Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Цифр мен заттың саны арасындағы сәйкестікті табу

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Цифр мен заттың саны арасындағы сәйкестікті табу

№24 Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы.
Білім бері саласы:"Таным"
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Тақырыбы: Цифр мен заттың саны арасындағы сәйкестікті табу. Сол жақта, оң жақта. Жыл мезгілі - көктем
Мақсаты: цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету; заттың орналасу ретіне қарай сөзбен баяндау қабілетін арттыру; жыл мезгілдерін (көктем, жаз, қыс, күз) айыра білу және атап көрсету қабілетін нығайту.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, демонстрациялық ойын

Мотивациялық қозғаушылық
Цифрды тап ойыны
Педагог балаларға цифрды көрсетеді және оның қандай цифр екенін сұрайды.

Ұйымдастырушылық ізденістік 1 - тапсырма
Сұрақ қояды:
- Қоянның неше сәбізі бар?
- Тиіннің неше саңырауқұлағы бар?
- Себетте қандай сан жазылған?
Педагог себетте төрт заты бар аңмен сызық арқылы қосуды сұрайды (тиінмен)
Нақтылайды:
- неліктен тиінмен қостыңдар?

2 - тапсырма.
Педагог сол жақтағы цифр қандай санды көрсетіп тұрса, жолақтың ішіне сонша зат салуды тапсырады.
Педагог орындалған тапсырманы тексереді және мынадай сұрақ қояды:
- 5, 4, 3 цифрларының қасына неше заттың суретін саласыңдар? себебін түсіндіріп беріңдер.

3 - тапсырма.
Менің оң қолымда қоян, сол қолымда тиін (ойыншық) тұр. Балалардан тиін мен қоянды қай қолына ұстап тұрғанын сұрайды. Осыдан қорытынды жасаймын:
- Егер адам сендерге қарап тұрса, оның оңы сендердің "сол жағың" болып табылады.
Балаларға тапсырманы дәптерге орындау керек екенін айтамын.
- Бала бетімен қарап тұра ма, әлде арқасын беріп тұра ма?
- Оның "оң жағы" қайсы, "сол" жағы қайсы?
- Жалауша оның қай қолында?
- Шар баланың қай қолында?
Баланың оң қолындағы затты қызыл қарындашпен бояуды тапсырамын?

4 - тапсырма:
Өлеңде суреттелген жыл мезгіліне байланысты суретті тауып бояп, ал артық суретті сызып тастауға тапсырма беремін.
Сұрақ қоямын:
- Алма салынған себетті неліктен сызып тастадыңдар?
- Қандай суретті боядыңдар және неге?
- Көктемнің тағы қандай белгілерін білесіңдер? .....


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мектепалды Цифр мен заттың саны арасындағы сәйкестікті табу дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабакша сабак жоспары, мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайындык сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, мектепалды дайындық жылдық жоспар, Цифр мен заттың саны арасындағы сәйкестікті табу

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]