Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тамақ және сусын "Жеміс және көкөністер" жазылым (2-сабақ) (1 сынып, 7 бөлім )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тамақ және сусын "Жеміс және көкөністер" жазылым (2-сабақ) (1 сынып, 7 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7
Сабақ тақырыбы:Тамақ және сусын"Жеміс және көкөністер" жазылым (2-сабақ).
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) Ж1 Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады.
Ж2 Қарапайым, түсінікті тілмен жазады.
А6 Қарапайым айтылымдарды қайталайды.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
Білетін әріптерді пайдалана отырып қарапайым сөздер құрайды.
Қарапайым айтылымдардың кейбірін қайталайды.
Оқушылардың көпшілігі:
Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады. Қарапайым, түсінікті тілмен жазады. Қарапайым айтылымдарды қайталайды.
Кейбір оқушылар:
Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады. Қарапайым, түсінікті тілмен жазады. Қарапайым айтылымдарды өздігінен қайталайды.
Сабақ барысы: (МК) «Сөздер тізбегі»
Мұғалім бірінші сөйлемді айтады. Оқушылар бірін-бірі тыңдай отырып, сөйлемдерді реттілікпен жалғастырып, тізбекті жалғастырулары керек.
Үлгі: Бұл- жидек. Ол қарақат. Оның түсі қара. Ол кішкентай, жұмсақ, дәмді, пайдалы. Мен қарақатты жақсы көремін.
(Т) «Кім тапқыр?»
Оқушыларды өз заттары арқылы 3 топқа бөліп, әр топқа жемістер, жидектер, көкөністер жазылған әріптер мен суреттер беріледі. Оқушылар суретке сәйкес әріптерді жинақтап, сөздерді дұрыс құрастырулары керек. Әр топ кем дегенде жеміс-жидектердің 4-5 атауын жинақтайды.
Жемістер Жидектер Көкөністер
Алма Құлпынай Қияр
Алмұрт Таңқурай Орамжапырақ
Алхоры Шие Қызанақ
Шабдалы Қарбыз Қызылша
Өрік Жүзім Картоп
Анар Мүкжидек Сәбіз
Пияз
(МК) «Полюстер» кері байланыс.
Жасаған жұмыстарына кері байланыс жасайды.
 Мен жидек туралы жалғастырып айта алдым.
 Мен жеміс-жидектердің атауын жинақтай алдым.
(МК) «Бірлесіп жазу»
Оқушыларға сурет беріледі. Мұғалім жазушы қызметінде болады. Оқушылар суретте көргені туралы сөйлемдермен айтады. Мұғалім тақтаға жазып отырады. Жазылған шағын мәтінді оқушылар бірнеше рет оқып, мазмұндап айтады......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тамақ және сусын "Жеміс және көкөністер" жазылым (1-сабақ) (1 сынып, 7 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тамақ және сусын "Жеміс және көкөністер" жазылым (3-сабақ) (1 сынып, 7 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кешкі ас мәзірін жазу №2 (1 сынып, 7 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Көлік туралы жазу үшін ақпараттар №2 (1 сынып, 5 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстан туралы өлең шығару №2 (1 сынып, 6 бөлім )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Тамақ және сусын "Жеміс және көкөністер" жазылым (2-сабақ) 1 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Тамақ және сусын "Жеміс және көкөністер" жазылым (2-сабақ)

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]