Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ұ дыбысы және әрпі

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ұ дыбысы және әрпі

Сабақтың мақсаты:
а\Білімділік: Оқушыларды Ұ дыбысы және әрпімен таныстыру.
ә\Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын және ойлау қабілеттерін арттыру.
б\Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті: Ұ әрпінің жазылуын, оқылуын меңгерту.
Сабақтың әдісі - тәсілі: сұрақ - жауап, түсіндіру.
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекіліктері: суреттер, кеспе әріптер, буындар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушыларды алдын ала топқа бөліп алу.
Топтардың аты: қызғалдақ, бәйшешек, раушангүл.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Психологиялық дайындық:
Сәлем деймін күнге мен,
Сәлем деймін мен саған.
Сәлем деймін апайға,
Қонақтарға мың сәлем.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
- Қане, балалар біз өткен сабақты қандай дыбыспен таныстық: \Ж ж дыбысымен\
- Дұрыс айтасыңдар!
- Қане, өткен сабақты қаншалықты меңгергендеріңді білейік.

1.«Ең, алғыр топ!» деп аталатын ойынымызда әр топқа тапсырма беремін. Бұл тапсырманы дұрыс әрі ұқыпты етіп орындасақ, әдемі бір гүлдің бейнесін құрап шығасыңдар. Гүлдің әр күлтешесінің астында Ж дыбысына байланысты суреттер берілген, сол суреттердің астындағы ұяшықтарға әр суреттің атауын атап, буынға бөліп күлтешені өз орнына орналастырасыңдар. Егер де, сендер берілген тапсырманы дұрыс, әрі қатесіз орындасаңдар гүлдің бейнесін құрайсыңдар.

- Жарайсыңдар, балалар!
ІІІ. Жаңа сабақ:
- Қане, балалар сендер мына затты бұрын көріп пе едіңдер?
- Бұл ұршық деген зат. Ұршықпен жіп иіреді. Жіпті малдың жүнінен жасайды. Ал, жүнді малды қырқу арқылы алады. Малдың жүнін қырықтық деген құралмен қырқады. Ертеде фабрикалар болмағанда, жіп жасауға тек осы ұршық затын қолданған.
- Қане, балалар «Ұршық» сөзін қайталап, буынға бөлейікші. Ұр - шық.
Ал, балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Ұұ дыбысы мен әрпі.»
- Олай болса, балалар, барлығымыз тақтаға қарап, электронды оқулықтан берілетін бейне сюжетке қарайық.\электронды оқулықтан берілген 5тапсырмасын орындау\
- Міне, балалар сендер Ұ дыбысы туралы тамаша бір бейне сюжетке куә болдыңдар. – Сонымен балалар, Ұ дыбысы қандай дыбыс екен? \дауысты дыбыс\
Ал, балалар бүгінгі сабақта Ұ дыбысына байланысты тапсырмаларды орындайық.

2.«Ең, жылдам топ!» ойыны. Бұл ойынның шарты әр топ берілген суреттерге қарай отырып, қима әріптер арқылы әр суреттің атауын астында берілген ұяшықтарға қатесіз, ұқыпты етіп орналастыру.

- Жарайсыңдар, балалар!
- Қане, балалар сергіту сәтін орындайық:
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалды сұр қоян.
Ойлы - қырлы жерлермен,
Қос аяқтап секірді. \қимылмен\
Дәптермен жұмыс.
- Балаларға ең алдымен, Ұ дыбысын ауада жаздыру.
- Сауат ашу дәптерінде Ұ дыбысына берілген тапсырмаларды жазу.

ІV. Қорытынды. Сұрақ - жауап әдісімен:
- Қане, балалар бүгін қай дыбыспен таныстық?
- Ол дыбыс қалай айтылады?
- Ол дыбыс дауысты ма, дауыссыз ба?
- Олай болса балалар, сендердің бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергендеріңді «Тапқырлар тобы» деп аталатын ойын арқылы сабағымызды қорытындылайық.
Бұл ойынның шарты суретте берілген атаулардың түсіп қалған әріптерді тауып, жазу.

- Жарайсыңдар, балалар Ұұ дыбысын дұрыс тауып, жазып шықтыңдар.
V. Үйге тапсырма
VI. Бағалау.
- Әр топты әрбір тапсырманы орындау барысында стикер арқылы бағалап отырамын. Әрбір дұрыс жауапқа 1 стикер беріледі.
- Әр топ басшысын шығарып, жинаған ұпайларын санатып, жеңіске жеткен топты мадақтау арқылы бағалаймын. .....


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мектепалды Ұ дыбысы және әрпі дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабакша сабак жоспары, мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайындык сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, мектепалды дайындық жылдық жоспар, Ұ дыбысы және әрпі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]