Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ғ дыбысы және әрпі

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ғ дыбысы және әрпі

Мақсаты: Ғ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту. Балалардың ғ дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару, сөздік қорына мән беріп, байланыстыра сөйлеуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Көрнекі құралдар: кеспе әріптер мен буындар, жұлдыз, зымыран мен ғаламшарлардың суреттері, дидактикалық материалдар.

Жылулық шеңбері.
- Балалар, қане, бәріміз Жермен, Күнмен, достарымызбен амандасайықшы.
Амансың ба, алтын Күн!
Амансың ба, Жер ана!
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам!
Әңгімелесу.
- Аспанда нелер болады, балалар?
- Дұрыс айтасыңдар, ал зымыран бізге не үшін қажет? Зымыранмен кімдер ұшады? Зымырандар ұшатын орынды не деп атаймыз?
- Қазақстаннан алғаш ғарышқа ұшқан ғарышкерлер – Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев. Олар ғарышқа ұшып, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл кісілер біздің еліміздің мақтаныштары. Олар - ержүрек, батыр, халық қаһармандары. Осы кісілер сияқты батыл, ержүрек болу үшін, білімді, тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек.
- Сендер де ғарышқа ұшқыларың келе ме?
- Олай болса, біздер бүгінгі сабақта Тоқтар ағамен бірге ғарыш әлеміне саяхатқа шығып, қызықты тапсырмалар орындаймыз, яғни ғарышкерлер боламыз. Ғарышқа бару үшін, «Жұлдызды қалашықта» даярлықтан өтуіміз керек. Ол үшін бізге «Жұлдызды қалашық» мынадай тапсырма даярлаған екен. Тапсырма аты: «Жұмбақты дұрыс шеш».
Жұмбақ жасыру: Көп әріп ішінде,-
Шалғы пішінде.
Тап, мұны түсін де. (Ғ әрпі).
Ғ дыбысын айтқызу (әріп таңбасымен таныстыру). Кеспе әріптен ғ - ның бас әрпі мен кіші әрпі көрсетіледі.
- Ғ дыбысы қандай дыбыс екен?
- Неліктен дауыссыз?
- Қандай текшемен белгілейміз? (Ғ әрпін көк үйге апарып орналастыру).
- Дұрыс айтасыңдар, қане ендеше,"Сиқырлы кітапқа" назар аударалық.
- Өте жақсы, ғарышкерлер, сендер берілген тапсырманы жақсы
орындадыңдар. Енді дайындалыңдар, ғарыш әлеміне ұшуға рұқсат берілді. 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1. Кеттік! (музыка ойналады).
- Ғарышқа да келдік. Біздің алдымызда аспан әлемі және ғаламшарлар.
Ғаламшарлардың біздерге даярлаған құпия тапсырмалары бар.
І - тапсырма. Суретке қарай отырып, торғай, ғарыш, қарға сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
Торғай, ғарыш, қарға сөздеріндегі ғ дыбысының орнын түсіндіру.
ІІ - тапсырма. Өткен дыбыстармен ғ дыбысын қатыстырып буын, сөздерді оқу.
ғ - а ға ға ға ға ға ға
а - ға аға аға аға аға аға
а - та а - та а - на а - ға а - па нан

Сергіту сәті: Аспан, аспан, арайлым,
Саған жиі қараймын.
Сені көзбен шоламын,
Мен ғарышкер боламын.
ІІІ - тапсырма. Дидактикалық ойын: «Естелік».
- Балалар, аспандағы жұлдыздар қандай тамаша! Жарқырап тұр. Сендерге ұнай ма?
- Олай болса, өзімізге естелік ретінде ғаламшардан жұлдыздар алып кетейік, достарымызға көрсетеміз. Ол үшін мына сұрақтарға жауап беріңдер:
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
- Дауыссыз дыбысты ше?
- А дыбысы қандай дыбыс?
- Ана сөзін буынға бөліңдер.
- Н дыбысына сөз құрастырыңдар.
- Өте жақсы, сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер. Жұлдыздарымызды қалталарымызға салып алайық.
ІV - тапсырма. Тіл ұстарту жаттығуы: Ға - ға - ға
Атқа тақты таға.
V - тапсырма. Ғ әрпін жазу.
- Ғ әрпін ауада барлығымыз жазып көрелік.
- Дәл ауада жазғандай, қазір дәптерден үлгіге қарап үзік сызықтарды қосып,
ғ әрпін жазамыз.
а) Дәптерден үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып, ғ әрпін жазу

ә) Сурет бойынша сөйлем құрастыртып, ғ дыбысына байланысты сөздерге талдау жастау. «Артығын тауып қорша» тапсырмасын орындау.
VІ - тапсырма. Өткен дыбыстар бойынша буын құрастыру: та, па, на, ға.
- Барлық тапсырманы жақсы орындадық, енді мектебімізге қайтуға жиналайық. Қане бәріміз бірге санайық: 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1. Кеттік.
- Балалар, сендердің білімдеріңнің арқасында, бүгінгі ғарышқа сапарымыз сәтті аяқталды. Сендерге көп - көп рахмет.
Оқу - іс әрекетін қорытындылау.
- Балалар, бүгін біз қайда саяхатқа шықтық?
- Қандай дыбыспен таныстық?
- Ғ дыбысы қандай дыбыс екен?
- Ғ дыбысына сөз ойлаңдар.
Балаларды мадақтау .....


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мектепалды Ғ дыбысы және әрпі дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабакша сабак жоспары, мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайындык сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, мектепалды дайындық жылдық жоспар, Ғ дыбысы және әрпі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]