Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Б дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. Б дыбысын дұрыс дыбыстату, әрпін таныту, Б дыбысының айтылу артикуляциясы, Б – дыбысы дауыссыз дыбыс, ол сөздің тек басы мен ортасында кездесетінін, Б – дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату, буынға дұрыс бөлуге үйрету. Б - әрпі бар сөздерді оқи білу.
2. Оқушылардың танымдық қабілеті мен қызығушылығын арттыру.
3. Оқушыларды сауаттылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Түрі: Ертегі сабақ.
Әдісі: түсіндірме, әңгімелесу, ойын, сұрақ – жауап.
Көрнекілігі: Слайд
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Балалар қазір бізге қандай сабақ?
- Сауат ашу сабағы.
- Сауат ашу сабағына керекті барлық құралдарымызды шығардық па?
Үй тапсырмасын тексеру.
- Өткен сабақта қандай әріппен таныстық? Т. б.
ІІ. Жаңа сабақ
Қызығушылығын ояту:
- Балалар, мен сендерге қызықты ертегі айтып берейін бе?
Ендеше тыңдаңдар.
Ертеде бір ешкі жеті лағымен орманда тіршілік етіпті. Бірде ешкі лақтарына азық әкелуге орман аралауға кетерде есікті ешкімге ашпаңдар! Мен қайтып оралғанда есікті қағып: «Лақтарым, шұнақтарым! Есікті ашыңдар! Аналарың сендерге сүт әкелді!- деп ән саламын»,- дейді.
Осы кезде ешкі үйінің маңында қасқыр жемтік іздеп жортып жүрген. Ол лақтарды алдамақ болды. Қасқыр ешкінің кеткенін күтіп, лақтардың ешкімнің қарауынсыз қалған сәтін аңдыды. Қасқыр үйге жақындап келіп, өзінің қарлыққан, қырылдаған даусымен:
- Лақтарым, шұнақтарым! Есікті ашыңдар! Аналарың сендерге сүт әкелді!,- деді.
Лақтар:
- Естідік! Тыңдадық! Бұл - анамыздың дауысы емес. Біздің анамыз жіңішке, нәзік дауысымен әндетеді. Кет, қасқыр, біз саған есікті ашпаймыз,- деп жауап қатты.
Қасқыр ісмер адамға келіп, жіңішке дауыспен ән салу үшін тамағын қағып беруін сұрады. Ісмер таң - тамаша болды, бірақ тамағын қағып, оның дауысын жіңішкертті.
Қасқыр ешкі үйіне жақындап келіп, есігін қақты. Сонан соң жіңішке, нәзік дауысымен:
- Лақтарым, шұнақтарым! Есікті ашыңдар! Аналарың сендерге сүт әкелді!- деп әндетті.
Лақтар есікті ашты. Жауыз қасқырға керегі сол еді. Ол үйге баса көктей, кимелей кірді де, лақтарды бірінен соң бірін қабына салып алдыда, үйіне алып кетті. Ешкі үйіне келсе, есік айқара ашық жатыр. Үй ішінде ешкі көрінбейді. Ешкі басына түскен қайғыдан көз жасын көл қылып, зарлы үнмен жылады. Лақтарын қасқыр алып кеткенін біліп, қасқырға келеді. Сонда қасқыр:
- Меніңі әр тапсырмамды орындаған сайын, мен саған бір - бірлеп лақтарыңды қайтарамын.- дейді.
- Ешкі берілген тапсырмаларды орындай алмай қиналыпты. Балалар, ешкіге көмектесеміз бе?
- Ендеше, қасқырдың бірінші тапсырмасын қарайық.
1 - тапсырма:
Жұмбақтар.
Таусыла ма, қараңдар,
Табиғаттың қызығы?
Суық жақтағы жануар -
Бұтақ - бұтақ мүйізі. (Бұғы)
Үш көзді батыр,
Жол көрсетер батыл
Үш көзі үш түрлі,
Қызыл, сары, жасыл
(Бағдаршам) .....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: