Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Құстар біздің досымыз
І - жүргізуші:
Табиғат қандай сұлу, қандай көркем,
Мамырда жасанады гүлдеп ертең
Сылдырлап бұлақ ағып сай - саладан,
Ағаштар жапырақ жайып, қыр көгерген.
Табиғат - халық қазынасы. Адамның бар тіршілігі табиғатқа байланысты, күш - қуатты бар игілік пен жақсылықты ол табиғаттан алады.
Көктем:
Көңілді әуен ойнайды, сол кезде ортаға «Көктем» мезгілі кіреді.
Келді көктем қоңыр салқын желімен,
Келді көктем нұрын шашқан күнімен.
Келді көктем қызыл, жасыл гүлімен,
Келді көктем әдемі құс үнімен, - дей отырып, әдемі құстарымызды қарсы алайық.
- Балалар ерте көктемде ұшып келетін құстарды еске түсірейікші, ол үшін мен сендерге құстарға байланысты жұмбақ жасырамын.
Шарлап келіп даланы,
Үйіме, үйін салады. (Қарлығаш)
Су бетін сүзіп,
Ақ құман жүр жүзіп. (Аққу)
Түнде жортады,
Жарықтан қорқады. (Жарқанат)
Тақылдатып, мазаны ап,
Ағаштарды тазалап,
Ормандарды емдейді, зиянкесті тазалар. (Тоқылдақ)
ІІ - жүргізуші:
Аққулар қонды саңқылдап,
Қоңыр қаз жетті қаңқылдап.
Сырнай мен керней тартқанда
Ән мен күй кетті қарқындап – деп келесі әніміз сіздерге арналады. Қабыл алыңыздар.
Ән: «Біздің балабақшамыз»
І - жүргізуші:
Ал енді осы құстар туралы тақпақ, мақал - мәтел, тыйым сөздер кім айтады.
Айдана: Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Боран соқса қар болар,
Бұтаға қонар қарғалар.
Әділет: Қос қанатын иіп ап,
Жарға келіп қонады.
Қара киім киіп ап,
Балшықтан үй соғады.
Ақжан: Үйге кірші торғайым
Мен аяздан қорғайын.
Жем шашамын, жегейсің
Үйшік жасап берейін.
Нұржан: Келіп көктем құстары,
Бау - бақшада ән салды.
Оларды жас достары
Ұя жасап қарсы алды. .....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: