Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Өткенді қайталау
[quote] Сабақтың мақсаты: 1 - ден 10 - ға дейінгі сандарды, олардың таңбалауын, құрамын қайталау, білімдерін бекіту, бақылау. Оқушылардың есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: "Қызыл телпек" ертегісіне салынған кейіпкерлерінің бейнесі, 1 - ден 10 - ға дейінгі сандар, дидактикалық ойындар, тапсырма кедергілер.
Сабақтың барысы: Бүгінгі сабағымыз ерекше, бізге қонақтар келді.
Сәлемдесу: Үлкенге де сіз, кішіге де сіз
Құрметпенен сіздерге Сәлем бердік біз.
Біздің ұранымыз: Бір, екі, үш
Сынып іші тып – тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.
(сурет)
- Балалар, мынау қандай ертегінің кейіпкерлері? -"Қызыл телпек" ертегісінің. қасқыр мен Қызыл телпек.
- Мынау не?
- Орман.
- Мына орманның шетінде Қызыл телпектің әжесі тұрады. Қызыл телпек әжесінің үйіне бара жатқанда алдынан оған қасқыр кездесіпті.
Қасқыр: Қызыл телпек, егер сен менің тапсырмамды орындасаң, мен сені жіберемін. Ал, егер тапсырманы орындай алмасаң сені жеп қоямын.
- Қызыл телпек бізден көмек сұрай келіпті.
Қызыл телпек: Әжеме жетуге мен асығамын, Қарашы кедергілер тосылғанын. Жалғыз емес, қасымда достарым бар. Орындаймыз бізге бар тапсырғанын.
- Әжеге жету үшін қасқырдың тоғыз тапсырмасын орындау керек.
1 - тапсырма: 1 - 10 - ға дейін тура, кері санау.
2 - тапсырма: Көрші сандарды атау.
3 - тапсырма: Қандай ұғымдармен таныстыңдар? Оны есімізге түсіру үшін, мына сұрақтарға жауап беріңдер.
а) Жұлдыздың шашы ұзын, ал Шыңғыстың шашы қандай?(қысқа)
ә) Ағаш биік болып өссе, шөп қандай болып өседі? (аласа)
б) Жылқы жылдам жүрсе, тасбақа қалай жүреді? (баяу)
Енді "Керісінше" ойын ойнаймыз. Мен айтамын - үлкен Сен айтасың - кіші. Мен айтамын - жуан Сен айтасың - жіңішке. Мен айтамын - қалың Сен айтасың - жұқа. Мен айтамын - жоғары Сен айтасың - төмен. Мен айтамын - көп Сен айтасың - аз. Мен айтамын - алдында Сен айтасың - артында. Мен айтамын - кең Сен айтасың - тар. Мен айтамын - үстінде Сен айтасың - астында. Мен айтамын - оң жақта Сен айтасың - сол жақта. Мен айтамын - алыс Сен айтасың - жақын.
4 - тапсырма: Себетке саңырауқұлақтар жинау. Плакатта шарлардың суреті, ішінде өрнектер, астында сан қатары 1 - ден 10 - ға дейін. Өрнектерді дұрыс шығарып, сызықпен жауабын көрсету. Кім өрнекті дұрыс шығарады, соған бір саңырауқұлақ беріледі, оны себет ішіне саламыз.
5 Сергіту сәті. Балалар, кішкене шаршаған боларсыңдар, сергіту сәтін орындайық.
Оңға, оңға, түзу тұр
Солға, солға, түзу тұр.
Алға қарай бір адым.
Артқа қарай бір адым.
Жоғары - төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
6 - тапсырма: Есептер құрастыру. Балалар, есептің құрамды бөліктерін еске түсірейік. - Есептің төрт бөлігі бар: 1. Шарты 2. Сұрақ 3. Шешуі 4. Жауап
1. Он асықтың үшеуін
Досың сұрап алады
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады?
2. Табақта бес алма
Қолымда екі алма
Қосқанда барлығын
Болады қанша алма?
Балалар сурет бойынша есеп құрастырады. Енді өз ойынан кім есеп құрастырады?
7 - тапсырма: Салыстыру. - Сандарды салыстырғанда қандай белгілерді қолданамыз? - Дұрыс, артық >, кем
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: