Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Қоянның құлағы неге ұзын

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Қоянның құлағы неге ұзын

Тақырыбы: «Қоянның құлағы неге ұзын?» ертегісі
Мақсаты: Ертегіге деген қызығушылығын арттыру, ертегі кейіпкерлерін таныстыра отырып, сахналық қойылым арқылы балаларды ынталандыру. Әсемдікке, имандылыққа, адамгершілікке
тәрбиелеу, ортаға бейімдеу, ұжымдыққа енгізу, ұялшақтықты жою, эстетикалық талғамын арттыру.
Керекті құралдар: кейіпкерлер костюмдері, қоянның үйі, дастархан, әуендер, қасқыр, аю, түлкі, тиін, кірпі, бұқа сыйлықтары.

Жүру барысы: Балалар шеңберге тұрып, ертегілер әуеніне би билейді.
Слайд арқылы таныс ертегілерді естеріне түсіреді, кейіпкерлерін атайды.
(алдар көсе, түлкі мен тырна, жеті лақ, жыл басына таласқан хайуанаттар, үйшік, түлкі мен қоян. т.б.)

Дидактикалық ойын: «Қай ертегі?»
Мақсаты: таныс ертегі әуендерін ажырату, ертегілерді айта білу.
- Олай болса, балалар «Қоянның құлағы неге ұзын?»ертегісін тамашалаңдар.
Рөльдерде:
Автор - Томирис.
Қоян - Диана.
Түлкі - Әдемі.
Қасқыр - Амандық.
Аю - Аманат.
Кірпі - Сания.
Тиіндер - Аміржан, Аділхан.
Маймылдар - Камила, Акжан.
Бұқа - Ерасыл.

Ертегі: «Қоянның құлағы неге ұзын?»
Автор: Ерте, ерте, ертеде орман патшалығында бір әдемі аппақ қоян өмір сүріпті. Ол өзінің достарын туған күніне шақырмақ болады. Ол үй ішін түрлі ағаш жапырақтары мен әдемі хош иісті гүлдер мен безендіріпті.
Қоян:- Мына жапырақтар мен гүлдердің иісін ай, тамаша!- деп айналып билеп жүреді.
Автор: - Үнемі іш бауырына кіретін түлкі, сөзге шорқақ болса да салмақты қасқыр, аздап сөйлейтін аю және тағы басқада аңдардың келетін уақыты да болып қалды, деп әндетіп дастархан үстін безендіріп жүреді.
Сәлден соң есік сықыры естіледі.
Түлкі:- Ақ қоян, ақ қоян туған күнің құтты болсын! Мына сыйлығымды қабыл ал, - деп бөлме гүлін сыйға тартады.
Қоян:- Рахмет, рахмет, түлкі досым, төрлет дастарханға отыр, - деп дастарханға жайғастырады.
Түлкі:- үйің қандай жылы, әдемі безендірілген, мына гүлдерді өзің өсірдің бе?
Қоян:- ия, ия, гүлдерді мен күні бойы балаша баптап өсірем, уақытымен суарам, түптерін қопсытамын, топырақтарын ауыстырам. Гүл өсіру құпиясын білемін, - деп мақтана бастайды.
Сәлден соң есік соғылып қасқыр келеді.
Қасқыр:- Аппақ қоян туған күнің құтты болсын! Әрқашан бетіңнен күлкі кетпесін! Мына сыйлықты қабыл ал, - деп бір шоқ гүл ұсынады.
Қоян:- Рахмет, рахмет - деп қуанып билеп жүріп, гүлдерді құмыраға орналастырады.
Отырып барлығы шай ішеді.
Есік соғып, тиіндер келеді.
Тиіндер:- көрші қоян досым, туған күнің құтты болсын! .....


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мектепалды Қоянның құлағы неге ұзын дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабакша сабак жоспары, мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайындык сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, мектепалды дайындық жылдық жоспар, Қоянның құлағы неге ұзын

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]