Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл-күйін дамытуға арналған жаттығулар
«Қабден Шыңғысов атындағы №5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Алмаганбетова Алмакул Нурлыбековна
Бастауыш сынып мұғалімі Алмаганбетова Алмакул Нурлыбековна
Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл-күйін және есте сақтауын дамытуға арналған жаттығулар
1. «Топтық сәлемдесу» жаттығуы.
Мақсаты: қарым-қатынас дағдыларын, топтық өзара әрекеттесу әдістерін дамыту, күйзелісті төмендету.
Нұсқау: Қыс, көктем, жаз, күз белгілеріне қарай 4 топқа бөлінейік. Әр топтың міндеті – мимика мен ишарат арқылы басқа топтарға сәлемдесу түрлерін ойлап, құрастыру.
2. «Шынын айтсам» жаттығуы.
Мақсаты: қорқыныш пен іштен қинаған сезімдерден арылту, адал болу, айналадағыларға топтық сенімді арттыру.
Қажетті құралдар: аяқталмаған сөйлемдер жазылған карточкалар.
Нұсқау: Сіздердің алдарыңыздағы ортада бір буда карточкалар тұр. Қазір әрбіреуіңіз соған жақындап, бір карточка алып, аяқталмаған сөйлемді сол жерде жедел аяқтау қажет. Бірақ та, бәрін шын айту қажет. Егер топ мүшелері шындықты сезінбесе, онда сол адам қайтадан карточка алып, жаңа сөйлемді аяқтау қажет.
3. «Бір-біріңе жақында» жаттығуы.
Мақсаты: тактильді қабылдауды дамыту, бір-бірімен мейірімділік және қамқорлық қатынасты қалыптастыру.
Нұсқау: Сіздер бөлмеде еркін жүресіздер де, менің айтқанымды орындайсыңдар. Мен «бір-біріңе» деп айтқанда, сіздер өздеріңе жұп тауып алуларың керек. Жұбыңды тапқаннан кейін мен сіздерге жаңа тапсырмалар беремін. Бастаймыз: «Бір-біріңе!». Енді бір-біріңе қол беріп, бір-біріңнің аяғыңа аяғыңды, мұрынды мұрынға, құлақты құлаққа, бетті бетке және т.б. дене мүшелеріңді тигізіңдер. Осыдан кейін қайтадан өздеріңе басқа жұп тауып, жаңа ғана жасаған әрекеттерді қайталаңыздар.
4. «Стресті жеңу үшін не істеу қажет» мини дәріс.
Біріншіден: стресс кезіндеағзада витаминдер қоры бітеді, әсіресе, В витамині жетіспейді. Витаминдерді шамадан тыс пайдаланбаған жөн.
Екіншіден: денені шынықтыру қажет. Спортзалға жиі барып дене шынықтыру жаттығуларын жасаңдар, билеңдер, ән айтыңдар, бассейнге барып жүзіңдер, далада көп серуендеңдер.
Үшіншіден: психикалық және физикалық демалу үшін релаксация қажет. Келесі әдістерді қолданып көріңіздер: баяу музыканы тыңдап, түнгі аспанға қарап армандаңдар.
Төртіншіден: үйлесімді өмір сүру үшін ең алдымен отбасыңның, жолдастарыңның, жақын-туыстардың көмегі қажет. Психологиялық тренингтерге барып, жанұядағы салтанатты мәжілістерге, қызықты жаңа адамдармен танысуды ұмытпаңдар. Ата-аналарыңа, өздеріңнің әжелері мен аталарыңа, ағайларың мен апайларыңа және басқа жақын-туыстарыңа барып, амандығын білуге тырысыңдар.
5. «Біздің топтың жүрегі».
Мақсаты: жанашырлық сезімін, сенімділігін дамыту, топ ынтымақтастығын жетілдіру.
Нұсқау: Ватман қағазынан үлкен жүректі қайшымен қиып, қабырғаға жабыстырыңыз. Осыдан кейін әрбіреуіңіз түсті қағаздан кішкентай жүректі қиып, оған топқа арналған тілегін жазады. Осы қабырғаға жапсырылған ақ жүректе өмір жоқ, бірақ қазір әрбіреуің бұл жүрекке өздеріңнің жылы лебіздерің жазылған кішкентай жүректі жапсырып, үлкен жүрекке өмір беріп, тірілтеміз. Бұл топтың жүрегі болады.
6. «Менімен бірге қайтала» жаттығуы.
Мақсаты: ақпаратты жеткізіп және қабылдаудың жетістігіне әсер ететін факторларды дамыту.
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Көңілді музыка қойылып, оқушылар билейді. Билеу келесі тәртіп бойынша жүргізіледі: біріншіден әрқайсылары қандай да бір қимылдар жасайды, ал жүргізуші қолымен шапалақ соққанда оң жақтағы көршінің қимылын орындайды. Егер де қатысушылар мұқият орындаса, әрқайсыларының қимылы шеңберден айналып өтіп «авторға» қайтып келеді.
ІІ.«Жунглидағы жаңбыр»
Нұсқау: - Бір-біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз).
Жел көтеріліп желкіді (арқаны қаттырақ басамыз) .
Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі)
Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз)
Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар).
Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз).
Тағы да нөсер жауын жауды.
Ұсақ жаңбыр сіркіреді.
Дауыл соқты.
Жел соқты.
Жел басылып келеді.
2. Жағымды сөздер. Мақсаты: Өзін-өзі одан әрі ашу, өзін-өзі тану, өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту. Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші жағымды сөздер айта отырып, кез келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез-келгенін таңдайды да, оған өз жағымды сөзін айтады, ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа бір сөзден тұрса болады.
3. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.
4. «Кім, нені жақсы көреді?» жаттығуы. Барлығы орындықтарға отырады. Кім, нені жақсы көреді солар орындарынан тұрады. Мысалы: Кім балмұздақты жақсы көреді, сол орнынан тұрсын…Кім өзін батырмын деп есептейді?… Кім сары түсті жақсы көреді?… Кім көп тамақ жегенді жақсы көреді?… Кім айнаға қарағанды жақсы көреді? т.б. сұрақтар қоюға болады.
5. «Сөзден сөзді ізде» ойыны. Сөз беріледі, сол сөзден басқа сөздер құрастыру керек. Кім көп құрастырса, сол жеңімпаз. Мысалы:
«Трансформатор» «Талдықорған»
форма қорған
матор тал т.б.
6. «Сантики, Фантики, Лимпопо». Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір баланы таңдайды да бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі балалардың ішінен бір баланы жүргізуші етіп сайлайды, ол шенбердегі балаларға қозғалыстарды көрсетіп тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің артынан көрсеткен қимылдарды қайталау керек. Қимылдарды қайталаған кезде жүргізушіге қарамай, білтіртпей жасау керек. Шеңбердегі балалар шапалақ ұрып, «САНТИКИ, ФАНТИКИ, ЛИМПОПО» деп айтып ойынды бастайды. Бөлме сыртында тұрған бала ойыншылардың дауыстарын естіп, бөлмеге кіреді де шеңбердің ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер жүргізушіні тапса, жүргізуші есіктің сыртына шығады. Ойын сол ретімен жалғасып отырады.
7. «Қолдағы хат». Әрқайсысы өзіне серігін таңдап, қарама-қарсы тұра қалады. Бойы ұзындау бала, көзін жұмып тұру керек. Егер бойлары бірдей болса, кімнің жасы үлкен (туған күні 1-2 айға ертерек) бала көзін жұмады. Көзін жұмып тұрған бала қолын алға созып тұрады. Көзі ашық бала соның алақанына хат жаза бастайды, жеке тұрған баспа әріптерді. «Соқыр» ойыншы сол әріптерді табуға тырысып, не оқығанын айтып беру керек. Бір әріпті жазғаннан кейін клесіні жазар алдында бұрын жазылған әріпті өшіріп тастап отыру керек.
8. «Көңіл-күй неге ұқсас». Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл-күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді. Ойынды үлкен дер бастаса жақсы болар еді: «Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның сонында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі балалардың көңіл-күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі, ызаланған т.б.Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа райы, суық, жанбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті, қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз.
9. «Тасбақалардың жүгірісі». Бұл жүгірудің еркекшелігі, мәреге ең соңғы келген ойыншы жеңеді. Ойыншылар бөлменің бір жағына қатарлап тұрады, содан соң қарама-қарсы жаққа «жүгіреді». Бір орында тұруға болмайды. Барлығы қимыл-қозғалыста болуы қажет. Қимылдары баяу болады. Ең соңғы мәреге жеткен «тасбақа» жеңіске ие болады.
