Олимпиадалық тапсырмалар: География (8, 9, 10 ,11 сынып)

Олимпиадалық тапсырмалар: География (8, 9, 10 ,11 сынып)

8 сынып.№1

1. Жердің Күн Көзі бойынша айналуы және оның географиялық маңызы туралы айтыңыз.
10 балл

2. «Объектінің физика – географиялық жағдайы» дегеніміз нені білдіреді?
Қазақстан Республикасының физика – географиялық жағдайын сипаттаңыз.
10 балл

3.Беткейдің тіктігі топографиялық карта бойынша қалай анықталатынын суреттеңіз.
8 балл

4. Географиялық терминдердің келесі қатарларынан мазмұны бойынша сәйкес емес сөздерді сызып тастаңыз:
а) тайга, шөл, дала, тундра, топырақ;
б) аңғар, тасқын, арна, алқап;
в) табиғи газ, көмір, бензин, торф, жанғыш сланцец.
8 балл

5. Сіз жорықта болғанда күндізгі демалыс және түнде қону үшін орын таба аласыз ба?
Ол қандай талаптарға сай болуы қажет?
8 балл

8 сынып.№2

1 сұрақ. Эссе жазу. Ұлы саяхатшылар мен теңізде жүзушілер(5-н кем емес). 10балл

2 сұрақ. Төмендегі терминдер мен түсініктерге анықтама бер:
Базальт, Географиялық ендік, Белдеулік уақыт, Табиғат ресурстары, Циклон. 10балл

3 сұрақ. Африканың табиғат зонадарының өзіндік ерекшеліктеріне тоқтал. (климаты, өсімдігі және топырақ жамылғысы) . 10балл

4 сұрақ. Дүниежүзілік мұхит (жетіспейтін сөздерді жаз)
Гидросфераның негізгі бөлігін ____________________ алып жатыр. Дүниежүзілік мұхит суы жер бетінің ___________млн шаршы шақырымын алып жатыр. Мұхит суының басты қасиеті ________________ мен ____________________. Дүниежүзілік мұхиттың ең терең бөлігі _______________________________ метр. - 10 ұпай

5 сұрақ. Бірінші қатарға сәйкес жауабын стрелка арқылы көрсет:
I. Гигрометр А. Жауын шашын мөлшері
II. Осадкометр Б. Жел жылдамдығы
III. Барометр В. Атмосфералық қысым
IV. Анемометр Г. Ауа ылғалдығы
V. Термометр Д. Ауа температурасы
-10ұ
Жиынтығы: 50 ұпай

География пәнінен олимпиада тапсырмалары - 9 сынып.№1

1. «Полярлық шеңбер», «тропиктер», «бедер», «эстуарий», климат, халықтың табиғи өсуі түсініктеріне анықтама беріңіз.
8 балл.

2. Территориялардың ылғалмен қамтамасыз етілгендіктің басты сипаттамасы не болып табылады?
12 балл

3.Қазақстан бедерінің негізі формаларына сипаттама берідер.
10 балл

4. Компастың сынып қалғаны және ол бойынша бағыт алу мүмкін болмайтыны анық болғанда сағат күндізгі 4 болды. Күннің көзі бар екеніне қуанып, сіз қалта сағатыңызды алып шықтыңыз. Сағат және күннің көзі бойынша бағытты қалай табуға болады?
10 балл

5. Картадағы шартты белгілердің түрлері туралы айтып бер.
10балл.

