Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ертегілер әлемінде Қожанасырдың тойға баруы (1 сынып, 6 бөлім )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ертегілер әлемінде Қожанасырдың тойға баруы (1 сынып, 6 бөлім )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақ тақырыбы:Ертегілер әлемінде. Қожанасырдың тойға баруы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттарды түсіну
1.1.4.1 мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну
2.4 Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау
1.2.4.1 фото/сурет/ қуыршақтарды қолданып шағын мәтінді мазмұндау
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім туралы екенін түсінеді, кейіпкерлерді суреттер арқылы танып, сипаттайды.
Көптеген оқушылар: мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім туралы екенін түсінеді, суреттер арқылы кейіпкерлердің әрекетін сипаттайды.
Кейбір оқушылар: мұғалімнің көмегінсіз тыңдаған материалдың кім туралы екенін түсінеді, суреттер арқылы мәтінді мазмұндайды.
Сабақ барысы: Сурет арқылы мұғалімнің көмегімен оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды.
– Мынау кім?
– Ол аңыз кейіпкері.
– Оның аты кім?
– Бұл Қожанасыр. Қожанасыр тапқыр, ақкөңіл, еңбекқор, әзілкеш кісі болған
Сөздікпен жұмыс:
Қожанасыр, үй иесі, ертегі, аңыз, әңгіме, бяғыда, біреу, төр, сыйлау, құрметтеу, сыйламау, құрметтемеу, шапан, жең, ешкім елемепті.
Тыңдалым.
Тапсырма
Оқушылар аудиомәтінді тыңдайды.
Түсінгендерін ортаға салады.
- Ертегі кім туралы?
Оқылым. Оқулықпен жұмыс, 49-бет.
Тапсырма
Оқушылар мәтінді оқиды.
Мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
Мәтін
Баяғыда біреу той жасапты, тойға көп кісі жиналыпты, Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожанасырды ешкім елемепті. «Төрге шық, тамақ іш», - демепті. Қожа үйден шығып кетеді де үйіне барып, тәуір киімдерін киіп, қайта келеді. Бұл жолы үй иесі Қожанасырды құрметтейді, төрден орын береді, ет келгенде:
- Қожеке, алыңыз, алыңыз! - деп, қошеметтейді. Қожа етті жемей, табаққа шапанының жеңін малып:
- Же, шапаным, же! - деп, отыра береді.
Үй иесі:
- Сіздің бұ не қылғаныңыз? Шапан ет жейтін бе еді? - дейді.
Сонда Қожа:
- Сен кісіні сыйламайды екенсің, киімді сыйлайды екенсің. Сондықтан шапаныма жегізіп отырғаным! - деп, жауап береді.
Сұрақтар:
1. Ертегінің кейіпкерлері кімдер?
2. Қожанасыр қайда барыпты?
3. Қожанасырдың киімі қандай болыпты?
4. Бай Қожанасырды қалай қарсы алыпты?
5. Қожанасыр неге тамақты жеңіне жегізіпті?
6. Қожанасыр қандай?
7. Үй иесі қандай?......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Ертегілер әлемінде Қожанасырдың тойға баруы 1 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Ертегілер әлемінде Қожанасырдың тойға баруы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]