Мектепалды дайындық сабақ жоспары: М дыбысы мен әрпі

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: М дыбысы мен әрпі

Мақсаты:
а) білімділік: М м әрпімен таныстыру арқылы білім беру, М дыбысын сөз ішінен таба білу, дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру. М дыбысына мысалдар ойлату арқылы сөздік қорларын молайту.
ә) дамытушылық: дидактикалық материалдарды пайдаланып. Дидактикалық ойындарды ойнатып, балалардың ойлау қабілеттерін, қиялдарын, зейіндерін дамыту.
б) тәрбиелік: әдемі - көркем жазуға қолдарын жаттықтыру.
Көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер, әліппе - дәптер.
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру
- Сәлеметсіңдер ме балалар?
- Сәлеметсіз бе?
Шаттық шеңбері.
(ортаға шығып) Шеңбер болып тұрайық
Алақанды ашайық
Күннің нұрын алайық
Жүрекке жылу салайық
Жиналған жылы шуақты
Бір - бірімізге шашайық.
- Рахмет балалар.

2. Қайталау.
- Балалар өткен сабақта не өттік? Қай дыбыспен таныстық?
- Д д дыбысымен
- Ол қандай дыбыс
- Қандай сөздермен таныстық?
- Доп, домбыра, долана, дөңгелек.
- Бүгін біз М м әрпімен танысамыз.

3. Жаңа сабақ
- Балалар мені мұқият тыңдаңдар:
Мамырда бар
Ақпанда жоқ
Қамырда бар.
Ақ нанда жоқ.
- Қай сөзде М м дыбысы естіліп тұр?
- Мамырда, қамырда
- М қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?
- Дауыссыз
- Неліктен? Еріндеріміз бір - біріне тиіп, кедергі болып тұр. Тақтада ілініп тұрған суреттерді атап, сөздерді буынға бөліп, сөйлемдер құраймыз.
- Балалар, Мақта қыз дегеніміз кім?
- Ол ертегі кейіпкері
- Ендеше сол Мақта қыз бүгін біздің сабағымызға келіпті, оны қарсы алайық
- Сәлеметсіңдер ме балалар, мен сендерге арнайы ертегілер елінен тапсырмалар алып келдім, орындасаңдар сендерге жұлдызшалар беремін.

1 - тапсырма: «Жұмбақ шешу»
1 қатар: Инеліктің апасы
Ызыңдаған дыбысы
Шақса белгі салады
Қаныңды да сорады. (маса)
2 қатар: Қыста жылт - жылт етеді
Қолдан суық өтеді
Күн жылынып жылбырап
Су боп ағып кетеді. (мұз)
3 қатар: Мұртын сипап тілімен
Бетін сусыз жуады
Тышқанды аңдып түнімен
Көзі оттай жанады. (мысық)
2 - тапсырма:
Әріптер жазылған карточкалар, сол әріптер арасынан М әрпін тауып, көк түспен бояу.
3 - тапсырма:
Жасыл, сары, қызыл конвертке суреттер салынған, балалар өз қалаулары бойынша түс таңдап, суреттерді атап, буынға бөліп, сөйлемдер құрау.
4 - тапсырма: Сауат ашу дәптеріндегі М м дыбысын үлгі бойынша әдемі, маржандай етіп жазу
Тапсырмаларды орындап болған соң Мақта қызбен қоштасу.
- Рахмет саған Мақта қыз, дайындап әкелген тапсырмаларың өте қызықты екен.

4. Сергіту жаттығуы.
«Қара жорға» әуенімен билеп неше түрлі қимылдар жасау
5. «Ұшты - ұшты» ойыны

6. Қорытындылау.
- Балалар бүгін қандай дыбыспен таныстық?
- Мақта қыздың тапсырмалары ұнады ма?
Сұрақ - жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін бекіту, бағалау......


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мектепалды М дыбысы мен әрпі дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабакша сабак жоспары, мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайындык сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, мектепалды дайындық жылдық жоспар, М дыбысы мен әрпі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]