9 сынып.№2
Тапсырмалар.
1 сұрақ. Қазақстанның шаруашылық құрылымы мен оның жетекші салалары.
— 10 ұпай

2 сұрақ. Қазақстанның қай аумақтарында күн және жел энергиясын пайдалану тиімді. Өз пікірінді тұжырымда.
— 10 ұпай

3 сұрақ. Австралия материгінің табиғат зоналарының өзіндік ерекшеліктеріне тоқтал.(климаты, өсімдігі және топырақ жамылғысы)
— 10 ұпай

4 сұрақ. Дүниежүзілік мұхит (жетіспейтін сөздерді жаз)
Гидросфераның негізгі бөлігін ____________________ алып жатыр. Дүниежүзілік мұхит суы жер бетінің ___________млн шаршы шақырымын алып жатыр. Мұхит суының басты қасиеті ________________ мен ____________________. Дүниежүзілік мұхиттың ең терең бөлігі _______________________________ метр.
— 10 ұпай

5 сұрақ. Климаттың қалыптасуының негізгі факторлары. Эссе жазу.
— 10 ұпай
Жиынтығы: 50 ұпай

География пәнінен олимпиада тапсырмалары 10-11сынып.

1. «Демография», «урбанизация», «әлемдік шаруашылық»,
«аймақтық саясат», «инновациялық-индустриалды даму» түсініктеріне анықтама беріңіздер.
10балл

2. Шөл мұхитқа неғұрлым жақын орналасса, оның климаты соғұрлым ылғалды деген пайымдау рас па?
10балл

3. Қазақстан табиғатының қандай сипаты оның географиялық жағдайымен анықталады?
10балл

4. «Халықтың тығыздығы» атлас картасы бойынша жер бетінде халықтардың өте тығыз орналасқан аудандарын көрсетіңіз. Халықтардың әлемдегі орналасуының біркелкі еместігінің себебін түсіндіріңіз.
10 балл.

5. Жер шарында қысым мен желдердің бөлінісу сызбасын сызыңыз.
10 балл

6.Картаны пайдала отырып, Канаданың астанасы мен Ханк көлінің арасындағы параллель бойынша арақашықтықты табыңыз.
10 балл

География пәнінен олимпиада тапсырмалары - 11 сынып.№1

1 сұрақ.Қазақстанның батысының табиғат жағдайы қолайсыздау. Адамдардың бұл өңірде өмір сүруі не жағдайларға байланысты. Кейбір елді мекендердің пайда болуын түсіндір.
-10ұ

2 сұрақ.Грек тілінде «Климат» дегеніміз не? Ежелгі ғалымдар бұл сөзбен нені меңзеді? Климат қандай себептерге байланысты?
-10ұ

3 сұрақ.Қазақстанның басты кластерлік шаруашылық салаларын атап өтіп сипаттама бер.
-10ұ

4 сұрақ.Оңтүстік Америка материгінің табиғат зонадарының өзіндік ерекшеліктеріне тоқтал.(климаты,өсімдігі және топырақ жамылғысы)
-10ұ

5 сұрақ.Қазақстанның туристік рекреациялық ресурстары. Жетісу өңірі мысалында.
-10ұ

Жиынтығы: 50 ұпай

11 сынып.№2

1.Маршруттың азимуты мен масштабын анықта. Масштаб 1см: 100 метр. Маршрутты шартты белгілермен (жер бедеріне байланысты) А.Б.В.Г.Д. өз қалаулары бойынша сал. 20 ұпай

2.Толық металлургиялық циклды түсіндір. Толық циклді өндірістегі қара металлургияның кәсіпорындарының бөлінісін схема түрінде көрсет.(Мысалы:Қарағанды металлургия комбинаты)
20 ұпай

3.Карталарды пайдалана отырып Астана қ. экономикалық-географиялық орнын анықтап сипаттама бер.
10 ұпай

Жиынтығы: 50 ұпай

География пәнінен олимпиада тапсырмалары - 10сынып

1 сұрақ. Қазақстанның шаруашылық құрылымы мен оның жетекші салалары. Схема түрінде көрсетіп талда.
-10 ұ

2 сұрақ.Қазақстанның қай аумақтарында күн және жел энергиясын пайдалану тиімді. Өз ой пікірінді тұжырымда.
-10 ұ

3 сұрақ.Еуразия материгінің табиғат зоналарының өзіндік ерекшеліктеріне тоқтал.(климаты, өсімдігі және топырақ жамылғысы)
-10ұ

4 сұрақ.Қазақстанның ең ірі көмір алаптарын атап, сипаттама бер .
-10ұ

5 сұрақ.Әлем елдеріне сипаттама беріңдер?(басқару,әкімшілік, саяси)

1. «Полярлық шеңбер», «тропиктер», «экватор», «парраллель», климат, халықтың табиғи өсуі түсініктеріне анықтама беріңіз.
8 балл.

