Олимпиадалық тапсырмалар: Қазақ тілі мен әдебиет (5,6,7,8,9,10,11 сынып)
Қазақ тілі мен әдебиетінен 5 сыныпқа арналған мектепішілік олимпиада тапсырмалары
І тур. Шығарма жазу.
1. Ертегілер – халықтың асыл қазынасы.
2. Аңыз – тарихи шындық негізі.
3. Ауылым – алтын бесігім.
ІІ тур. Сұрақтарға жауап беру.
1. «Ертеде Мадан деген хан болыпты. Оның ақылы, тапқырлығы өзінің заманындағы көп хандардан артық екен. Ханның қырық уәзірі барн екен...» Үзінді қай жанрға жатады? Ол туралы не білесің?
2. Мақал-мәтелдердің ерекшеліктері.
3. Тура және ауыспалы мағына. Мысал келтір.
4. Сөйлемге (асты сызылған сөзге сөз құрамына, фонетикалық) талдау жаса.
Ыстық жақта таңғажайып тропикалық ормандар бар.
5. «Тіл – қылыштан да өткір» дегенді қалай түсінесің?
Қазақ тілі мен әдебиетінен 6-сыныпқа арналған мектепішілік олимпиада тапсырмалары
І тур. Шығарма
1. Туады ерлер ел үшін... (Батырлар жыры туралы)
2. Абай қара сөздерінің тәрбиелік мәні.
3. Туған тілім – тірлігімнің айғағы.
ІІ тур. Сұрақтарға жауап беру.
1. «Баяғы өткен заманда,
Дін мұсылман аманда,
Жиделібайсын жерінде,
Қоңырат деген елінде
Байбөрі деген бай бопты...» үзінді қай шығармадан алынған? Батырлар жыры туралы не білесің?
2. Әсірелеу, шендестіру туралы жааз. Мысал келтір.
3. Күрделі сөздер, олардың түрлері. Мысал келтір.
4. Сөйлемге толық (асты сызылған сөзге сөз құрамына, лексикалық, фонетикалық) талдау жаса.
Білімді ұрпақ – тәуелсіз елдің тірегі.
5. «Өтірік сөз өрге баспас». Өз ойыңды білдір.
Қазақ тілі мен әдебиетінен 7-сыныпқа арналған мектепішілік олимпиада тапсырмалары
І тур. Шығарма
1. Махамбет шығармаларындағы Исатай бейнесі...
2. Ұлы суреткер. (Абай шығармашылығына байланысты)
3. Халқын сүйген – салтын сүйер.
ІІ тур. Сұрақтарға жауап беру.
1. Ойыл да Қиыл, Жем, Сағыз,
Қайран саланың жатқан аңғары-ай,
Ақ шалмалы пірлердің
Мешітке жаққан шамдары-ай!
Менің бүйтіп қозғалақтап жүргенім
Аузы түкті кәпірдің
Күшті болған салдары-ай!
Авторы кім және ол туралы не білесің?
2. Аллитерация. Ассонанс. Риторикалық сұрау. Мысал келтір.
3. Қос нүкте. Мысалдар келтір.
4. Сөйлемге толық (асты сызылған сөзге сөз құрамына, лексикалық, фонетикалық) талдау жаса.
Алыстан көрінетін қызыл қоңыр мұнара ханымның көзіне оттай басылды.
5. «Күтімі жаман ағаштың,
Бітімі де жаман» дегенді қалай түсінесің? Өз ойыңды ойтолғау түрінде жаз.
Қазақ тілі мен әдебиетінен 8-сыныпқа арналған мектепішілік олимпиада тапсырмалары
І тур. Шығарма
1. Абай шығармаларындағы оқу-білім тақырыбы.
2. Шәкәрім – шебер суреткер.
3. Қазақтың Толағайлары.
ІІ тур. Сұрақтарға жауап беру.
1. Жүрсін бектер бес нәрседен алыстап,
Есі болса, жұрнақ болса намыстан.
Ұшқалақтап – бірі, екіншісі – сараңдық,
Үшіншісі – ашу, оған егіз надандық.
Ж.Баласағұнның шығармасынан айтылған ойдың негізгі идеясы қандай? «Құтты білік» кітабы не туралы? Кітаптың кейіпкерлері кімдер?
2. Тақырып пен идея. Сюжет.
3. Сөйлем. Сөйлем түрлері. Мысалдар келтір.
4. Сөйлемге толық (асты сызылған сөзге сөз құрамына, лексикалық, фонетикалық) талдау жаса.
Олжабек сол түтіннің дәл түбінде көк өгізшені жіліктеп бұзып отыр.
5. «Ұстаз – ұлы есім» Өз ойыңды ойтолғау түрінде жаз.
Қазақ тілі мен әдебиетінен 9-сыныпқа арналған мектепішілік олимпиада тапсырмалары
І тур. Шығарма
1. Жыраулар поэзиясы – шешендік өнер тұнығы
2. Шешендік өнер – халық даналығы.
3. Мен – азат елдің ұланымын.
ІІ тур. Сұрақтарға жауап беру.
1. «Қамбар батыр» жырының көркемдік ерекшелігі.
2. Композиция. Мысал келтір.
3. Етіс және оның түрлері. Мысалдар келтір.
4. Сөйлемге толық (асты сызылған сөзге сөз құрамына, лексикалық, фонетикалық) талдау жаса.
Хамит кешікпей керек-жарақ саймандарының бәрін түгелдеп алып, бес орыс солдатымен жүріп кетті.
5. «Кітап – өмірлік серігің» Өз ойыңды ойтолғау түрінде жаз.
Қазақ тілі мен әдебиетінен 10-сыныпқа арналған мектепішілік олимпиада тапсырмалары
І тур. Шығарма
1. Абай қара сөздеріндегі дидактикалық сарын.
2. «Мен – балаң, жарық күнде сәуле қуған...» (С.Торайғыров шығармашылығы негізінде)
3. Мен табынған ақын...
ІІ тур. Сұрақтарға жауап беру.
1.«... Бір-бірін қиып кете алмай, мұратына жете алмай қош айтысқан жандарға ұқсап, жалғызынан айрылып, қанатынан қайрылып, зарлаған бейне бір жанға ұқсап, өкінішті, өксікті, мұңды әнде сарнады. Жұрт төмен қарап, әркімнің жүрегімен сырласқандай, әншінің бітіргенін де сезбей қалды. Кенет тым-тырыс бола қалды да, шапалақ қайта соғылды. Қалғып кетіп оянған, қызықты, тәтті түс көрген, қайтарам деп талпынған кісідей, жанға жаққан тәтті үннің кеткеніне өкініп, өршелене соғылды...» қай шығармадан алынған үзінді? Авторы, оның шығармашылық жолы туралы не білесің?
2. Образ түрлері. Типтік образ. Прототип.
3. Аралас құрмалас сөйлем, түрлері.
4. Сөйлемге (асты сызылған сөзге лексикалық, фонетикалық, морфологиялық) талдау жаса.
Толқындай теңселген шалғынның ішіне кірсең, оның гүлге тбөленген тереңіне сүңгігің келеді.
5. «Келеді жазғым тасқа өлең...» Ойтолғау жаз.
Қазақ тілі мен әдебиетінен 11-сыныпқа арналған мектепішілік олимпиада тапсырмалары
І тур. Шығарма
1. «Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған...» (М.Жұмабаевтың шығармашылығы).
2. Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы Ана бейнесі.
3. Мен сүйген мамандық.
ІІ тур. Сұрақтарға жауап беру.
1. «Қамар сұлу» романының идеялық мазмұны.
2. Астарлау және меңзеу
3. Шешендік сөзге қойылатын талаптар.
4. Сөйлемге (асты сызылған сөзге лексикалық, фонетикалық, морфологиялық) талдау жаса.
Әдейілеп келгеннен соң, кезекке тұрғалы ішке өттік.
5. «Ізгілік туралы ілкі ой....» Ойтолғау жаз.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: