Қазақ тілінен сабақ жоспары: Үй жануарлары (2-сабақ) (1 сынып, 4 бөлім )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Үй жануарлары (2-сабақ) (1 сынып, 4 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4 Күні
Сабақ тақырыбы:Үй жануарлары (2-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.5.1.1 мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша тілде қолдану
1.2.6.1 мұғалімнің қолауымен ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ дыбыстарын артикуляциялау
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша тілде қолданып, ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ дыбыстарын дұрыс айтады.
Көптеген оқушылар: заттың атын/сынын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша тілде қолданады, ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ дыбыстарын дұрыс айтады.
Кейбір оқушылар: заттың атын/сынын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша тілде еркін қолданады, ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ дыбыстарын дұрыс айтады.
Сабақ барысы: (МК) Ертеңгілік шеңбер.
Біз бақытты баламыз,
Ойнап, күліп аламыз.
Жетілсін деп санамыз,
Оқып білім аламыз.
(Ө) «Әріптеп айт»
Суретте көрген үй жануарларын анықтап, атауын әріптеп айтады.
(Ж) «Жұбынды тап» Оқушыларға үй жануарлары мен төлдері таратылып (карточкада төлдердің атаулары жазылады) беріледі. Сыныптың жартысы анасын іздейді, екінші жартысы төлдерін іздейді. Оқушылар жұптарын тапқан соң, өздерін бірінші жақта таныстырады.
Мен сиырмын.
Мен бұзаумын.
Сергіту сәті
«Қошақаны қойдың...» тақпағын бейнематериал арқылы қайталап айту.
Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың?
Бұлтиіп тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың?
(Ж) «Сигналды карточкалар»
Карточкалар арқылы үй жануары мен төлдерін қайталап айтады. Бір оқушы үй жануарын көтереді, екінші оқушы төлдерін тауып, көрсетіп айтады. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Үй жануарлары (1-сабақ) (1 сынып, 4 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Балаларға арналған тақпақтар жазу (2-сабақ) (2 сынып, III тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Отбасы туралы жазу үшін идеялар жинақтау (1-сабақ) (2 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сынып бөлмесінің үлгісі мен сызбасы (2-сабақ) (1 сынып, 2 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Балаларға арналған тақпақтар туралы идеялар жинау (4-сабақ) (2 сынып, III тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Үй жануарлары (2-сабақ) 1 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Үй жануарлары (2-сабақ)

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]