2. Территориялардың ылғалмен қамтамасыз етілгендіктің басты сипаттамасы не болып табылады?
12 балл

3.Қазақстан бедерінің негізі формаларына сипаттама беріңдер.
10 балл

4. Қазақстандағы халықтың ұлттық құрамына сипаттама беру.
10 балл

5. Картадағы шартты белгілердің түрлері туралы айтып бер.
10балл.
Жиынтығы: 50 ұпай

География пәнінен олимпиада тапсырмалары - 9 сынып.№2

1 сұрақ. Қазақстанның шаруашылық құрылымы мен оның жетекші салалары.
— 10 ұпай

2 сұрақ. Қазақстанның қай аумақтарында күн және жел энергиясын пайдалану тиімді. Өз пікірінді тұжырымда.
— 10 ұпай

3 сұрақ. Австралия материгінің табиғат зоналарының өзіндік ерекшеліктеріне тоқтал.(климаты, өсімдігі және топырақ жамылғысы)
— 10 ұпай

4 сұрақ. Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайына баға беріңдер.
— 10 ұпай

5 сұрақ. Климаттың қалыптасуының негізгі факторлары.
— 10 ұпай
Жиынтығы: 50 ұпай

География пәнінен олимпиада тапсырмалары - 11 сынып. №1

1 сұрақ.Қазақстанның батысының табиғат жағдайы қолайсыздау. Адамдардың бұл өңірде өмір сүруі не жағдайларға байланысты. Кейбір елді мекендердің пайда болуын түсіндір.
-10ұ

2 сұрақ.Грек тілінде «Климат» дегеніміз не? Ежелгі ғалымдар бұл сөзбен нені меңзеді? Климат қандай себептерге байланысты?
-10ұ

3 сұрақ.Қазақстанның басты шаруашылық салаларын атап өтіп, сипаттама бер.
-10ұ

4 сұрақ.Африка материгінің табиғат зоналарының өзіндік ерекшеліктеріне тоқтал.(климаты,өсімдігі және топырақ жамылғысы)
-10ұ

5 сұрақ.Қазақстанның туристік рекреациялық ресурстары.
-10ұ

Жиынтығы: 50 ұпай

География пәнінен олимпиада тапсырмалары - 11 сынып (N2)

1.План мен картаның айырмашылықтары мен ұқсастықтары, маңызы. 20 ұпай

2.Ұлы географиялық ашулар, маңызы, Ш.Уәлиханов-қазақтың тұңғыш географы
20 ұпай

3.Карталарды пайдалана отырып Қазақстанның экономикалық-географиялық орнын анықтап сипаттама бер.
10 ұпай

Жиынтығы: 50 ұпай

Доп      

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Географиядан сабақ жоспары: Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық саяси-географиялық жағдайы (9 сынып, IV тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Табиғат зонасы (8 сынып, II тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Кешенді географиялық аймақтандыру №1 (10 сынып, IV тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Кешенді географиялық аймақтандыру №2 (10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Әртүрлі географиялық ендіктегі аспан шырақтарының көрнектілік қозғалысы, жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт (Физика, 9 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
олимпиадалық тапсырмалар география сынып 8 9 10 11 класс, мектепішілік олимпиада тапсырмалары класс сынып жауаптарымен, олимпиадалык тапшырмалар казакша, олимпиадные задания казахстан

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]