Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ертегілер – қысқа фильмдерді көру №1 (1 сынып, 6 бөлім )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ертегілер – қысқа фильмдерді көру №1 (1 сынып, 6 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Салт дәстүр және ауыз әдебиеті
Сабақтың тақырыбы:Ертегілер – қысқа фильмдерді көру №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.1 Зейін қойып оқу.
1.1.1.1 Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және дұрыс қабылдайды.
1.3 Мәтіндегі негізгі және қосалқы ақпараттарды анықтау және болжау.
1.1.3.1 Әңгіме (оқиға), өлең, ән жанрларын түсінеді, ажыратады\ таниды.
2.2 Тыңдалған мәтінді мазмұндау, дәлелдеу.
1.2.2.1 Қарапайым әңгімелерді (мәтінді) мазмұндайды.
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы: Сөздерді зейін қойып тыңдайды. Әңгіме (оқиға), өлең, ән жанрларын түсінеді. Қарапайым әңгімелерді (мәтінді) сұраққа жауап беру арқылы мазмұндайды.
Көбі: Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді. Әңгіме (оқиға), өлең, ән жанрларын түсінеді, ажыратады. Қарапайым әңгімелерді (мәтінді) мазмұндайды.
Кейбірі: Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және дұрыс қабылдайды. Әңгіме (оқиға), өлең, ән жанрларын түсінеді, ажыратады\ таниды. Қарапайым әңгімелерді (мәтінді) мазмұндап, қорытынды жасай алады.
Сабақ барысы: Ертеңгілік шеңбері
(Ұ) Оқушылардан қандай ертегілерді білетінін сұрау.
-Балалар, сендер қандай ертегілерді білесіңдер?
Оқушылар оқыған тыңдаған, көрген ертегілерін айтып береді.
(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.
(Ұ) Оқушылар «Түлкі мен бөдене» ертегісін тыңдайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Мысалы:
• Біздің тыңдағанымыз әңгіме ме, өлең бе, әлде ертегі ме?
• Ертегінің ерекшеліктері қандай?
• Сендерге ертегі ұнады ма? Неге?
• Қай кейіпкер ұнады? Неге?
(Ө) Оқушылар ертегідегі өздеріне ұнаған бөлімнің суретін салады. Салған суреттері бойынша сөйлейді.
СЕРГІТУ СӘТІ.
Күніміз жарық болсын,
Аспанымыз ашық болсын.
Деніміз сау болсын,
Елімізде тыныштық болсын. .....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Ертегілер – қысқа фильмдерді көру №1 1 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Ертегілер – қысқа фильмдерді көру №1

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]