Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мектепке барар жол-шағын есеп жазу (1 сынып, 5 бөлім )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мектепке барар жол-шағын есеп жазу (1 сынып, 5 бөлім )

Пән: Қазақ тілі (екінші)
Бөлім: Саяхат
ТАҚЫРЫБЫ:Мектепке барар жол-шағын есеп жазу.
ОҚУ МАҚСАТТАРЫ: Т 2 Күнделікті өмірде қолданатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді.
А 2 Қарапайым әңгімелерді (мәтінді) мазмұндайды.
Ж4 Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі, жазуда саналы түрде ескеріп отырады.
САБАҚ МАҚСАТЫ:Барлық оқушылар:
Тірек сөздерді бірнеше рет қайталап айта алады. Сурет пен ақпаратты сәйкестендіре алады.
Оқушылардың көбі:
Тақырыпқа сай сөздікпен жұмыс істей алады, берілген сөздерден сөйлемдер құрып, жұпта жаза алды.
Оқушылардың кейбірі:
Сөздерді сөзбен сәйкестендіріп, қосымша ақпарат айта алады. Берілген фразалардан тақырыпқа сай әңгімелей алады.
Сабақ барысы: Ертеңгілік шеңбер
Күнде ерте тұрамын,
Ерте тұру ұраным.
Тапсырмамды орындап,
Мектепке бет бұрамын.
Мынау қобдишада не бар деп ойлайсыңдар?
Оқушылардың ұсыныстары.
(көлік, қалам, жол)
Не үшін керек? сұрағы арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстырып өту.
(Ж) «Жұбын тап» ойыны арқылы бір топ оқушыларға суреттер беріледі, екінші топ оқушыларға сөйлемдер беріледі. Оқушылар бірлесіп, жұптарын табу керек, әрі ол сурет туралы ақпаратты оқып, қосымша ақпарат айтуға болады.
Бірінші жұп
Мен ата-анамен қоштасамын.
Екінші жұп
Автобуста достармен сөйлесемін.
Үшінші жұп
Автобустан түсемін.
Төртінші жұп
Мен досыммен мектепке барамын.
Бесінші жұп
Бағдаршамның жасыл түсіне өтеміз.
Сергіту сәті «Көңілді күн»
(Ж) Жазылым.
Жұпта сөйлемдер жинақтау. Ламинат қағазға жазу.
Бірінші жұп
Мен анамен қоштастым.
Екінші жұп
Мен мектепке автобуспен келдім.
Үшінші жұп
Автобуста достармен сөйлестім.
Төртінші жұп
Бағдаршамның жасыл түсіне өттім.
Бесінші жұп
Мен көліктен түстім.
Бағалау
Жұптар бір-бірін саусақ арқылы немесе шапалақ арқылы бағалайды.
(МК) Интерактивті тақта арқылы сөйлемдер мен суреттерді сәйкестендіру.
(Ж,қ) Суреттің қасына реттілігін білдіретін сөйлемді жазу. Сөйлемдерді сауатты көшіріп жазу.
1. Сабақта отырмын.
2. Автобустан түстім.
3. Үйден мектепке шықтым.
4. Аялдамаға келдім.
5.Мектепке келдім.
6. Автобусқа отырдым.
Дұрыс жауаптар
1.Үйден мектепке шықтым.
2.Аялдамаға келдім.
3.Автобусқа отырдым.
4.Автобустан түстім.
5.Мектепке келдім.
6.Сабақта отырмын....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Мектепке барар жол-шағын есеп жазу 1 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Мектепке барар жол-шағын есеп жазу

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]