Мектепалды дайындық сабақ жоспары: 7 саны мен цифры

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: 7 саны мен цифры

Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: 7 санымен таныстыра отырып, тура және кері санауға үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, математикалық тілін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік мәні: Ұқыптылыққа, өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: «Мақта қыз бен мысық» ертегісі желісіндегі сабақ
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын
Көрнекілігі: «Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі кейіпкерлер, шаблон суреттері

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
Балалар бір - біріне жылу, тілек білдіреді.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Кешегі сабақта өткен сандарды еске түсіру.
- Бүгінгі сабақ ерекше болмақ. Ол үшін біз «Мақта қыз бен мысық» ертегісін есімізге түсірейік.

ІІІ. Жаңа сабақ
- Қане, балалар, 6 санының көршісін кім атап береді? Иә, дұрыс айтасыңдар, 5 және 7 сандары. Ендеше, біз бүгін 6 санының көршісі 7 санымен танысамыз.
7 санымен танысу үшін «Мақта қыз бен мысық» ертегісі бойынша 7 өткелден өтеміз. Мысықтың қатығын табуға көмектесеміз. Мысықпен бірге тапсырманы орындайық.
1 - сиырдың тапсырмасы: Өткен сандарға байланысты санамақтар айтыңдар.
Бір дегенім - бесік
Шықтық содан өсіп,
Екі дегенім - Елім
Далам, тауым, көлім,
Үш дегенім - үміт,
Үміт артар жігіт.
Төрт дегенім - төзім,
Төзе білем өзім,
Бес дегенім - Бақыт,
Бағалайтын уақыт.
Алты дегенім - Ақыл
Тыңдағаным мақұл
- Тағы сиыр не сұрайды?- Жапырақ
2 - теректің тапсырмасы: 6 санына дейін кері және тура сана.
Сөйтіп мысық шаршады, ендеше, біз мысықты сергітейік.(Сергіту сәтін орындайық)
- Мысық сергіп алып, су іздеуге жолға шығады.
Алдарынан кім кездеседі?- Қыздар
3 - қыздардың тапсырмасы: 7 саны қандай санг, сол туралы білейік.
- Ал осы жерде мысыққа мен көмектесіп жіберейін. 7 саны тақ сандар қатарына жатады, 6 - санының оң жақ көршісі. Қазақта 3, 5, 7 сандарын киелі сандар қатарына жатады.
Мысалы:
7 → ата, күн, шелпек, ғалам, жоқ, жұт
Жеті күн:
Жеті қазына:
4 - дүкеншінің тапсырмасы: Дәптермен жұмыс. 7 санын ауада жаздыру. Дәптерге 7 санын әдемілеп жазу.
5 - тауықтың тапсырмасы: «Жасырын санды тап» ойыны. Бос торкөздердің орнына қалып қойған сандарды тауып жазу.

6 - тышқанның тапсырмасы: 7санының құрамын анықтау үшін жұмбақ жасырамын, жауабын таппасаңдар тышқан дәнін оңай бере салмайды.
Маратта бар бес іні,
Мұратта бар екі іні.
Қосса беспен екіні,
Неше болды шешуі? (7)

- Енді, мысық келген жолымен қайта қайтады да, дәнін ала отырып кері санап жүреді.
7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0.
- Сонымен, ол Мақта қызға келгенде, оның тапсырмасы болып шықты.
7 - Мақта қыздың тапсырмасы: Санамақ жаттау.
Жеті дегенім - жалау,
Жүректегі алау.
Осыдан Мақта қыз мысыққа біреудің еңбегіне қол сұқпа, үлкендердің тілін ал, әдепті болып жүр деп ақылын айтыпты.
Ал, олай болса біздер қандай болуымыз керек?- Біз әдепті, алған затымызды уақытында қайтаратын, адал болуымыз керек! Сендер ақылды баласыңдар. Сау болыңдар! .....


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мектепалды 7 саны мен цифры дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабакша сабак жоспары, мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайындык сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, мектепалды дайындық жылдық жоспар, 7 саны мен цифры

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]