10. «Көкөністер арқылы ұрысамыз»
Бұл ойында балалар ұрысқан кезде бір-біріне жаман сөздердің орнына көкөністердің атаулары арқылы ұрысады.
11. «Тыныштықты жақсы көретін патша» Патша шуды жек көреді, сондықтан ханзаданың көңіл-күйін бұзбау үшін барлығымыз шуламай тыныш қозғаламыз. Патша аяқтың ұшымен жүреді, оның жүрісі жеңіл, баяу. Бұл ролді бір бала атқарады.
Жүргізуші келесі сөзді айтады: «Барлық балалар, патшадан басқа бөлменің әр жеріне тұра қалады. Патша саусағын ауызына тигізіп, «Ш-ш-ш, ханзада келе жатыр!» деп, бөлмені аралай бастайды. Барлығы «қатып» қалу керек, ал патша әрқайсысын айналып шығады. Кез келген баланың қасына келіп, саусағын баланың мұрнына тигізеді. Сол бала аяқтың ұшымен патшаның артынан жүре бастайды. Келесі балаға жақындаған патша саусағын баланың мұрнына тигізеді, ол бірінші баланың соңына тұрып, аяқтың ұшымен патшаның артынан жүре бастайды. Сол тәртіппен ойын жалғаса береді. Барлық балалар патшаның артына жиналғаннан кейін, патша кез келген артындағы балаға қарап, «Ш-ш-ш» дейді, сонда сол бала өз орнына тыныш, аяқ ұшымен оралады. Барлығы орнына тұрғаннан кейін ойын аяқталады.
12. «Сілбі» (паутина) ойыны
Үлкен оралған жіпті мен бастап ұшын өзіме алып қалып, ораманы қарсы тұрған балаға өзім туралы қысқаша мәлімет айтып беремін. Ол бала өзі туралы айтып келесі балаға береді. Осылайша барлық балалар қамтылу керек. Сонда біз өрмекшінің сілбісін жасадық. Енді керісінше соңғы бала өзіне қай бала жіпті берді сол балаға ол туралы есіне сақтағанын айтып қайтарып береді. Осылай ша оралған жіп маған қайтып келу керек. «Мүсін» жаттығу.
Жүргізуші:Біздің уақытымыз аяқталып келеді. Мен сендерге ойын ұсынамын, оның ережесін түсіндіру оңай емес. Бірақ мен сендерге оны қалай ойнау керектігін түсіндіремін. Әрқайсыларың қолдарыңа қалам немесе қарындаш алыңдар...
Сендердің бірің ойынды бастайсыңдар: ол қаламды сыныптың ортасына еденге қояды. Екіншісі өзінің қаламын, алдыңғы қаламға түйісіп тұратындай етіп қояды. Үшінші қалам немесе қарындаш алдында қойылған біреуімен түйістіріледі. Ойын осылайша барлық қаламдар немесе қарындаштар қойылып болғанға дейін жалғасады.
13.«Ватмандағы саяхат»
Ойынға ватман мен бояулар керек. Бұл ойынды топпен немесе жеке балаңызбен ойнауға болады. Сіздің ұсынысыңыз: «Біз бүгін бірге ватманға саяхатқа шығамыз. Әрқайсымыз кезекпен ватманға жақындап суреттер саламыз. Ойынның талабы қылқаламды немесе маркерді ватманнан үзбей сурет саламыз. Егер маркерді ватманнан үзсеңіз онда басқасы келіп, өз суретін сала бастайды. әр қасында 10 сек ғана бар. әртүрлі сызықтарды салуға, түрлі-түсті бояуларды қолдануға рұқсат.»
14. «Титаник»
«Балалар, сендар жұпқа бөлініп, кім А ал кім Б болады екенін анықтаңдар. Барлық А-лар үстел басын жақындап алдарына қағаз қолдарына қарындаш алып тұрады. Барлық Б-лар маған жақындайды мен олардың құлақтарына кез келген бір кинонын атын айтамын. Олар А-лардың арқаларына сол киноның суретін салады, ал А-лар сол суреттерді қағазға салып қай кино екенін тауып алу керек. Егер А-лар киноның атын тауып алса, дауыстамай
Б-лардың құлақтарына сыбырлай қояды. Содан кейін балалар орындарымен ауыстырылады.»
