Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ұзын құлақ сұр қоян

Мектепалды дайындық сабақ жоспары:  Ұзын құлақ сұр қоян

Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: «Ұзын құлақ сұр қоян»
Мақсаты: Балаларды елестету арқылы таныс бейненің мүсінін жасауға, қоянның жеке бөліктерін: басы, денесі, құйрығын анық жасай білуге үйрету. Есу, жалпайту, шаншу әдістерін жалғастыру. Бейнені мәнерлі түрде жеткізіп, балалардың шығармашылық қабілетін, қиял - елесін дамыту.

Қоршаған ортаны сүйе білуге, аңдарға жан – жануарларға қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтар: Саз, тақтайша, шүберек, үлгі.
Методикалық әдіс: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрсету.
Сөздік жұмыс: Сақ құлақ, үркек, қорқақ.
Мотивациялық қозғаушы
Балалар қане айтыңдаршы сендердің алдарыңда қандай заттар жатыр?
Саз, тақтай, шүберек.
- Дұрыс айтасыңдар. Ендеше бізде қандай оқу іс - әрекеті?
Мүсіндеу іс - әрекеті, саздан ойыншық жасаймыз
- Дұрыс айтасыңдар. Бізде мүсіндеу оқу іс - әрекеті болады. Өткен оқу іс-әрекетінде қандай ойыншықтар мүсіндеп едік. Қане есімізге түсірейікші
Кесе - шәйнек, құмыра, аққала, домалақ нан, печенье
Жарайсыңдар, жасаған ойыншықтарыңды ұмытпаған екенсіңдер.

Іздену ұйымдастырушы
- Енді сендер мына суретке қараңдаршы ненің суретін көріп тұрсыңдар?
Қоянның суретін көріп тұрмыз.
- Дұрыс айтасыңдар балалар. Бұл қоянның суреті екен.
- Қоян нені жақсы көреді?
- Қане Бақтияр сен айтшы қоян нені жақсы көреді екен? (сәбізді)
- Ал енді қоян неше бөліктен тұрады, соны санап жіберейік
- Қоян неше бөлік екен?
- Басы қандай балалар?
- Басында несі бар?
- Ал енді денесіне қараңдаршы, денесі қандай пішінде?
- Денесінде несі бар?
- Балалар сендер өте жақсы біледі екенсіңдер, біз бұл қоянды бұрыннан білеміз, қояндар орманда болады, ал үйде де асырауға болады екен.
Қоян өте сақ, елеңдеп жан - жағындағы дыбыстарды тыңдап, және өзі өте қорқақ, үркіп отырады екен.
- Сендер осы қоян туралы өлең білесіңдер ма?
Үркек қоян, сақ қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы - қырлы жерлермен,
Ытқып - ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын салып көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
- Жарайсыңдар балалар, енді біз осы өлеңдегі қоянды мүсіндей аламыз ба, соны көрейікші.
Біз қоянды мүсіндеу үшін алдымен сазды төртке бөліп аламыз.
1 - ші үлкен бөлік, 2 - ші кішілеу бөлік, 3 - 4 - ші бөлік олардан да кіші болады.
- Мына үлкен бөліктен - денесін жасаймыз, екінші бөліктен - басын, ал мына үлкен бөліктен – денесін жасаймыз, екінші кішілеу бөліктен - басын, ал үшінші бөліктен - құлағын, төртінші бөліктен - аяқ, қолын жасаймыз.
- Балалар денесі қандай пішінде еді?
- Онда сопақша пішінді дене жасау үшін, сазды алақанымызға салып домалақтаймыз да, алақанымызбен есеміз, міне қараңдаршы сопақша пішінді денесі шықты ма?
- Енді басын жасаймыз, басы қандай болады?
Басын алақан арасына салып. домалақтаймыз, сонда не шықты?
- Енді басын денесіне жапсырамыз. Құлағын жасаймыз сазды екіге бөліп аламыз да, алақан арасына салып домалақтап, оны есемізде бірінші екінші саусақпен жалпайтамыз. Көрдіңдер ме, құлағы дайын болды.
- Енді қай жері қалды?
- Дұрыс айтасыңдар енді аяғы - қолы қалды. Ал аяғын, қолын жасау үшін сазды тағыда алақанымызға салып домалақтап, содан соң сәл есіп аламызда денесіне жапсырамыз. Мінекей менің қояным дайын болды.
Қоянның қолына сәбіз ұстатуға болады.
- Қоянды жасауға болады ма?
(тақтада 1, 2 балаға жасату)
- Біз қоянымызды жасамас бұрын орнымыздан тұрып жаттығу жасап жіберейік.

Сергіту сәті: Ерінбе қояным
Ертеңмен оянғын.
Секеңде сен енді,
Шынықтыр денеңді.
Бір, екі үш, бір екі, үш,
Тартынба, үдет күш,
Шынықсаң оңарсың,
Шын батыр боларсың.
Қоянды ауада жасату.
- Ал енді жұмысымызды бастамас бұрын не істейміз?
Балаларға жұмыс жасату, жұмыстарын бақылап, жеке баламен жұмыс жүргізу.

Рефлексивті коррексиялаушы
Оқу іс - әрекетін - бірінің қорыту.
Балалар: Мал бақсаң сиыр бақ
Сүт кетпейді шарадан.
Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның, көл көсір т. б
- Сулы жер - нулы жер.
- Табиғат туған бесігің.
- Не ексең, соны орасың ың жұмысын бағалап, мадақтау, бір жұмыстарын тамашалау

Күтілетін нәтиже: Балалар қоян туралы біледі, суреттеп айтады.,.
Қоянды мүсіндеп жасай алады. .....


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мектепалды Ұзын құлақ сұр қоян дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабакша сабак жоспары, мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайындык сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, мектепалды дайындық жылдық жоспар, Ұзын құлақ сұр қоян

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]