Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстан туралы өлең шығару №3 (1 сынып, 6 бөлім )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстан туралы өлең шығару №3 (1 сынып, 6 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Салт дәстүр және ауыз әдебиеті
Сабақтың тақырыбы:Қазақстан туралы өлең шығару №3
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
4.4 Грамматикалық нормалар және сауатты жазу
1.4.4.1 Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі, жазуда саналы түрде ескеріп отырады
4.2 Көркемдегіш құралдарды пайдаланып жазу
1.4.2.1 Қарапайым, түсінікті тілмен жазады.
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы: Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі. Қарапайым тілмен жазады.
Көбі: Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі, жазуда ескеріп отырады. Қарапайым, түсінікті тілмен жазады.
Кейбірі: Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі, жазуда саналы түрде ескеріп отырады. Қарапайым, түсінікті тілмен қатесіз жазады.
Сабақ барысы: Ертеңгілік шеңбері
(Ұ) Өлеңді жатқа мәнерлеп айту.
Отан- сенің, ата-анаң
Отан- сенің, ата-анаң,
Отан- досың, бауырың.
Отан- өлкең, астанаң,
Отан- аудан, ауылың.
(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.
«Неткен Сұлу Қазақ жері» атты бейнежазбаны көру.
Қандай көріністер ұнады? Неге? деген сұраққа жауап береді.
(Т,Қ) Қабылдау деңгейі орташа оқушылармен жеке жұмыс істеу, олардың төмендегі дағдыларын бағалау:
• сурет бойынша зат есімдерді атау;
• зат есімге сын есімді тіркестіре алу;
• етістіктерді тіркестіре алу;
• сурет бойынша тақпақ құрастыру.
Оқушыларды топтарға бөлу. Суреттер бойынша өлең құрастырады.
(Б,Қ) Оқушылар жазған өлеңдерімен өзара алмасады, бір-бірін бағалап, өз пікірлерін білдіреді.
СЕРГІТУ СӘТІ. Айгөлек
Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек!
Айдай толған кезімде
Би билеймін дөңгелеп!

Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек!
Күндей нұрлы шағымда
Күнге жетем өрмелеп! .....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Көлік туралы жазу үшін ақпараттар №1 (1 сынып, 5 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Саяхат Көлік туралы жазу үшін ақпараттар (1-сабақ) (1 сынып, 5 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Саяхат Көлік туралы жазу үшін ақпараттар (2-сабақ) (1 сынып, 5 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстан туралы өлең шығару №2 (1 сынып, 6 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Фильмді сипаттау№2 (1 сынып, 3 бөлім )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Қазақстан туралы өлең шығару №3 1 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Қазақстан туралы өлең шығару №3

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]