15. «Мен нені сезінемін»
Бағдарламаның бұл кезеңі балалар сыныпта басынан өткеретін сезімдерге арналған, сынып оқушыларының сезінулерін және шеберліктерін білуге арналады.
(Балалар бұрын құрылған топтағы жұмыстарын жалғастыра алады).
Дәстүрлі түрде амандасудан кейін жүргізуші балаларды «сынып ғаламшары» деген түсінікті одан кеңейтілген және толық етіп суреттеуге болатындығын түсіндіре өткізеді.
Жүргізуші:Құрлықтар мұхиттармен және теңіздермен шайылады. Біздің өмірімізде осындай мұхиттар және теңіздер болып, біздің сезімдеріміз және көңіл-күйлеріміз есептелінеді. Бұл әрқайсымызды және барлығымыздың көңіл-күйімізді құрайды. Естеріңе түсіріңдер сендердің көңіл-күйлерін болмағанда, сендер нені сезінесіңдер? Ал жақсы болғанда?
Сендер басқа адамның сезімін тауып және бере аласыңдар ма ?
Жаттығу «Сезіміңді көрсет».
Жүргізуші: Ым және ишараның көмегімен карточкада жазылған сезімді көрсетіңдер.
Топ сезімді көрсетеді, қалғандары табуға тырысады.
Балаларды тапсырмаларды орындағандары үшін мақтау қажет.
Ал енді сыныпқа келгенде, достарыңмен араласқанда сендерде қандай сезім жиі болағандығын естеріңе түсіріңдерші.
Олардың қайсысын біздің ғаламшарымыздың мұхиттары мен теңіздері деп атайсыңдар.
Топтар кеңеседі, сезімдердің аттарын есте сақтап сызып белгілейді.
Содан кейін әрбір топтан бір адамнан шығып, ғаламшарға жазады.
Біз егер оған өзіміздің құндылықтарымызды, шеберліктерімізді, қабілеттерімізді жазсақ, бұл сурет толық қанды болады.
Бұлар аралдар деп есептейік.
Аралдардың макеттерінде әрбір оқушы өзінің ең жақсы шеберліктерін, қабілеттерін, сыныпқа сыйлай алатын сыйлықтарын жазулары керек.
Команданың қатысушылары әр қайсысына көмектесулері, оның жақсы жақтарын естеріне түсірулері керек.
Содан кейін құрлыққа жүргізушінің түсініктемелерімен және мақтауларымен желімделінеді.
«Мейірімді сөздер» ойыны.
Жүргізуші:Сендер бүгін қызықты көп нәрсені білдіңдер деп ойлаймын. Балалар да үлкендерде өздерің мақтағанды ұнатады.
Осыған байланысты мен сендерге бір ойынды ұсынамын, бұл ойын барысында сендер бір-біріңе көптеген жақсы сөздер және мақтаулар айтасыңдар. Барлықтарың бір үлкен шеңбер құрып тұрыңдар.
Жүргізуші ойыншылардың біреуін, ортаға шығарып қара шынылы көзілдірікті «ол сиқырлы» деп түсіндіріп киюді сұрайды.
Өзінің оң жақтағы көршіңе қара, ол сенің көзілдірігіңе қарап тұрып «Түсімде емес, өңімде, менің бойымда қандай жақсылық бар?» деген сөздерді айтсын.
«Көзілдірік» (демек көзілдірік киіп тұрған адам) оның атынан қандай да бір жақсы сөзді оған айтсын. Көзілдірік оған қараған балаға беріледі, ал оның көршісі жаңағы сиқырлы сөзді айтады.
Керемет! Бір-бірлеріңде жиі мақтауға тырысыңдар. Осылайша өздеріңнің достарыңның көңіл-күйлерін көтересіңдер. Ал егер досыңның көңіл-күйі жақсы болса, онда сіздің де көңіл- күйіңіз жақсы болады.
«Мен, және біз, және қасымыздағы барлығы»
«Ғаламшарымызды жандандырамыз»
Жүргізуші:Балалар сіздердің сыныптарыңыздың бейнесі жеткілікті түрде жақсы шықты ма ? Жасалынған жобадан сыныптың өмірі жанданып тұрғандығын ол жетістікке толы екендігін көрсетіп тұр.
