Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әнел ақылды №5 (3 сынып, I тоқсан, 2 бөлім)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әнел ақылды №5 (3 сынып, I тоқсан, 2 бөлім)

Пән:Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақтақырыбы: Әнел ақылды №5
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
3.1.2.1 баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну
2.2 Берілген тақырып бойынша ойын жеткізу
3.2.2.1 берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем)
5.1 Грамматикалықнормалардысақтау (лингвистикалықтерминдердіқолданбау)
3.5.1.2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, тақырып бойынша қарапайым сөйлемдер құрастырады, мұғалімнің қолдауымен сөздерді дұрыс байланыстырып жазады
Оқушылардың көпшілігі:
Тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, тірек сөздер негізінде 3-4 сөйлем құрастырып, сөйлейді, өз бетінше септік, жіктік жалғауларын дұрыс қолданады.
Оқушылардың кейбірі:
Тыңдаған мәтіннің негізгі ойын түсінеді, өз пікірін білдіреді, өз бетінше сөйлемдер құрастырады.
Сабақ барысы: Ертеңгілік шеңбер «Көңілді шеңбер»
Сабақты көтеріңкі, жақсы көңіл күймен ұйымдастырылады. Оқушылар құрған шеңберде бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасайды, жақсы тілектер айтады.
- Балалар енді тақтамызға қарайықшы, осы ребусты кім шешіп көреді
Оқушылар ребус шешіп сабақтың тақырыбын болжайды.
-Дұрыс, жауабы кітап екен
- Балалар, сендер кітап оқисыңдар ма?
- Кітап оқуды кім жақсы көреді?
- Көп оқыған адам қандай болады деп ойлайсыңдар?
- Балалар «ақылды» болады екен
Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту. (Тақтада оқушылардың тіліне бейімделген оқу мақсаттары жазылады)
- тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінемін;
- тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша 3-4 сөйлем құрастырамын;
- жалғауларды дұрыс қолданамын.
(МК,Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту: әрқашан, сыпайы, шула, бөліс.
Осы сөздерді синонимдері, суреттері арқылы түсіндіру: әрқашан- үнемі, әрдайым, сыпайы – биязы, шулау – даурығу, бөліс - үлесу
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:
- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды;
- дұрыс айтуға дағдыланады: әрқашан – әрғашан, шула – шұула
3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастырады:
Әрқашан кітап оқимын, сыпайы бала, кітапханада шулама, ой бөлісу, ақылды оқушы
4. Сөйлемдер құрастыру.
Мен әрқашан кітап оқимын, Ол сыпайы бала. Кітапханада шулама. Олармен ой бөліседі. Әнел ақылды оқушы
5. Жана сөздерді сөздік дәптерге жазады.
«Мозайка» әдісі бойынша 2 топқа бөлінеді.
1 топ Ақылды
2 топ Сыпайы ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Әнел ақылды №5 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Әнел ақылды №5

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]