Мектепалды дайындық сабақ жоспары: К дыбысы мен әрпі

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: К дыбысы мен әрпі

Білімділігі: Балаларға К дыбысы мен әрпін таныстыру. Сөздерді буынға бөлуге және буындарды оқи білуге үйрету.
Дамытушылығы: Балалардың білімге деген қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелілігі: Ойын еркін айтуға дағдыландыру. Шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, суретпен жұмыс, топтастыру стратегиясы.
Көрнекілігі: кесенің, күшіктің, кенгурудің, бүркіттің суреті.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Қызығушылығын ояту. Амандасу. Шаттық шеңберіне тұру.
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік!
Қане, балалар, көңіл - күйлерің қалай? Олай болса жақсы көңіл - күймен
сабағымызды бастайық. Қазір сауат ашу сабағы.
- Біз сауат ашу сабағынан нелермен таныстық?
- Әріп дегеніміз не?

- Дыбыс дегеніміз не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дидактикалық ойын. «Қандай дыбыс?»
Жаңа сабақ.
- Бүгін біз тағы бір жаңа әріп өтеміз, ол үшін бізге мына бір жұмбақты
шешу керек.

Жұмбақ. Үлкен алтын табақтан,
Әлемге нұр таратқан. (Күн)
Балалар, ұйқыдан оянғанда, даладан нені көресіңдер?
- Күнді, күннің нұрын көреміз.
- Күннің нұрын көргенде қалай қуанасыңдар?
- Алақай! – деп қуанамыз.
- Далаға шыққанда жоғарыдан нені көреміз?
- Аспанды, бұлтты, күнді көреміз.
- Күн бізге несін береді?
- Жылуын береді.
«Күн» деген сөздің басында қандай дыбыс естіліп тұр?
- К дыбысы.
- Ендеше бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы осы К дыбысы мен әрпі.
Балалардың назарын тақтадағы кесенің суретіне аудару.
«Кесе» сөзіне дыбыстық талдау жасау. Текшелермен белгілету. Кеспе әріптермен жазу. Тақтаға күшіктің, кенгурудің, бүркіттің суретін ілу, дыбыстық талдау жасау.
Күшік - иттің баласы.
Кенгуру - Австралияда мекендейді. Оның салмағы 90 кг, құйрығының ұзындығы 1 м. Оның алдында қалтасы болады, оған баласын 68 ай сақтап өсіреді.
Ал, баласының салмағы 5, 5 гр. болады. Шөппен қоректенеді. «Қызыл кітапқа» енген. Алдыңғы аяғымен қорегін тауып жейді.

Бүркіт - таудың ең биік шығында өмір сүреді. Түлкі, қоян сияқты аңдарды аңдып тұрып, өзінің әдіс - тәсілдері арқылы ұстап, жемтігін тауып жейді.
Ол қырағылықты, бірлікті білдіреді.

«Топтастыру» стратегиясы.
«К» әрпіне суретті топтастыру.
К әрпінің жанына к әрпінен басталатын суреттерді топтастыру.

«Дыбысты тап» ойыны.
Мен дыбыстарды әндетіп айтамын, сендер К дыбысын естіген кезде қолдарыңды шапалақтаңдар.
(Дыбысты тыңдату). А - А - А - Т - Т - Т - Ғ - Ғ - Ғ - К - К - К - О - О - О

Әліппе дәптермен жұмыс.
Буындарды, сөздерді оқу.
Дәптерге жазу. К дыбысын ауада жазу.

Сергіту сәті. Жаздық, жаздық...
Жаңылтпаш жаттау. Тіл ұстарту жаттығуы.
Дидактикалық ойын. «Шашылған әріптер».
Сабақты қорытындылау. .....


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мектепалды К дыбысы мен әрпі дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабакша сабак жоспары, мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайындык сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, мектепалды дайындық жылдық жоспар, К дыбысы мен әрпі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]