Жақсылап жайғасып отырыңдар және көздеріңді жұмыңдар (музыка ойналып тұр). 2 - 3 рет терең демалыңдар және демдеріңді шығарыңдар. Өздеріңді өсімдік деп елестетіңдер. Жақсылап қарап алыңдар: сендер өсімдіксіңдер ме әлде ағашсыңдар ма? Соны естеріңде сақтаңдар.
Ал сіздердің айналаңызда қандай өсімдіктер бар ? Олардың қайсысы сендерді қараңғылайды, ал қайсысы жылу және сәуле береді. Өздеріңнің жапырақтарыңды және бұталарыңды күн сәулесіне қарай бұрыңдар, жылы жаңбырдың астына қойыңдар. Жайлап керіліңдер және көздеріңде ашыңдар.
Ал енді өзіміздің «Ғаламшарымызды» жандандырайық. Дайын пішіндерден өздерің көз алдарыңа елестеткен өсімдікке жақын өсімдіктерді таңдап алыңдар (немесе таза қағазда өздеріңнің бейнелеріңді салыңдар). Оған өз есімдеріңді, тектеріңді жазыңдар.
Жұмысты аяқтағаннан соң, өз өсімдігіңді (желімнің көмегімен) «Ғаламшарға» қолайлы жерге орналастыр.
Сонымен, сендердің ғаламшарларың өмірге толы. Бұл керемет!
«Өрмек» ойыны.
Жүргізуші жобаға қатысушылардан қайтадан шеңбер құрып жиналуларын сұрайды.
Жүргізуші:Келесі ойында біз, өзара бізді байланыстырып тұратын үлкен бір өрмекті құрамыз. Осыдан басқа сендердің әрқайсыларың өздеріңнің сыныптастарыңа деген жақсы ой және сезімдеріңді білдіре аласыңдар.
Жүргізуші түрлі түсті жіптің ұшын өзінің алақанына орайды.
Сендер менің не істегінімді көрдіңдер ме? мен өрмекте келесі кім болатындығын таңдаймын, оған мынадай сөздерді айтып : «Сен маған ұнайсың, себебі ...» (мүмкін таңертең сыпайы есік ашқан шығар немесе кеше математика бойынша қиын есепті шығаруға көмектестін) жіптің шумағын беремін. Өзіңе айтылған сөзді тыңдап, ойыншы алақанына орап, осындай сөздерді айтып ойынға қатысушы басқа бір балаға айтады «Сен маған ұнайсың, себебі...». Жіптің шумағын бергенде сізге қандай сөз айтылды соны есте сақтауға тырысыңдар.
Жіптің шумағын соңында кім алса, сол оны кері бағытта қайта шеше бастайды. Мұның өзінде сіздердің әрқайсыларың өздеріңе айтылған сөзді, сол сөзді айтқан кісіге қайталап айтуларың қажет.
«Біздің ғаламшарымыз және оның серіктері»
Жүргізуші: Менің ойымша, сіздерге ұнайтындығын айтуға болатын адамдар әлі де табылады. Сендерге көмектесетін, сендер үшін уайымдайтын, қуанатын адамдар, олар сендердің «серіктерің». Олардың есімдерін жазыңдар және оларды сендердің сыныптарыңның ғаламшарының айналасына орналастырыңдар.
Содан кейін балалар сұрақтарға жауап береді: серіктерде кімнің есімдерін орналастырдыңдар, неліктен нақ осы адамдарды естеріңе алдыңдар, шын мәнісінде олар үшін кім ақылшы және көмекші?
Қымбатты балалар, қараңдар ! Сендердің ғаламшарларың тіршілік етеді ! Ол тыныс алады, ол әрекет етеді, ренжиді, және жаңа жетістіктерге ұмтылады. Бірақ сендердің өмірдегі жақсы қасиеттеріңсіз ол жетістікте болмаушы еді. Жұлдызшаларға сабақтың бірінші кезеңінде айтылған өздеріңнің жақсы қасиеттеріңді жазыңдар, және оны өздеріңнің ғаламшарларыңның айналасындағы жаһанға орналастырыңдар.
«Мүсін» жаттығу.
Жүргізуші:Біздің уақытымыз аяқталып келеді. Мен сендерге ойын ұсынамын, оның ережесін түсіндіру оңай емес. Бірақ мен сендерге оны қалай ойнау керектігін түсіндіремін. Әрқайсыларың қолдарыңа қалам немесе қарындаш алыңдар...
Сендердің бірің ойынды бастайсыңдар: ол қаламды сыныптың ортасына еденге қояды. Екіншісі өзінің қаламын, алдыңғы қаламға түйісіп тұратындай етіп қояды. Үшінші қалам немесе қарындаш алдында қойылған біреуімен түйістіріледі. Ойын осылайша барлық қаламдар немесе қарындаштар қойылып болғанға дейін жалғасады.
Үлкен рахмет, маған жақсы көмектестіңдер. Енді маған ойынның мәнісін түсіндіру оңай болады. Ал енді қазір біз қалам және қарындаштарды алып тастаймыз, олардың орнына өздерің тұрасындар, сендер нәтижесінде мүсін пайда болатындай етіп тұруларың қажет. Оның өзіңде сендер топтың тым болмаса біреуіне жанасатындай тұруларың қажет (алақандарыңмен, иықтарыңмен, тізелеріңмен ...).
Бұл көріністі естеріңе сақтаңдар ! Ал енді сынып бойынша жүріңдер.
Музыка ойналады.
Барлығы шеңбер құрып тұрады «Қайта кездескенше ! Жақсы күн үшін рахмет! Жақсы сағаттар үшін рахмет !» деген сөздерді айтып, бір-бірлерінің қолдарын үш рет қысады.
«Жетістік қаланың тұрғындары» жаттығу (5 мин.)
Мақсаты: эмоциялық күйзелістерін түсіру, топта еркін ахуалды туғызу, топтағы қарым-қатынасты жақсарту.
Уақыты: 3 минут
Нұсқау: Біздің «Жетістік» қаламызда да сондай сағат орналасқан. Сол сағаттың қоңырауы соғылғанына байланысты «Жетістік» қаланың қызық дәстүрі бар. Сол дәстүрді орындауға тырысайық.
Қоңырау бір рет соққанда – барлық тұрғындар келесідей амандасады:
- бір-бірінің алақанын сипайды, ал егер қоңырау –
- екі рет соқса – арқалармен бір-бірінің арақаларын сипа бастайды,
- үш рет соғылса тізелерді қосып «тізелермен амандасады».
Жаттығуларды орындаған кезде балалар шашылып, еркін жүреді. Содан кейін – белгі беріледі, жаттығулар аяқталады.
«Есімдер» жатығуы
Мақсаты: тренинг қатысушыларды бір-бірімен таныстыру, жағымды қарым-қатынастықты туғызу.
Нұсқау: Қатысушылар өз есімдерін айтады және өзін бейнелейтін 3 сын есім айтады.
«Жетістік» (Тақтадағы баспалдаққа қазіргі сендердің көңіл-күйлеріңді қай дәрежеде екенін белгілеңіздер.)
Кіріспе сөз «Сәлеметсіз бе! Біз барлығымыз осы өмірде жетістікке жетуді қалаймыз. Сендердің түсініктеріңіз бойынша жетістік дегеніміз не және оған қалай жетуге болады екен? (қатысушылардың пікірлері), осы сұраққа жауап беру үшін мен сендерге барлық бөгеттерден өтіп «Жетістік» мемлекетінде болуы ұсынамын. Барлықтарының бір-бірінің қолдарын ұстап көздеріңді жабуды сұраймын, менің белгім бойынша, біз бәріміз «Жетістік» деген құпия қаласында боламыз (ән ойналады). Біз бәріміз осы қаланың тұрғындарымыз.
Әрбір күн – таңертеңнен басталады. Біз ойнауға тиіспіз. Бұл үшін мен келесіні ұсынамын – мен сендерге көрсетемін, - ашыл сендер менің артымнан қайталайсыңдар «көбелек» жаттығуы».
Таңертең көбелек оянды, тартылды,
Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды,
Азғана айналып, барлығына күліп,
Қайта гүліне оралды.
дай дәстүрдің бірі ол қаланың негізгі алаңында үлкен сағаттардың орналасуы.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: