрт
Алма
Анар
Өрік .....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Жемістер мен көгөністер (1-сабақ) 1 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Жемістер мен көгөністер (1-сабақ)

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]