Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Найзағай деген не
Балаларға « электр қуаты», «электр тоғы» туралы түсінік беру; электр қуатын пайдалануда сақтану ережелерінің негізін қалыптастыру; найзағайдың пайда болу себептерін түсіндіру.
Қажетті құралдар:
Шарлар, тоқыма маталар, пластмасс сызғыш, ермексаз, үлкен канцелярлық қыстырма.
Шаттық шеңбері
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек!
Көңілді боп жүрейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!
Негештен тапсырмасы бар хат келеді.
«Балалар мен сендерге ғажайып шарларды сыйға тарту етемін. Сонымен қатар менің сендерге берер тапсырмаларым бар, тапсырмаларды зейін қойып тыңдап, мұқият орындаңдар. Сонда ғана ғажайып құпияның сырын аша аласыңдар.»
1. тапсырма:
Шарды алып жүннен тоқылған матаға немесе теріге үйкеп, шарды жарға тақаңыздар.
- Балалар нені байқадыңыздар?
- Қалай ойлайсыздар шарлар неге жерге түспей тұр?
Балалардың жауабы, пікірлері, ойлары.
- Шарлардың жерге түспеу себебі олар электрленген. Естеріңе түсіріңдерші біз шармен не істедік? (Оларды тоқыма матамен үйкеледік) Осы іс әрекет барысында шар мол заряд алды. Жардында заряды бар, бірақ оның заряды өзгеше. Зарядтар әртүрлі болады: оң және теріс зарядттар. Қарама - қарсы зарядтар бір - бірін тартады екен.
Схеманы көрсету.
- Ендеше бірдей зарядтар бір - бірін итеру керек. Оны қалай тексеруге болады деп ойлайсыңдар?
Балалардың пікірі, ойлары, жауаптары.
- Балалар қанекей, екі шарды тоқыма матамен үйкелеп, бірге қойып қарайық.
Балалар тапсырманы орындайды.
- Нені байқадыңдар? (Шарлар бір - бірін итерді)
- Не себептен итерді деп ойлайсыңдар?
(Бірдей зарядтар бір - бірін тебеді)
Схеманы көрсету, балаларға салуды ұсыну.
Балалар тәжірибе нәтижесінің суретін салады.
Негештің 2-тапсырмасы:
«Мен зарядтардың дыбыс шығаратынын естідім. Сол рас па екен? Бұл дыбысты қалай естуге болады?»
Балалардың жауабы, ойы, пікірі.
- Үлкен темір қыстырманы үстелге тұрғызып бекітуіміз керек. Немен бекітуге болады?
- Ермексазбен бекітіңдер. Пластмассадан жасалған сызғышты алып, тоқыма матамен орап үйкелеңдер. Енді жылдам қыстырманың жоғарғы жағына жақындатыңдар. Не естідіңдер? Дұрыс айтасыңдар тырсылдаған дыбысты естідік.
Балалар тәжірибені өз бетімен қайталайды.
- Бұл тырсылдаған дыбыс неге ұқсайды деп ойлайсыңдар?
Қолы жоқ тарсылдатып соғады,
Оты жоқ, жанады,
(Ол найзағай мен жалт)
- Найзағай электр қуатынан пайда болады. Мен сендерге осы туралы қызықты бір әңгіме айтып берейін. Бенжамин Франклин атты американдық 1752жылы найзағай - электр заряды екенін дәлелдеді. Ол найзағай ойнап тұрғанда темір пластина орнатылған батпырауықты ұшырды. Найзағай темір пластина тиген кезде ұшқындар ұшты. Бұл тәжірибе өте қауіпті болғандықтан оны ешкім қайталап жасай алмады. Бұлттар ішіндегі жаңбыр тамшылары мен мұзды бұршақтар кездесіп соқтығысқанда өте күшті электр зарядын береді. Бұл зарядтар ауаны жарып бұлттан жерге немесе бұлттан бұлтқа секіреді. Осынын салдарынан ұшқындар пайда болады. Бұл найзағай.
- Неге біз найзағайдың жарқылын бірінші көреміз, ал дыбысын кейін естиміз?
Балалардың ойлары, пікірлері.
- Найзағай мен жалт бір мезетте пайда болады. Бірақ жарық дыбыстан жылдам қозғалатындықтан біз бірінші найзағайдың жарқылын көреміз, ал дыбысын кейінірек естиміз.
- Қалай ойлайсыңдар найзағай үйде электр шамдарын жаға ала ма?
Балалардың жауабы, пікірі, ойы.
- найзағайдың қуаты күшті болғанмен, ол өз қуатын жылдам жояды, ал электр жинағы өте аз болғандықтан үйдегі электр шамдарын жаға алмайды.
Сараптау.
Белсене қатысқан балаларды мадақтау.
Қорытындылау .....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: