Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ж әрпі мен дыбысы
Сабақтың мақсаты: Ж дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру. Басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету. Сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілеттерін арттыру.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын, көрнекілік, жұмбақ шешу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, кеспе буындар, жаңа әріптің баспа және жазба үлгісі.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал қанекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.
Балалар қонақтармен амандасады.
Біздің ұранымыз.
Біз көңілді балалармыз! Ештеңеден қорықпаймыз
Келген қонақтарға,
Ортаға білімімізді саламыз!
2. Дыбыс пен әріптің қандай айырмашылығы бар? Дыбысты естиміз, айтамыз, ал әріпті көреміз, оқимыз, жазамыз.
Дыбыстар сөздің қай жерінде кездеседі? Сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі.
Үй тапсырмасын тексеру =Ы= дыбысына сөз ойлап келу.
3. Жаңа сабақ. Балаларға "Ж" дыбысынан келетін сөздерге байланысты жұмбақтар жасыру.
1. Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады. (Жұлдыз)
2. Төбеден төнеді,
Тамшысын төгеді. (Жаңбыр)
3. Ағайынды бәрі.
Шықса жасыл,
Түссе сары. (Жапырақ)
4. Күндіз тіпті ұшпайды,
Түнде тышқан ұстайды,
Көзі шамға ұқсайды. (Жапалақ)
(суреттер)
- Осы барлық сөздер қандай дыбыстан басталады?
- Ж - дыбысынан.
- Дұрыс - ақ. Олай болса бүгінгі танысатын жаңа дыбыс - Ж дыбысы мен әрпі.
Мынау Ж дыбысының баспа және жазба түрлері.
- Ж - дыбысы қандай дыбыс?
Қандай текшемен белгілейміз?
Әліппе - дәптерімен жұмыс.
4. Сергіту сәті:
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Ой, алақай, тамаша
Шашу шашты жапырақ,
Бақтың іші алаша.
5. Жұмбақ жасыру:
Гүлдерге қонады,
Шырынын сорады.
Түр – түсі сары ала
Бұл не? (Ара)
Дұрыс, ара. Ара қандай дыбыс шығарады?- ж - ж - ж - ж - ж - ж
Ара, ара, аралар,
Орманның бәрін аралар.
Гүлдерден сорып бал алар.
Магниттік тақтада гүлдердің суреттері.
Ара қай гүлге қонады, сол гүлде араның тапсырмасы болады.
Араның тапсырмалары:
1. Әріптер арасына жасырынған - Ж - әрпін тауып сызыңдар.
(сурет)
2. "Не артық?" Карточкадағы артық затты тап, ол неге "артық?"
(сурет)
3. Жолбарыс
Жылан
Жапырақ
Осы сөздерге дыбыстық талдау жасау, сөйлем құрастыру.
4. Дидактикалық ойын:"Буынға буын қос".
Мақсаты: басталған буынға буын қосып, сөз құрастырып, айта білуге, шапшаңдыққа, зейінділікке баулу.
Жа - ға, жу - ан, жаң - ғақ, жыл - дам, Жас - лан, жаң - быр, жы - лан, жас - тық, жү - зім, жұл - дыз, же - міс, жұм - бақ, жи - һаз.
5. Тақтада әр – түрлі суреттер ілінген (жүзім, машина, қонжық, түйе, доп, көжек, жылқы). Осы суреттердің ішінен – ж – дыбысы бар суреттерді тауып, атын атап буынға бөлу.
- Балалар, біз араның барлық тапсырмаларын орындадық.
6. - Балалар, бүгін қандай дыбыспен таныстық?
- Ж - дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
- Балалар, сендер бүгін өте жақсы жұмыс жасадыңдар, жарайсыңдар.
- Балалар, сендер – Қазақстан Республикасының кішкентай азаматтарысыңдар. Келешекте біздің Қазақстан еліміздің белгілі жұлдыздары болыңдар, сондықтан мен сендерге мынадай жұлдызша сыйлаймын. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіздікке биыл 20 жыл болады.
Он алтыншы желтоқсан -
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекені ел тоқсан,
Атамменен барған күн.
Он алтыншы желтоқсан -
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше болып мәңгілік,
Ел жанында қалған күн.....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: