Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Мен елімнің кішкене азаматымын
Мақсаты: Балаларды Отанға деген мақтаныш, патриоттық сезімін дамыту. «Азамат» деген сөздің терең мәнін түсіндіріп өту.
Отанды сүю – от басынан басталады.
Отансыз адам, Ормансыз бұлбұл.
Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол.
Мақалдардың мағынасын талқылап, түсіндіру, балалардың пікірлерін тыңдау.
Көрнекіліктер: суреттер, қарындаштар, ақ қағаз, түрлі - түсті қарындаш.
Кіріспе:
Балалардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық сәт: Үлкенге де "СІЗ",
Кішіге де "СІЗ".
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз біз!
Балалар шаттық шеңберінде көңілдері көтеріңкі болып, сабаққа зейін қояды.
Жаңа сабақпен таныстыру.
Сұрақ - жауап.
- Балалар «азамат» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- «Азамат» қандай болу керек деп ойлайсыздар?
- Тақтамен жұмыс: «Азамат» болудың өсиетті сөздері бар екен, қане оқиық: /слайд арқылы көрсету/
Бұл сабақта әрбір азаматтың қандай құқығы мен міндеті бар екендігін түсінеміз.
Азаматтың құқығы ғана емес, азаматтық парызы да бар.
Әрбір азаматтың төлемақысыз білім алуға, дәрігерге қаралуға, бір - бірімен қарым - қатынас жасауға т. с. с. құқықтары бар екен.
Менің атам айтқандай «... әрбір азаматтың бір құқығы болса, екі міндеті болады. Ол дегеніміз: қазір білім алып оқысақ, ертеңгі күні біз біріншіден Қазақстанның нағыз азаматы боламыз, екіншіден: ата - анамыз алдындағы парызымызды өтеу керекпіз. Бұл әр азаматтың борышы» деген сөзі бартын маған өсиет қылып айтып кеткен.
Бірақ нағыз азамат болу оңай емес екен. Ол үшін адамгершілік, жауапкершілік, әдептілік керек.
Еліңнің нағыз азаматы болу үшін Қазақстанның заңдарын біліп, сақтау керекпіз. Біздің елде әр азамат он төрт жастан бастап істеген ісіне жауапты болады.
Мұндай заңдылық біздің қазақ жерінде үлкен сыныптарға барғанда «ТАРИХ» сабағынан өтесіздер, сонау Әз Тәукенің тұсындағы «Жеті жарғыдан» басталған.
Ата заңын ардақтай алмаған азамат, елінің де қадіріне жете алмайды.
Балалар жаңа сабақты тыңдайды.
Сұрақтарға толық жауап береді.
Ережелерді есінде сақтайды.
/Слайд көріп шыққаннан кейін/
Сіздер кішкентай балапандар – еліміздің болашағысыздар. «Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан...» деп Абай атамыз жырлағандай елін сүйген азамат болуға сіздер міндеттісіздер.
- Міне осы өсиеттерді есте сақтау әр кімге де қажет.
Ал ендігі тапсырма, отан туралы мақал - мәтелге көңіл аударайықшы:

Міне енді осының барлығын біз кішкене жүрегімізге тоқып алсақ келешекте жақсы да сенімді Қазақ еліміздің нағыз "АЗАМАТТАРЫ" боларсыздар деп үміттенем, маған бір ой келді, суретпен қалай жеткізуге болады деп ойлайсыздар?
Қорытындылау: сұрақ - жауап, сурет талдау.
Мадақтау: Сабаққа өте жақсы қатысқан балаларды мадақтау, сабақты қорытындылау.
Күтілетін нәтиже:
Нені білді: «Азамат» сөзінің «салмағы» қандай екенін түсінді
Нені меңгерді: Өз ойын жеткізе алады, толық жауап бере алады.
Азамат болу ережелерін меңгерді.
Өмірде қолдана білді......

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: