Қазақ тілінен сабақ жоспары: Төлдер №5 сабақ (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Төлдер  №5 сабақ (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: Төлдер №5 сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау
3.3.3.1 мәтіннің жанрын (әңгіме, тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату, әңгімелеу/сипат тау мәтінін анықтау
2.5 Оқыған/тыңдаған материал бойынша пікірін білдіру
3.2.5.1 оқыған/тыңдаған материал бойынша өз пікірін (менің ойымша ..., менің көзқарасым бойынша ..., себебі ...) дәлелдеу
Сабақ мақсаттары:
• Оқыған мәтіннің жанрын, түрін анықтау
• Оқыған мәтін бойынша пікір айту.
Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы мәтін түрін анықтайды.
Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтіннің түрін, жанрын ажыратады, қолдау арқылы мәтін бойынша пікірін айтады.
Оқушылардың кейбірі:оқыған мәтіндегі кейіпкерлердің сөздеріне қатысты пікірін айтады,жанрылқ ерекшеліктерді ажыратады.
Сабақ барысы: Үй тапсырмасын сұрау
«Ақ лақ» өлеңін жатқа айту(4-5 оқушыдан сұрау)
Мадақтау сөздер айту арқылы бағалау(«Жарайсың!», «Өте жақсы!») немесе «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау.
Сабақтың мақсатымен таныстыру
 Оқыған мәтіннің жанрын анықтаймын.
 Мәтін бойынша пікірімді айтамын.
(МК, Ұ) Жаңа сөзбен жұмыс.
«бота, бұзау, лақ, құлын» сөздерін суреттермен сәйкестендіру арқылы меңгереді
Сөз тіркестерін, сөйлемдер құру
(МК,Ұ) Мәтін және әңгімелеу мәтіні туралы imektep.kz/kz/angimeleu-matini сайты арқылы еске түсіру (3.50-5.06 аралығын көрсету)
Бейнематериалды көріп болған соң, сұрақтар мен жауаптарын сәйкестендіреді.
Мәтін деген не?
Мәтін – ауызша немесе жазбаша ойды жеткізу.
Мәтін неден тұрады?
Мәтін бірнеше сөйлемдерден тұрады. Олар бір-бірімен байланыста болады.
Әңгімелеу мәтіні дегеніміз не?
Әңгімелеу мәтіні – оқиғаны ретімен баяндайды.
Негізінен қандай сұраққа жауап береді?
Не істеді?
Әңгімеге тән ерекшеліктерді түсіндіру
• Әңгімеде қысқа сюжет болады.
• Әңгімеде бірнеше кейіпкер болады.
• Әңгіменің идеясы болады (Идея- автордың айтайын деген ойы).
Оқылымалды тапсырма
Оқылым мәтінінде кездесетін кейбір сөздерге түсінік беру
Ие- малға қарайтын адам
Мақтану- өзі туралы жақсы сөз айту(мен мықтымын, мен ақылдымын)
Көлік – мәшине, ұшақ, пойыз, жылқы және т.б.
Қошақан-қозы
(Т) Оқушылар топта «Қай малдың адамға пайдасы көп?» деген сұрақты талқылайды (2 минут). Топтар өз ойларымен бөліседі.
Ойын айтуға қажет тірек сөздерді қолдану:
 Біздің ойымызша,...
 Біздің пікірімізше, ...
 Біз ... деп ойлаймыз.
(Т) Оқылым тапсырмасы
Мәтіннің кейіпкерлерін анықтап, рөлге бөліп оқиды.
Кейіпкерлер: автор, лақ, бұзау, қошақан, бота, құлын, адам
Бір күні лақ, құлын, бұзау, қошақан мен бота «Біздің иеміз қайсымызды жақсы көреді?» - деп бір - бірінен сұрады.
Сонда лақ тұрып:
Мә - ә, мә - ә, әрине, мені жақсы көреді. Адам біздің сүтімізді ішеді, жүнімізден киім тоқиды,- деді.
Сонда құлын:
- Лақ, сен мақтанба. Бізден қазы – қарта, шұжық, қымыз алады. Мінсе, көлікпіз- дейді.
Бұзау тұрып:
- Сендер мақтанбаңдар, адамға ең пайдалысы – сиыр. Бізден сүт, май, ірімшік алады,- десе, қошақан тұрып:
- Сендер мақтанбаңдар, ием мені жақсы көреді. Біздің жүнімізден киім, үйге керек заттарды жасайды,- дейді.
Бота тұрып:
- Бәріңнен де иеміз мені жақсы көреді. Бізден алатын шұбат денсаулыққа өте пайдалы, - дейді.
Осы кезде адам: - Төлдерім, сендер босқа таласпаңдар, әрқайсыңның өз орындарың бар, адам үшін бәрің де керексіңдер! – деді.
(Т) Оқылымнан кейінгі тапсырма. Топтар берілген сұрақтарға жауап береді.
• Мәтін не туралы?
• Автор не айтқысы келді?
• Мәтіннің жанры қандай? Дәлелде.
• Мәтіннің қай түріне жатады? Жауабыңды түсіндір. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Төлдер №5 сабақ 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Төлдер №5 сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]