Мектепалды дайындық сабақ жоспары: С дыбысы және әрпі

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: С дыбысы және әрпі

Мақсаты: Жаңа С дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. С дыбысы бар сөздер айтып, талдау.
Білімділік: Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру және сауатты жазуға үйрету.
Дамытушылық: С дыбысы мен әрпін оқыту арқылы балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа және ойын толық жеткізіп айтуға үйрету.
Көрнекіліктер: суреттер, кеспе әріптер,«С» әрпінің баспа түрі, саңырауқұлақтар.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, бір - біріне жылулық лебізін білдіру.
Армысың алтын күн!
Армысың асыл жер!
Армысың жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Мінекей менің қолым!
- Балалар өткен сабағымызда қандай дыбыспен танысып едік? «Б» дыбысынан басталатын кім көп сөз айтады?

Жаңа сабақ:
Балалар тақтадағы суретке қарап атайықшы, қандай суреттерді көріп отырсыңдар?
Сүт, сағат, сандық, сабын. Яғни сөздердің басында қандай дыбыс естіледі?
Дұрыс айтасыңдар бүгін біздер С дыбысымен танысамыз. Балалар дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты, дауыссыз болып екіге бөлінеді. Дауысты дыбыстарды қызыл текшемен, ал дауыссыз дыбыстарды көк текшемен белгілейміз. Ал бәріміз С дыбысын айтып көрейікші.
«С» дыбысы қалай айтылады? Тілдің ұшы астыңғы тіске тіреледі, кедергілер арқылы шуылдап шығады. «С» дыбысы дауыссыз дыбыс, қане бәріміз ауада жазып көрейікші.
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын:
Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні.
Құйрығымен суырып,
Әкелді әжем біркүні. \cәбіз\
Сәбіз сөзін буынға бөлгізу арқылы с дыбысы қай буында тұрғандығын тапқызу.

Сергіту сәті:
Сағаттың тіліндей,
Иіліп оңға бір.
Сағаттың тіліндей,
Иіліп солға бір.
Оң аяқ, сол аяқ,
Жаттығу оңай - ақ!
Кірпінің тапсырмасы:
«Себетке саңырауқұлақ жинау» ойыны:
Балалар біртіндеп тақтаға шығады. мен тапсырмалар жасырылған, сол тапсырмаларды дұрыс орындап себетке саңырауқұлақ жинайды.
Текшелерге кеспе әріптермен тас, ас, са - на сөздеріне буын құрастыру.

Дәптермен жұмыс:
Балалар әліппе дәптеріміздегі суретке қарайықшы. Суреттегі С дыбысынан басталған сөздерді атап, оған сөйлем ойлап табайық.

Мысалы: Сандық сыртындағы ою өте әдемі. т. б.
«С» дыбысын жаздыру.
Сабақты бекіту:
Сақинаны салғызды,
Сарымсақты сәбізді.
Бастап тұрған қай әріп?-
Сапсыз орақ тәрізді. / С/
Балалар бүгін біз сендермен қандай дыбыспен таныстық? Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау. .....


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мектепалды С дыбысы және әрпі дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабакша сабак жоспары, мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайындык сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, мектепалды дайындық жылдық жоспар, С дыбысы және әрпі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]