Қазақ тілінен сабақ жоспары: Төлдер №5 сабақ (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)
Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: Төлдер №5 сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау
3.3.3.1 мәтіннің жанрын (әңгіме, тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату, әңгімелеу/сипат тау мәтінін анықтау
2.5 Оқыған/тыңдаған материал бойынша пікірін білдіру
3.2.5.1 оқыған/тыңдаған материал бойынша өз пікірін (менің ойымша ..., менің көзқарасым бойынша ..., себебі ...) дәлелдеу
Сабақ мақсаттары:
• Оқыған мәтіннің жанрын, түрін анықтау
• Оқыған мәтін бойынша пікір айту.
Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы мәтін түрін анықтайды.
Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтіннің түрін, жанрын ажыратады, қолдау арқылы мәтін бойынша пікірін айтады.
Оқушылардың кейбірі:оқыған мәтіндегі кейіпкерлердің сөздеріне қатысты пікірін айтады,жанрылқ ерекшеліктерді ажыратады.
Сабақ барысы: Үй тапсырмасын сұрау
«Ақ лақ» өлеңін жатқа айту(4-5 оқушыдан сұрау)
Мадақтау сөздер айту арқылы бағалау(«Жарайсың!», «Өте жақсы!») немесе «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау.
Сабақтың мақсатымен таныстыру
Оқыған мәтіннің жанрын анықтаймын.
Мәтін бойынша пікірімді айтамын.
(МК, Ұ) Жаңа сөзбен жұмыс.
«бота, бұзау, лақ, құлын» сөздерін суреттермен сәйкестендіру арқылы меңгереді
Сөз тіркестерін, сөйлемдер құру
(МК,Ұ) Мәтін және әңгімелеу мәтіні туралы imektep.kz/kz/angimeleu-matini сайты арқылы еске түсіру (3.50-5.06 аралығын көрсету)
Бейнематериалды көріп болған соң, сұрақтар мен жауаптарын сәйкестендіреді.
Мәтін деген не?
Мәтін – ауызша немесе жазбаша ойды жеткізу.
Мәтін неден тұрады?
Мәтін бірнеше сөйлемдерден тұрады. Олар бір-бірімен байланыста болады.
Әңгімелеу мәтіні дегеніміз не?
Әңгімелеу мәтіні – оқиғаны ретімен баяндайды.
Негізінен қандай сұраққа жауап береді?
Не істеді?
Әңгімеге тән ерекшеліктерді түсіндіру
• Әңгімеде қысқа сюжет болады.
• Әңгімеде бірнеше кейіпкер болады.
• Әңгіменің идеясы болады (Идея- автордың айтайын деген ойы).
Оқылымалды тапсырма
Оқылым мәтінінде кездесетін кейбір сөздерге түсінік беру
Ие- малға қарайтын адам
Мақтану- өзі туралы жақсы сөз айту(мен мықтымын, мен ақылдымын)
Көлік – мәшине, ұшақ, пойыз, жылқы және т.б.
Қошақан-қозы
(Т) Оқушылар топта «Қай малдың адамға пайдасы көп?» деген сұрақты талқылайды (2 минут). Топтар өз ойларымен бөліседі.
Ойын айтуға қажет тірек сөздерді қолдану:
Біздің ойымызша,...
Біздің пікірімізше, ...
Біз ... деп ойлаймыз.
(Т) Оқылым тапсырмасы
Мәтіннің кейіпкерлерін анықтап, рөлге бөліп оқиды.
Кейіпкерлер: автор, лақ, бұзау, қошақан, бота, құлын, адам
Бір күні лақ, құлын, бұзау, қошақан мен бота «Біздің иеміз қайсымызды жақсы көреді?» - деп бір - бірінен сұрады.
Сонда лақ тұрып:
Мә - ә, мә - ә, әрине, мені жақсы көреді. Адам біздің сүтімізді ішеді, жүнімізден киім тоқиды,- деді.
Сонда құлын:
- Лақ, сен мақтанба. Бізден қазы – қарта, шұжық, қымыз алады. Мінсе, көлікпіз- дейді.
Бұзау тұрып:
- Сендер мақтанбаңдар, адамға ең пайдалысы – сиыр. Бізден сүт, май, ірімшік алады,- десе, қошақан тұрып:
- Сендер мақтанбаңдар, ием мені жақсы көреді. Біздің жүнімізден киім, үйге керек заттарды жасайды,- дейді.
Бота тұрып:
- Бәріңнен де иеміз мені жақсы көреді. Бізден алатын шұбат денсаулыққа өте пайдалы, - дейді.
Осы кезде адам: - Төлдерім, сендер босқа таласпаңдар, әрқайсыңның өз орындарың бар, адам үшін бәрің де керексіңдер! – деді.
(Т) Оқылымнан кейінгі тапсырма. Топтар берілген сұрақтарға жауап береді.
• Мәтін не туралы?
• Автор не айтқысы келді?
• Мәтіннің жанры қандай? Дәлелде.
• Мәтіннің қай түріне жатады? Жауабыңды түсіндір. ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Су денсаулыққа пайдалы (3 сынып, IV тоқсан, 7 бөлім)
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 3 сабақ Інім ән айтады (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Менің әжем - ісмер №10 сабақ (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Дара тұлға № 8 (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ою сыры №9 сабақ (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

Іздеп көріңіз: